«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде сағат 16.00-де Қазақстанның барлық қалаларында - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қараганды, Өскемен, Петропавл, Орал, Қызылорда, Көкшетау, Ақтобе, Атырау, Ақтау, Тараз, Қостана, Павлодар, Балхаш, Семей, Қонаев қалаларында, сонымен қатар, Державин қаласының Мәдениет үйінде "Халық заңгері" республикалық әлеуметтік акциясы аясында, азаматтарды қабылдау өткізілді.
Акцияға қатысушылар арасында Жарқайың ауданы әкімдігінің ұйым басшылары, полиция бөлімі бастығының орынбасары, көші-қон полиция қызметінің инспеткоры мен прокуратура өкілдері қатысты.
Бұл акцияның өту барысында Жарқайың ауданының тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық саласы, халықты жұмыспен қамту, жер мәселелері, көші-қон, келе жатқан қыс мезгіліне орай қала қазандықтарының дайындығы туралы және т.б. сұрақтары бойынша жүгініп өзіне қажетті сұрақтар қойып қатысушылардан тиісті жауап алды. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының сұрақтарына тиісті кеңестер мен ұсыныстар берілді.
Ұйымдастырушылар болып ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі, ZAN.KZ желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесі шықты.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.