г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Суббота, 08 января 2022 06:21

ТЖ

Суббота, 08 января 2022 06:20

ЧП

Понедельник, 03 января 2022 11:43

«Пиротехника» ЖАІШ

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында, ТЖД Азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 2022 жылғы 03 қаңтарға дейінгі кезеңде Жарқайың ауданының полиция бөлімі «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін сақтауына тексеру жүргізіледі, себебі сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сатуға, сондай-ақ ҚР ІІМ 2015 жылғы 8 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарынсыз сатуға тыйым салынады. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданатынын ескертеміз.

                                             Жарқайың ауданы ПБ АжҚҚАБТ

Қазақстан Республикасының  2021 жылғы 02 желтоқсандағы «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;

-жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік

көрсеткіш (АЕК)– 3 063 теңге;

- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс

минимумының (КМ) шамасы – 36 018 теңге;

 -жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге болып анықталған.

 

                                                                                     (теңге)

 

 2021 г. мөлшері

2022 г. мөлшері

зейнетақының ең төмен мөлшерi

43 272

46 302

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері

18 524

19 450

айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

2 917

3 063

күнкөріс минимумының шамасы(КМ)

34 302

36 018

жалақының ең төмен мөлшерi

42 500

60 000

 

         2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.

                2022 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін  ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауға тиіс(140 898теңге).

                Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, 1-ші топтағы мүгедеккекүтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежеліАналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Барлық сұрақтар бойынша  әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).

«Азаматтарға арналған үкімет»МК»  КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының әлеуметтік төлемдерді  мониторингілеу басқармасы.

Понедельник, 03 января 2022 11:39

Тұрмыстық газдын қауіпсіздік ережелері

Жарқайың ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

- тұрмыстық газбен абай болыңыздар, газ құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша барлық талаптарды орындаыңыздар. Газ құралдарын пайдалану кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мамандар келесі ережелер мен ұсынымдарды сақтауға кеңес береді:

- газ баллондары мен газ жабдықтарын тек осы өнімді сатуға сертификаттары бар мамандандырылған ұйымдарда ғана сатып алған жөн. Жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қауіпсіз пайдалану және оларды тиісті жағдайда ұстау үшін олардың иелері жауапты. Газ құралдарын, соның ішінде газ баллондарын бөтен адамдардан ешқашан сатып алмаңыз;

- мамандардың жыл сайынғы газ жабдығын тексеруі міндетті;

- пеште газ кранын ашпас бұрын, жанып жатқан сіріңкені жанарғыға апарыңыз.

Есіңізде болсын, газ ауамен бірге жарылу өрт қауіпті!

Қоспаның тұтану көздері: ашық от (сіріңке, темекі және т.б.), электр құралдарын қосу және сөндіру кезінде пайда болған электр ұшқын болуы мүмкін. Улануды болдырмау үшін тұтандыру алдында тартқышты тексеру, газ құралдарын қосқаннан кейін бірден және олардың жұмыс барысында желдету каналдарының жарамдылығын қадағалау, үй-жайды, әсіресе ұйықтар алдында үнемі желдетіп отыру қажет.

Тұрмыстық газ құралдарына арналған газ баллондарын (жұмыс және қосалқы) ғимараттан тыс саңырау простенка жанында ғимаратқа кіретін есіктерден 5 м жақын емес қашықтықта, жанбайтын материалдардан жасалған шкафтарда, оларға балалар мен бөгде адамдардың кіруін болдырмау үшін құлыпқа жабылуға және желдетуге арналған жалюзи болуға тиіс.

Тұрмыста газды пайдалану кезінде тыйым салынады:

- арқандарды газ құбырларына байлау (бұранда қосылыстарының тығыздығы бұзылады, газдың шығуы және соның салдарынан жарылыс болуы мүмкін);

- күйдірілген плитаның үстінде іш киімді кептіру;

- газ құралдарын, баллондарды өз бетімен қайта қалпына келтіру және жөндеу;

- жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдыру;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды және оларды қауіпсіз пайдалану ережелерін білмейтін адамдарды газ аспаптарын пайдалануға жіберу;

- газдың ағып кетуін анықтау үшін ашық отты қолдану (ол үшін тек сабын эмульсиясы қолданылады));

- тығыздағыш сақинасыз немесе төсемсіз қысым реттегішін орнату;

-резеңке-маталы жеңдерді (шлангты) бүгіп, бұрауға, жеңнің сыртқы қабатының зақымдалуына жол беруге (ойықтар, жарықтар, сынықтар), өйткені бұл жерлерде газдың шығуы пайда болады;

- Жиһаз және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды тұрмыстық газ аспаптарынан 0,2 метрден кем қашықтықта көлденең және 0,7 метрден кем қашықтықта тігінен орнатуға (көрсетілген заттар мен материалдар тұрмыстық газ аспаптарының үстіне ілінгенде););

- ұйықтауға және демалуға арналған газ аспаптары орнатылған үй-жайларды пайдалану;

- ғимаратты жылыту үшін газ және газ плиталарын пайдалану;

- газ арматурасының бөлшектерін ұшқын шығаратын құралдың көмегімен қосу;

- үйде қосалқы баллондарды сақтау.

Газ жабдығы бұзылған жағдайда немесе газ иісі кезінде аспапты пайдалануды дереу тоқтату, плитадағы крандарды және баллондағы вентильдерді немесе редуктордағы жалаушаларды жабу, авариялық қызметті бойынша үй-жайды мұқият желдету керек. Осы уақытта ашық отты пайдаланбаңыз, электр құралдарын және электр жарығын қоспаңыз және сөндірмеңіз.

Жарқайын ауданының ТҮК, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің бас маманы Б.Д. Кушеков.

Понедельник, 03 января 2022 11:36

Мемлекеттік тіл және Тәуелсіздік

Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.

Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.

«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмайды.

Қазақ тілінің мәртебесін жүзеге асыруға елеулі ықпал еткен фактор оның мемлекеттік мәртебесінің Қазақстан Республикасының 1993 жылғы қаңтарда қабылданған Негізгі Заңы – Конституциясында нақтылануы болды. Онда «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп танылды . Бұл бап Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған 1995 жылғы Конституциясында да қайталанды. Тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдары алда тұрған басты міндеттердің бірі мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамды бөлігі болатындай деңгейге көтеру қажет болды. Сондай-ақ мемлекеттік тілге ресми қолдау көрсетумен қатар, оған бүкіл қоғам тарапынан қамқорлық жасау мәселесі де алға тартылды.
Осындай мақсаттарды көздейтін ҚР Президентінің 1996 жылғы  4 қарашадағы № 3186 Өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасында» Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тілдік дамудың басым бағыттары мен тілдердің қызмет ету тетіктері айқындалып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін дамытуға жағдай туғызу жөніндегі мемлекеттік міндеттер белгіленді, мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау тетіктері атап көрсетілді. Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттік қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілеп берген, республикада қолданылатын барлық тілдерге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ететін егемен еліміздің тіл мәселесіндегі тұңғыш заңы – «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның 4-бабында қазақ тілінің конституциялық құқығы заңнамалық тұрғыда нақты көрініс тапты.

Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп отырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асырудың жаңаша тетіктерін табудағы нақты іс-әрекеттерімізді белгілеп алудың тағы бір кезекті қадамын жасау болып табылады.

Тассуат ауылының әкімдігі

Понедельник, 03 января 2022 11:35

Қаламыздың бас шыршасы жағылды

22 желтоқсан күні ауданымыздың орталық алаңында қаламыздың бас шыршасын жағу рәсімі өткізілді. Оған аудан әкімі Жанболат Хамитов арнайы қатысты. Қазір түрлі ойыншықтар мен жарықтарға оранған жасыл шырша орталық алаңға көрік беріп тұр.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелермен дербес бөлімдердің басшылары және аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шырша жағу рәсімінде аудан әкімі Жанболат Хамитов жиналаған жұртшылықпен, бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтады.

Шара барысында Жаңа жылдың айырылмас кейіпкерлеріне айналған Аяз ата мен Ақшақар да болды. Олар шыршаны жағып, көруші қауыммен шыршаны айнала би билеп, ән шырқады. Ал тұрғындар болса, сәулетті нысандардың жанында ертегі кейіпкерлерімен суретке түсті. Орталық алаңда бас шыршадан бөлек, мұздан жасалған 12 жыл иесі, сырғанақтар, темірден жасалған бұғы орнатылған. Алдағы уақытта мұның бәрі тұрғындардың игілігіне, отбасыларымен серуендеуіне қызмет ететін болады. Меркенің жақындауымен орталық алаң қайта тірілгендей. Себебі түрлі түсті жарықтармен безендірілген саябақ, жан-жануарлардың мүсіндері адамға керемет көңіл күй сыйлайды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов

Бокс-байланыс спорт түрі. Біздің ауданда бұл спорт түрі тамыр жайған жоқ. 70-95 жылдардың ортасында Державин оқушылары бокспен белсенді айналысты, бокс секциясы БЖСМ-де болды. Бапкердің көшуіне байланысты секция да жабылды. Алайда биыл ол қайта жанданып, Жас боксшылар аймақтық жарыстарға қатысып жүлденің дәмін татты.

Осы жылдың сәуір айынан бастап Еділ Әділбеков балаларды БЖСМ-де жаттықтырады. Спорт зал тиісті спорттық құрал-жабдықтармен жасақталмаса да, Бапкер  жігіттерді қызықтырып, бокстың қыр сырын үйретіп, ерлікке, батылдыққа бейімдеп жүр. Ал таяуда теле - және радио станция басшысы Еркен Сыздықовтың қолынан бокс алмұрттары, қолғаптар және басқа да керек - жарақтар алынды. Еркен Ғалым ұлы да өз уақытында бокспен айналысып, талай шындарды бағындырған, спорт сүйер азамат. Қазір бокс секциясында 20-дан астам бала жаттығады. Жаттықтырушының сөзінше балалар сабаққа мұқият қарайды. Жігіттер рингсіз өзін боксшы  ретінде толық сезіне алмайды, өйткені бұл практикалық сабақтардың басты алаңы, өйткені шектеулі кеңістік спортшыға тез жүруге, қарсыластың әлсіз жерлерін анықтауға, кету мен шабуылдың шегі туралы түсінік алуға көмектеседі. 

-Біздің ауданымызда бокс үйірмесі ашылды. 2020 жылы облыс әкімінің ауданымызға жасаған іс сапары барысында, осы жұмыс тапсырылған болатын. Сосын біз балаларды жинап, спорт шеберін, өз бапкерімізді шақыртып, үйірмені бастап кеттік. Сәуір айынан бастап екі жарыс өткізілді. Ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктеріміз бар.  Бұл әрине, жаттықтырушының еңбегі. Осындай аз уақытта жеңіс тұғырынан көріну оңай емес - дейді Айгүл Әлжанова, БЖСМ директоры.

Жақында ғана Есіл қаласында Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан аймақтық жарыс өтті. Жарысқа Есіл, Атбасар және Жарқайың ауданының жас былғары қолғапшылары қатысты. Шаршы алаңда аудан спортшылары бокстанда кенде емес екенін анық байқатты. Себебі бар жоғы жарты жылдық дайындықтан кейін 36 кг  салмақ дәрежесінде Мақсат Сәбит, 32 келі салмақ дәрежесінде  Нурислам Сұлтанхамит, 52 келі салмақта Мәди Ғалым,  58 келіде Ярослав Овчаренко алғашқы алтындарын алды. Ал,  40 келіде Азамат Истлеевпен 34 келіде Ыбырай Көпей 2 орынды қанжығасына байлады. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш.

Балалардың талпынысымен бапкердің дұрыс тактикасы әлі де талай қолғап түйістіру жарыстарында топ жаруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Енді осы екпін алып келе жатқан спорт түрін әрі қарай ел болып дамытып әкетсек, ауданымыздан Әлемді бағындыратын боксшылар шығатынынан шүбәміз жоқ. Оған биыл Белградта әлем чемпионы атанған Теміртас Жүсіпов дәлел.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы Т.Саухимов

Жарқайың ауданы әкімнің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы- С.Т.Нұрғазиннің басшылығымен Ономастика мен тіл саясаты жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жиынға аудан маслихатының хатшысы Асылхан Әлжанов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймолда, бөлім бас маманы Назира Шпанова, кітапхана директоры Людмила Соболевская, аудандық соттың бас маманы Әлия Әубәкірова қатысты. Аталған іс-шарада Жарқайың ауданында 2021 жылғы ономастикаға  қатысты атқарылған жұмыстары, Жарқайың ауданының ономастика саласындағы Жол картасының мәселелері мен ономастика саласындағы 2022 жылға арналған жоспарланған жұмыстары туралы, жергілікті тұрғындардан түскен өтініштерді қарастыру мәселелері қаралды. 

Отырыс қорытындысы бойынша мораторий алынғаннан кейін, 2022 жылда ономастика жұмыстарын бастау, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне осы мәселені қатаң қолға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне ауыл әкімдерімен консультациялық жұмыс жүргізу, жеке бақылауға алу, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне  тұрғындардың өтініштерін заңдылықпен қарастыру, қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне ономастика саласындағы жол картасындағы көрсеткіштерді орындау,  БАҚ өкілдеріне өздерінің құзыреті шегінде ономастика бойынша үгіт-насихаттық немесе  ақпараттық жұмыстарды жүргізу,  Аудандық кітапханалардың қызметкерлері мен жергілікті өлкетанушылар, тарих пәндерінің мұғалімдеріне  ауданымыздың аумағындағы ауылдардың бұрыңғы тарихи атауларын қайтару бағытында жұмыс жүргізу  шешімдері қабылданды.

Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

Страница 141 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…