Жарқайың ауданының құрметті тұрғындары мен қонақтары! Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өткен жылдардың талдауына сәйкес, қолайсыз ауа райы кезінде (боран, температураның төмендеуі) Ақмола облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жабылуына қарамастан, тұрғындардың елді мекендерден шығу жағдайлары бар екенін хабарлайды, бұл қар құрсауында қалған адамдарды шұғыл эвакуациялауға алып келеді. Сонымен бірге, жол қозғалысын жабу немесе шектеу кезінде жүріс бөлігін тазарту жұмыстары жол қозғалысы үшін қолайсыз ауа райы жағдайларының әрекеті аяқталғаннан кейін басталады. Алайда тұрғындардың дауылды ескерту туралы хабарламаларын елемеу салдарынан жол қызметтері автокөлік құралын эвакуациялау және алып жүру үшін көру мүмкіндігі шектеулі болған кезде шұғыл түрде жолға шығуға тура келеді,бұл мамандандырылған техника жүргізушілеріне де, сондай-ақ өткелдерде қалған автомашиналардың жүргізушілері мен жолаушыларына да ықтимал қауіп төндіреді. Осыған байланысты, Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі ұсынады: - ауа райының нашарлауы (боран, көктайғақ, ауа температурасының күрт төмендеуі) туралы деректерді алған кезде автокөліктің кез келген түрінде елді мекендерден тыс жерлерге шығудан бас тарту, мүмкіндігінше темір жол көлігінің қызметтерін пайдалану; - елді мекендерден тыс жерлерге шығу алдында автокөліктің кез келген түрінде ауа райы болжамын анықтау (бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет ресурстарда); - елді мекеннен тыс жерлерге шығу кезінде автокөлікте жанар-жағар май, ауыз су, азық-түлік қоры, дәрі-дәрмек қоры, ақша, жылы заттар, трос, күрек, дәнекерлейтін шам, өрт сөндіргіш, зарядталған ұялы телефон болуы қажет (алайда, қолайсыз ауа райы жағдайында ұялы байланыс сапасы айтарлықтай нашарлайды); - егер қолайсыз ауа райы сізді жолда қалып қойған жағдайда жақын елді мекенде тоқтау және ауа райы жақсарғаннан кейін ғана қозғалысты жалғастыру қажет. Әр түрлі ТЖ пайда болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласу қажет. ТЖ туралы хабарланған кезде келесі ақпаратты (диспетчер сұрауға құқылы): тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, ЖСН, жеке куәлігінің нөмірі, сіздің орналасқан жері (шамамен), адамдар саны, автомобиль маркасы, қайдан келе жатқаңызды, қайда бара жатқаныңызды, тұрғылықты мекен-жайыңыз және тіркелген жеріңізді хабарлау қажет. Жарқайың ауданының ТЖБ инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Т.К. Бектасов.