Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы "Өрт қауіпсіздігі", "Төтенше жағдайларда қорғау", "Авариялық-құтқару ісі" мамандықтары бойынша күндізгі оқуға үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады. Институтқа күндізгі оқуға 25 жастан аспаған, оқу жылының басында 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, тестілеуден сәтті өткен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, бейіндік пән - математика), дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырған. Бойы 170 см төмен емес. Кандидаттың және оның жақын туыстарының соттылығы болмауы тиіс. Оқыту тегін. Оқу процесінде курсанттар киім-кешекпен, тамақпен қамтамасыз етіледі, стипендия алады. Оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі. 1,2,3 курс курсанттары казармалық жағдайда, 4 курс – еркін тұруда. Жұмысқа орналасуға кепілдік берілген. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясына түсу мәселелері бойынша толық ақпарат алу үшін Державин қаласы, Комсомольская көшесі, 29 мекен-жайы бойынша Жарқайың ауданың ТЖ бөліміне немесе Державинск қаласының № 12 өрт сөндіру бөліміне 79-9-42, 9-14-01 телефондар арқылы хабарласуға болады. Жарқайың ауданының ТЖБ және Державинск қаласының № 12 ӨСБ