2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 02 желтоқсандағы «2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:
зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;
-жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік
көрсеткіш (АЕК)– 3 063 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс
минимумының (КМ) шамасы – 36 018 теңге;
-жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге болып анықталған.
(теңге)
|
2021 г. мөлшері |
2022 г. мөлшері |
зейнетақының ең төмен мөлшерi |
43 272 |
46 302 |
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері |
18 524 |
19 450 |
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) |
2 917 |
3 063 |
күнкөріс минимумының шамасы(КМ) |
34 302 |
36 018 |
жалақының ең төмен мөлшерi |
42 500 |
60 000 |
2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.
2022 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауға тиіс(140 898теңге).
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, 1-ші топтағы мүгедеккекүтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.
№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежеліАналық Даңқы» орденімен марапатталған, АЕК мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).
«Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының әлеуметтік төлемдерді мониторингілеу басқармасы.