«Пиротехника» ЖАІШ
Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында, ТЖД Азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп 2021 жылғы 15 желтоқсаннан 2022 жылғы 03 қаңтарға дейінгі кезеңде Жарқайың ауданының полиция бөлімі «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін сақтауына тексеру жүргізіледі, себебі сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды сатуға, сондай-ақ ҚР ІІМ 2015 жылғы 8 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарынсыз сатуға тыйым салынады. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданатынын ескертеміз.
Жарқайың ауданы ПБ АжҚҚАБТ