Құрметті жарқайыңдықтар! Құрметті қаржыгерлер
Сіздерді Ұлттық валюта – теңгенің 29 жылдығымен және кәсіби мереке – қаржы қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық валютаның енгізілуі республикамыздың тәуелсіздігінің қалыптасуындағы бетбұрыс кезеңі, еліміздің экономикалық және саяси өміріне орасан зор үлес болды. Бұл дербес ақша-кредит саясатын жүргізуге, тиімді қолма-қол ақша айналымын жолға қоюға, жалақыны, зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуге мүмкіндік берді. Аудан экономикасында қаржы институттары оның тіршілік ету механизмінің негізгі буыны бола отырып, маңызды орын алады. Жақсы несиелік-қаржылық жүйе – бұл мемлекеттің өзін-өзі қамтамасыз етуінің басты белгісі, осы себепті аудан қаржыгерлері бұл жүйені жетілдіруге атсалысуда.
Біздің ауданның тиімді дамуы мен қоғамдағы тұрақтылық аудан қаржыгерлерінің кәсібилігіне, тәжірибесіне, талпынысы мен еңбекқорлығына байланысты.
Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!
Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.