г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Среда, 15 декабря 2021 09:13

Тәуелсіздік құрдастары

Шайкемелов Марғұлан  Жұмаханұлы

 Қызметі: А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін 

мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Білімі: жоғары, АрқМПИ, 2014-2017жыл

Жұмыс өтілі: 6 жыл 4ай 1күн

Марапаттары:

  1. Облыстық қазақ күресі 3-орын 5-7 сәуір 2019 жыл
  2. Аудандық дойбы жарысы 1-орын наурыз 2017 жыл
  3. Аудандық Президенттік қысқы көп сайыс 1- орын 21 ақпан 2016жыл
  4. Аудандық жеңіл атлетика 3-орын 24 қыркүйек 2016 жыл
  5. Аудандық қазақ күресі 1- орын 1 мамыр 2018,2019 жыл

Оқушылардың  жетістіктері:

1)Қазақ күрестен республикалық олимпиада Дүкенбаев А.3-орын 2018ж

2) Қазақ күрестен облыстық олимпиада Совет А 1-орын 2020ж

3)Қазақ күрестен республикалық олимпиада Совет Н   3- орын 2018 ж

4)Аудандық асық олимпиадасы 1-орын 2019 ж

5)Аудандық тоғызқұмалақ олимпиадасы 1-орын 2017,2018,2019 жылдары

6) Аудандық қазақ күрес олимпиадалары 1-орын 2016,2017,2018,2019 жылдары.

7) Аудандык жеңіл атлетика олимпиадасы 1-орын,2017 жылдары.

8)Аудандық волейбол олимпиадасы 1-орын 2016,2017,2018 жылдары

Абдрахманова Гульбахыт Алмасовна      

Қызметі: Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Білімі: жоғары, АрқМПИ, 2008-2012 жыл

Жұмыс өтілі: 9 жыл

Марапаттары:

  1. Алғыс хат, Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ, 2021ж;
  2. І дәрежелі, мадақтама Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша мұғалімдер арасында өткен аудандық «Мастер-класс» сырттай байқауы, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ,2021ж;
  3. Алғыс хат, 1-7 сынып оқушылары арасында өткізелетін «Зерде» жоба дайындау байқауының аудандық кезеңге дайындағаны үшін, «Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, 2021 ж
  4. Сертификат, Аудандық мастер-класста «Информатика сабағында CLIL әдісін қолдану» тақырыбы бойынша тәжірибе алмасқаны үшін, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, 2021ж;
  5. І орын Грамота «Үздік жас маман – 2021», А.Үкібаев атындағы ЖОББМ, 2021ж
  6. Алғыс хат, Республикалық пәндер олимпиадасында аудандық кезеңге 8-11 сынып оқушыларын дайындағаны үшін, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ , 2021ж
  7. Диплом, ІІ дәрежелі, «Үздік бейнесабақ» облыстық сырттай конкурсы, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті», 2020ж;
  8. Мадақтама: І орын, «Математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің VIII аудандық кезеңінде шығармашылық байқау», Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ, 2020ж;
  9. Грамота, «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін», Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі, 2020ж;
  10. Грамота, ІІ орын, «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін мектепішілік рейтинг», Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі, 2019-2020ж;
  11. Грамота, ІІ орын, «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өткізілген мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы», Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта мектебі, 2020-2021ж;
  12. Сертификат, «Математика, физика және информатика мұғалімдерінің VIII Республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін», Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
  13. Мадақтама, Аудан бойынша ІІ орын, «Информатика пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадасы» КІО.10 Қазақстандық интернет олимпиада, 2020ж.
  14. Диплом, І орын, «Халықаралық Информатика пәнінен ұстаздар арасында қашықтан олимпиада», UST.KZ халықаралық жоба, «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы, 2020ж;
  15. Сертификат, «Ұлағатты ұстаз», «Лидер.kz»халықаралық интеллектуалды білім орталығы, «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік жинағына өз еңбегін жарилағаны үшін», 2020ж;
  16. Диплом, І орын, «ҚР «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген байқау», «Үздік ашық сабақ», 2020ж;
  17. Диплом, ІІ орын, «ҚР «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған қашықтықтан өткізілген байқау», «Үздік сыныптан тыс іс-шара», 2020ж;

Оқушыларының жетістіктері:
1. «Республикалық қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар орталығы ұйымдастырған информатика пәні бойынша Жалпықазақстандық олимпиадасы», Мухамеджанова Жания І орын, Муташев Ернұр І орын, Кенжесейтова Наргиз ІІ орын, Шарипов Абай - мадақтама, Мүбарак Ақбөкен - мадақтама, 2020ж;

  1. Мадақтама, ІІ орын, Мұқамбетқали Абай 5 сынып     1-7 сынып оқушылары арасында өткізелетін «Зерде» жоба дайындау байқауының аудандық кезеңінен,

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, 2021 ж

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Бурабай кентінде қайта жөндеуден кейін ауылдық кітапхананың ашылуы өтті. Мәдениет мекемесіне "Үлгілі ауыл кітапханасы" деген жаңа мәртебе берілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасынан хабарлағандай, бөлмені ағымдағы жөндеуден және жобалаудан кейін кітапханада заманауи жабдықтар мен жиһаздар, жаңа компьютерлік техника пайда болды, кітап қоры айтарлықтай жаңартылды.

Кітапханада 30 орындық оқу залы, мерзімді басылымдар залы, коворкинг-орталық, мәдени-сауық орталығы, "Парасат жолы" орталығы, "Мобильді кітапхана" бұрышы, балалар залы бар.

"Бурабай кентінің модельдік кітапханасы ыңғайлы, жайлы болды, қонақтарға ашық қорлар, электрондық ресурстар, тегін Wi-Fi қызмет көрсетеді, мұның барлығы тұрғындарға өз жанына жақын іс тауып, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді", - деп толықтырды облыстық ведомстводан.

Нысанның ашылу салтанатында Бурабай аудандық мәслихат хатшысы Мәлика Нұрпанова, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Құдайберлі Мырзабек, Бурабай ауданының мәдениет бөлімінің басшысы Дәмеш Қарсыбаева, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен кітапхана ісінің ардагерлері кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жергілікті тұрғындарды тамаша оқиғамен құттықтады.

Айта кетейік, өңірде 331 мемлекеттік кітапхана жұмыс істейді, оның 289 ауылда. Тәуелсіздік жылдары облыста 123 кітапхана ашылды.

Облыс орталығы, Қазақстанның мәдени астанасы – Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақындар айтысына Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың түрлі аймақтарынан 12 айтыскер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара қазақ халқының рухани мұрасын насихаттауға, ақындық импровизацияны дамытуға, ақындардың мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін арттыруға, халықты дәстүрлі фольклорлық шығармашылыққа баулуға бағытталған.

Қатысушылардың шеберлігін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберли Мырзабек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек, ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Алмас Темірбай бағалады.

Ақындық турнир барысында ақындар республиканың егемендік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, достықты, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін жырлады.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1,5 миллион теңге көлеміндегі сертификатты Батыс Қазақстан облысынан келген Мурадым Мирланов жеңіп алды.

Бірінші орын және 1 миллион теңге сомасындағы сертификатты Қырғызстаннан келген Темірбек Матыбаев иеленді.

Екінші орынды Қытай Халық Республикасынан Ерлан Аманқожа мен Нұр-Сұлтан қаласынан Әсем Ережеқызы алды. Оларға 650 мың теңге сомасында сертификаттар берілді.

Үшінші орынды Ақмола облысының өкілдері бөлісті - Көкшетаудан Нұрмахан Жақыпбек және Ерейментау ауданынан Ерлан Дәулет 500 мың теңгенің сертификатын алды.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола жерінде жарқын мәдени іс-шара өтті. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлік пен импровизацияның жоғары деңгейін көрсетті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін және барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», - деді айтыскер Нұрмахан Жақыпбек.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде 1000-нан астам түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік тілді кеңінен насихаттап жүрген Тәуелсіздік құрдастары арасында «Тәуелсіздік барысы» атты облыстық онлайн байқауы болып өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға облыстың аудандары мен қалаларынан 1991 жылы туған жастар, яғни 30 жастағы 13 үміткер қатысты.

Байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жастар арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Конкурс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, жеткен жетістіктері туралы бейнеролик дайындады. Сайыстың соңғы кезеңінде олар болашақтағы мақсат-жоспарларымен бөлісті.

         «Еліміз Тәуелсіздік алған жылы туған ұл-қыздар, бүгінгі күні әр саланың қыр-сырын меңгерген маман иелері екенін түсіндім. Бүгінгі байқауға қатысқан Тәуелсіздік құрдастарының ішінде ақын да бар әнші де бар, мұғалім де, әкім де, полиция қызметкері де бар екен. Үміткерлердің барлығы өнерлі, ал жеткен жетістіктерінің өзі бір төбе. Тәуелсіз елімізде осындай білімді де, талантты жастарды көргенде қуанышымда шек болмайды», - деп  атап өтті қазылар алқасының мүшесі Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы облыстық оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері Жұлдыз Әбілқайырова.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Көкшетау қаласынан Фариза Асылбекова лайықты болса,  ІІ орынды Ерейментау ауданынан Ерлан Дәулетұлы, ІІІ орынды Жақсы ауданынан Құралай Құдайбергенова иеленді. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, өңірде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған 12000-нан астам шаралар өткізілді.

Ежегодно с 2018 года в Казахстане в рамках программы «Рухани жаңғыру» реализуется проект «Жомарт жүрек», направленный на популяризацию благотворительной деятельности, повышение гражданской ответственности и социальной активности населения.

Сегодня в Кокшетау прошло чествование акмолинцев за активное участие в реализации благотворительных и социально-значимых проектов и вклад в социально-экономическое развитие региона, передает управление внутренней политики.

В церемонии награждения принял участие аким области Ермек Маржикпаев.

«Отрадно, что в преддверии знаменательного события для нашей страны –  30-летия Независимости мы чествуем настоящих патриотов своей Родины. Ваш вклад в развитие региона и страны неоценим. От имени всех жителей области благодарю Вас за Ваш труд, за Ваше внимание, заботу и милосердие», - отметил руководитель региона.

В числе награжденных - Ерсаин Жаксылыков, руководитель одного из ведущих предприятий области по производству молочной продукции, стал лучшим по республике в номинации «Жылдың үздік қамқоршысы». Им оказана спонсорская помощь спортивным, ветеранским организациям. Меценат на постоянной основе оказывает поддержку трудовым коллективам, социально уязвимым категориям населения.

Номинации «Жыл меценаты» удостоен Александр Гусев,   директор агрофирмы в Аршалынском районе. Меценат на протяжении нескольких лет оказывает помощь в ремонте социальных объектов, приобретении медицинского оборудования, помогает нуждающимся гражданам. Только в этом году им оказана помощь на сумму свыше десяти миллионов тенге.

Обладателем номинации «Жыл тұлғасы» стала Куралай Джумабекова,  координатор ОФ «Ана үйі», многодетная мать. Ею на постоянной основе оказывается социальная помощь женщинам и их детям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.

В рамках мероприятия также состоялось награждение победителей конкурса среди творческих и научных личностей «Құлагер» по номинациям: «Лучшая проза», «Лучшее поэтическое произведение», «Лучшая публицистическая работа», «Лучший эскиз малой архитектурной формы», «Лучшая научно-исследовательская работа» и «Лучший телесюжет».

К слову, в этот же день ряд акмолинцев были награждены медалью «Халық алғысы», юбилейной медалью «Қазақстан Республикасының

Пандемия басталғаннан бері 50 мыңға жуық ақмолалық коронавируспен ауырды
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып берді. Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері инфекцияның 50 мыңға жуық жағдайы тіркелген, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айнагүл Мусинаның айтуынша, науқастардың санына қарамастан, облыстағы эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды.
"Пандемия басталғаннан бері COVID-19 расталған 48852 жағдай тіркелді, бұл 100 мың тұрғынға шаққанда 6660,83, ересектер арасында – 43217 жағдай (88,4%), 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 5635 (11,5%)", - деп хабарлады Бас санитарлық дәрігер.
47378 адам сауығып, 916 адам емделуді жалғастыруда. Айнагүл Мусина облыс бойынша Covid-19 вакцинациясына барлығы 133 егу пункті жұмылдырылғанын еске салды.
"Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компонентпен (5 вакцина) 319 321 адам егілді, бұл жалпы халықтың 43,4% - ын құрайды. Екінші компонентті алған 290 232 адам егілді, бұл жалпы халықтың 39,5% - ын құрады", - деді Айнагүл Мусина.
Спикер атап өткендей, Comirnaty вакцинасымен 49 жүкті әйел, лактация кезінде 524 әйел және 12-17 жас аралығындағы 1731 жасөспірім вакцинацияланды. Вакцинаға жағымсыз реакциялар тіркелмеген.
"22 қарашада өңірде, бүкіл республика бойынша сияқты, ревакцинация басталды, 3896 адам өз еркімен иммундық жүйені нығайтуға және өздерін қауіпті аурудан қорғауға шешім қабылдады", - деп қорытындылады Мусина.

Облыс орталығы, Қазақстанның мәдени астанасы – Көкшетауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Тұғырым» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Ақындар айтысына Қазақстан, Қырғызстан және Қытайдың түрлі аймақтарынан 12 айтыскер қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара қазақ халқының рухани мұрасын насихаттауға, ақындық импровизацияны дамытуға, ақындардың мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін арттыруға, халықты дәстүрлі фольклорлық шығармашылыққа баулуға бағытталған.

Қатысушылардың шеберлігін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жабал Ерғалиев, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Құдайберли Мырзабек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын-жазушы Ерболат Баятұлы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жамбек, ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Алмас Темірбай бағалады.

Ақындық турнир барысында ақындар республиканың егемендік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, саяси тұрақтылықты, достықты, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін жырлады.

Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде мен 1,5 миллион теңге көлеміндегі сертификатты Батыс Қазақстан облысынан келген Мурадым Мирланов жеңіп алды.

Бірінші орын және 1 миллион теңге сомасындағы сертификатты Қырғызстаннан келген Темірбек Матыбаев иеленді.

Екінші орынды Қытай Халық Республикасынан Ерлан Аманқожа мен Нұр-Сұлтан қаласынан Әсем Ережеқызы алды. Оларға 650 мың теңге сомасында сертификаттар берілді.

Үшінші орынды Ақмола облысының өкілдері бөлісті - Көкшетаудан Нұрмахан Жақыпбек және Ерейментау ауданынан Ерлан Дәулет 500 мың теңгенің сертификатын алды.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола жерінде жарқын мәдени іс-шара өтті. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлік пен импровизацияның жоғары деңгейін көрсетті. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін және барша қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтаймын», - деді айтыскер Нұрмахан Жақыпбек.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде 1000-нан астам түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.

Облыс орталығында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Егемен елдің ұстазы" атты жас педагогтардың форумы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Форум бірыңғай шығармашылық педагогикалық қоғамдастық құру үшін өңірдің жас педагогтерін біріктіруге, жастардың азаматтық және қоғамдық бастамаларын дамытуға, белсенді шығармашылық қызметке тартуға бағытталған,

Іс-шараға түрлі конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спортта, мәдениетте, өнерде, әдебиетте жетістіктері бар жас педагог қызметкерлер, сондай-ақ педагогикалық еңбек ардагерлері мен Тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Форум басталғанға дейін қонақтар мен қатысушылар өңірдің әр түкпірінен келген жас педагогтардың шығармашылық жұмыстарының көрмесімен таныса алды.

Жиналғандарды облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов қарсы алды.

"Сіз белсенді өмірлік ұстанымы бар талантты, жігерлі тұлғаларсыз, балаларымызға сапалы білім мен лайықты тәрбие бересіз. Қысқа педагогикалық жолыңызда Сіз кәсіби байқауларда жеңіске жеттіңіз. Біз сіздердің әрбір жетістіктеріңізге шын жүректен қуанамыз. Сіздердің әрбір жетістіктеріңіз - еліміздің жарқын болашағына жасалған қадам", - деп атап өтті спикер.

Іс-шарада Атбасар қаласының №5 жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Бақтияр Матчанов пен педагогикалық еңбек ардагері Жанат Хасенова сөз сөйледі.

Кәсіби және шығармашылық қызметтегі жоғары нәтижелері үшін педагогтарды білім басқармасының дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі жағымды миссияға айналды.

Соңында барлық қатысушылар форумға арнайы жазылған Ақмола облысының жас педагогтар одағының әнұранын орындады.

Айта кетейік, өңірдің білім беру ұйымдарында 30 жасқа дейінгі 3000-нан астам жас педагог жұмыс істейді.

Страница 145 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…