г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитовтың мүгедектігі бар адамдармен кездесуі өтті

3-желтоқсан Халықаралық мүгедектігі бар тұлғалар күні. Халықаралық мүгедектер күні елімізде 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Ерекше жандарға, оның ішінде жастарға еш кедергісіз жағдай жасау, оларды жұмысқа орналастыруға көмектесу және белсенді өмір сүруіне ықпал жасау, жан жақты қолдау көрсету – бұл біздің қоғам алдындағы парызымыз. Қаншама жанның жүрегіне жылу ұялап, өмірге деген құштарлығы оянып, сөнген үміттері қайта жанып жатса, мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.

Осылайша, 2022 жылдың 9 желтоқсан күні ауданымыздың кітапхана қабырғаларында Жарқайың ауданының әкімі Ж. Хамитовтың мүгедектігі бар адамдармен кездесуі өтті. Кездесуге аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, мүгедектігі бар тұлғалар, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысқан еді.

Аудан әкімі қатысушыларды Халықаралық мүгедектігі бар адамадардың күнімен құттықтап мирімді, шынайы, ашық азамат болып қала беруді, керемет көңіл күй, әр күн сәтті және қызықты өтуді тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімі ауданда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту, инклюзивті білім беруді енгізу, кедергісіз орта құру жөніндегі Ұлттық жоспарды іске асыру барысы туралы айтып өтті.

Сонымен қатар, Ж. Хамитов бірқатар алғыс хаттарды табыс етті. Олар, осы салада белсенділігімен және сүбелі жетістіктерімен көзге түскен азаматтар: Қабдусалам Қылышбайұлы Базарбаев – Жарқайың ауданының параолимпиядалық командасының құрметті капитаны, 20 жыл көлемінде мүгедектігі бар тұлғаларды интеграциялауда қоғамдық белсенділік танытуда; Абденбек Бегалиев – спорт ардагері, аудандық және облыстық жарыстардың жүлдегері, жастарға үлгі боларлықтай азамат; Ләззат Оразқызы Жанайдарова – Жарқайың ауданы бойынша қазақ зағиптар қоғамының төрайымы; Талғат Тұрсынұлы Омашов – Ақпан Үкібай атындағы орта мектебінің мұғалімі, Ақмола облысының тоғызқұмалақтан үшдүркін чемпионы.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-ң басшысы Азамат Беріктасұлы Баймулдинов, Мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі әкімнің кеңесшісі Әділет Ғабдоллаұлы Нұрбеков, №7 түзету кабинетінің басшысы Сәуле Әлімханқызы Саденова, Жарқайың ауданы бойынша қазақ зағиптар қоғамының төрайымы Ләззат Оразқызы Жанайдарова, «Доброе сердце» қорының басшысы Вера Калиевна Сидорина сөз сөйледі. Кездесу шағын концертпен аяқталды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…