г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы елеулі күні өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жасқа келген мерейтойы және жаңа астананың құрылғанына 22 жыл толуы атап өтіледі. 1991 жыл­ғы 1 желтоқсанда бірін­ші ұлттық сайлауда Нұр­сұлтан Әбішұлы Назар­баев Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті болып сайланды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығымен Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық ре­фор­маларды жүзеге асыра біл­ді. Қабылданған шаралар ай­қын нәтижелер берді және азамат­тардың әл-ауқатын арттырды.

Өңірде Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 62,4 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында 18 мыңға жуық ақмолалық пәтер мәселесін шешті. Биылғы жылы бағдарлама бойынша өңірде 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр: 5 мыңнан астам ақмолалық ардақты шаршы метрдің бақытты иегерлері атанады.

Құрылыс басқармасының мәліметінше, он айдың қорытындысы бойынша 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3,2 мың ақмолалық отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

"Қараша-желтоқсан айларында екі мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 70 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй", — деп атап өтті облыстық ведомствода.

Өңірде мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Облыстың әлеуметтік осал санаттағы отбасылары үшін 411 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 131 пәтер – көп балалы отбасылар үшін.

Кредиттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Көкшетау, Степногорск, Ерейментау және Макинск қалаларында ауданы 30,3 мың шаршы метр 459 пәтерлік 8 кредиттік үйді пайдалануға беру қалды.

Сонымен қатар, Ақмола облысында "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасы жүзеге асырылады. Оны іске асыру басталғаннан бері 2 235 өтінім қабылданды, қазірдің өзінде 1 625 отбасы өз баспаналарына ие болды.

Айта кетейік, жыл сайын облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – шамамен 5000 пәтер.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында орталық кітапхана жүйесінде (ескі аурухана ғимараты) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Жарқайың ауданы жастар ресурстық орталығының кубогына «Тоғызқұмалақтан» аудандық турнир өткізіледі.

Турнирға кез келген адам қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер турнир өтетін күні қабылданады.

Жарыс сағат 10:00-де басталады.

Барлық сұрақтар бойынша 87052116227 нөміріне хабарласуыңызға болады

Жарқайың ауданының Жастар ресурстық орталығы.

Страница 147 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…