Ақмола облысында алғаш рет мектеп директорлары арасында пікірсайыс турнир өтті
Четверг, 09 декабря 2021 11:25
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өңірде алғаш рет облыстың жалпы орта білім беру ұйымдарының жас басшылары арасында "Тәуелсіздік жолындағы жаңа менеджер" облыстық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
Іс-шара азаматтық ұстанымды қалыптастыру, басшылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, коммуникативтік дағдыларын дамыту, дебаттық, сындарлы пікірталастарды насихаттау, жалпы білім беретін мектеп директорлары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу мақсатында өткізілді.