г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды

Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды Ақмола облысында Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды

Өңірде Тәуелсіздік жылдары 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. 62,4 мыңнан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында 18 мыңға жуық ақмолалық пәтер мәселесін шешті. Биылғы жылы бағдарлама бойынша өңірде 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр: 5 мыңнан астам ақмолалық ардақты шаршы метрдің бақытты иегерлері атанады.

Құрылыс басқармасының мәліметінше, он айдың қорытындысы бойынша 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 3,2 мың ақмолалық отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

"Қараша-желтоқсан айларында екі мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 70 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй", — деп атап өтті облыстық ведомствода.

Өңірде мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Облыстың әлеуметтік осал санаттағы отбасылары үшін 411 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 131 пәтер – көп балалы отбасылар үшін.

Кредиттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы Көкшетау, Степногорск, Ерейментау және Макинск қалаларында ауданы 30,3 мың шаршы метр 459 пәтерлік 8 кредиттік үйді пайдалануға беру қалды.

Сонымен қатар, Ақмола облысында "7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" бағдарламасы жүзеге асырылады. Оны іске асыру басталғаннан бері 2 235 өтінім қабылданды, қазірдің өзінде 1 625 отбасы өз баспаналарына ие болды.

Айта кетейік, жыл сайын облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді – шамамен 5000 пәтер.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…