
zharkain
Мұғалімдер күні қарсаңында волейболдан жарыс өтті
2022 жылғы 22 қыркүйекте А.Үкібаев атындағы орта мектеп базасындағы ДшСК-де мұғалімдер күні мен кәсіподақ қызметкерлері күнін мерекелеуге орай аудан мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Бұл ойындар Білім бөлімімен және білім қызметкерлерінің кәсіподағымен бірлесіп өткізілді. Іс-шараның ашылуында білім бөлімінің бастығы Г.Нұрпейісова және білім қызметкерлері кәсіподағының филиалының төрайымы Р.Сәдуақасова құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Ойындардың басында АББ спорт жөніндегі әдіскері Д.Қабиденов ойындарды өткізу тәртібімен таныстырды. "Үздік ойыншы" номинациясының қорытындысы бойынша Ж.Қадыров (Отрадное а. НМ), "Үздік шабуылшы" – А.Касанов (АББ) және "Үздік қорғаушы" – К.Сеилова (Отрадное а. НМ) танылды. Жүлделі орындар келесідей бөлінді: жарыста 3-ші орынды – Гастелло ауылының ОМ, 2 – орынды Абай ат. ОМ иеленді және 1 – орын Кенское а. НШ. Білім бөлімі және білім қызметкерлері кәсіподағының атынан Г.Нұрпейісова мен Р.Сәдуақасова спортшыларды марапаттап, грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысы
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері және қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Асылхан Әлжановтың басшылығымен құрылған жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің отырысына дайындық барысына байланысты "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы" мәлесімен ауданның "Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ барды. Мекеменің бас маманы Владимир Белых халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі туралы түсіндіріп өтті. Жарқайың ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы Арман Серікұлы Мұқашев бұл мекеменің халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі жыл бойына ескертусіз жасалып жатқаны туралы айтып өтті. Жұмыс тобы ақпараттық стендтердің мазмұнымен, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен танысып шықты.
Сонымен қатар, қоғамдық белсенділердің қойылған сұрақтардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік талаптары және оны іске асыру туралы болды. Бұл сұрақтар бойынша аудан әкімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Адиль Габдолович Нурбеков кейбір жерлерде сәйкессіздіктерді анықтады, мысалы пандустың талаптарға сәйкестігін және шақыру батырмасының жұмыс істейтінін тексерді. Бөлімге осы сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
Ағымдағы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өткізілген онкүндіктің жабылуына арналған салтанатты іс-шара өткізілген еді.
Салтанатты іс-шараның қатысушыларын аудан әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, еңбекте мол табыс, отбасыларына амандық тіледі.
Мерекелік іс-шара барысында аудан әкімі Ж.Хамитов Марокконың Марракеш қаласында мүгедектігі бар тұлғалар арасында жеңіл атлетикадан әлемдік серия кезеңіне қатысып жүлделі күміс және қола медальға ие болған спортшымыз және біздің жерлесіміз Әсем Жаңаділоваға және оның жаттықтырушысы Данияр Бектемісоқа, сонымен қатар, Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкекте гір спортынан өткен Әлем Чемпионатының жеңімпаз ұлдарымыз, үш бірдей жерлесіміз Аманқұл Әбуәліге, Ернұр Дәрменовқа, Қуаныш Нұрғожинге және олардың жаттықтырушысы Салтанат Халибекке ақшалай сертификаттарды табыс еттіп болашақта да жарқын белестерге жетуді тіледі.
Сонымен бірге, Жарқайың ауданының әкімі, Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, онкүндік жоспар аясында өткізілген іс - шаралардың қорытындылары бойынша және мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқаны үшін бір қатар алғыс хаттарын табыс етті және де мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіруде атқарып келе жатқан еселі еңбектері үшін Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасының алғыс хаттары табыс етілді.
Мерекелік іс-шара мәдениет үйінің қызметкерлерінің шағын концетртімен аяқталды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 25 қыркүйекте Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін Далабай сайлау округі бойынша сайлау өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жарқайың ауданының Далабай ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы №490 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын анықтады:
Далабай сайлау округі
Далабай ауылы әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 194 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс бергені 113. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» белгісі бар – 8.
Әр кандидат үшін берілген дауыс саны:
А.К.Арыстанбековке – 0; Жанат Х. – 30; Т.С.Старожиловаға – 0; А.А.Сүлейменовке – 29; С.К.Сұлтановқа– 45.
Далабай ауылының әкімі болып Сұлтанов Серік Кәдешұлы, 1973 жылы туған, Державин қаласының тұрғыны, зейнеткер сайланды, өзін-өзі ұсыну ретімен ұсынылған.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сайланған Жарқайың ауданы Далабай ауылының әкімін тіркеді.
Жарқайың аудандық сайлау комиссиясы.
Ұстаз – ұлағатты есім
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, Сіздерді «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Жарқайың ауданы білім бөлімінің басшысы Г. Нурпеисова.
Құрметті мұғалімдер, педагогикалық еңбектің ардагерлері, білім саласының қызметкерлері!
Сiздердi кәсiби мереке — мұғалiмдер күнiмен шын жүректен құттықтаймын!
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық мәртебелі мамандық десек жалған айтпаған боламыз. Себебі хан да, қарапайым адамда мұғалім мектебінен өтіп, өмірге жолдама алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында ұстаздарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Мектептердің оқу бағдарламасы жаңартылған мазмұнға көше бастады. Оқушылардың білім деңгейін көтеру үшін мұғалімге қойылар талап күшейді. Осының бәрі мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайтынына сенімдімін.
Құрметті ұстаздар!
Алдағы уақытта да отан алдында атқарып отырған жауапты еңбектеріңіз ел көңілінен шығып, қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге сенімділік пен қайсарлық, төзімділік тілеймін. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларыңыздың оқуда озат, өмірде патриот болуына тілектеспін!
Мәртебелеріңіз асқақтап, абыройларыңыз арта берсін! Отбасыларыңызға есендік, телегей табыс, зор денсаулық тілеймін! Еліміздің ертеңі нұрлы, аспаны ашық болсын!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.
Құрметті аудан қариялары! Қадірлі ел қазыналары!
Сіздерді Халықаралық Қарт адамдар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Көргені көп, түйгені мол Сіздердің өмірлік тәжірбиелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін әрдайым орны бөлек екенін айтқым келеді. Себебі әрқайсыларыңыздың өмір соқпақтарыңыз еңбекпен өріліп, бейнетпен боялған.
Зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкендерді құрметтеу-мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Сіздердің экономикалық, қоғамдық, мәдени, рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай туғызылуда. Осы ретте, Жарқайың ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған қарт адамдар, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер мүддесі, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету мәселелері басты назарда ұсталып келеді. Сіздердің барлықтарыңызға біздің есіктеріміз әрқашанда ашық, қажетті қолдау көрсетуге бар мүмкіндігімізді жасаймыз. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне алғысымыз шексіз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік пен ынтымақ, әрқашанда біздердің жаңымызда болуларыңызды тілеймін.
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.
Құрметті әділет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Сіздердің тынымсыз, ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміздегі әрбір азаматтың ұстанымы нығайып, қоғамның жоғары мәдениеті қалыптасты. Әсіресе, құқықтық жүйе құрудың басында тұрған, сол жолда бойларындағы бар білімі мен білігін аянбай жұмсаған, бай тәжірибелерін кейінгі жастарға үйретуден жалықпаған осы саланың ардагерлеріне шынайы алғысымды айтқым келеді.
Әділет саласының қызметкерлері алдағы уақытта да мемлекеттігімізді нығайту және өркендету, заңнамаларды жетілдіру, конституциялық құқықты қорғау мен жүзеге асыру, азаматтардың еркіндігі мен заңды мүдделерін қорғау жолында белсенді еңбек ететіндіктеріне зор сенімдемін.
Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңізге шынайы риза бола отырып, алдағы уақытта мол табыс тілеймін. Әрдайым бойларыңыздағы ерік-жігерлеріңіз, қажыр-қайраттарыңыз мықты болып, өздеріңізге тапсырылған аса жауапты істерде жоғары жетістіктерге жете беріңіздер. Кәсіби мереке күні отбасының амандығын, тау-сылмас күш-қуат, болашаққа деген сенім және денсаулықтарыңыздың мол болуын тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.
Қымбатты ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, ардагерлері!
Сiздердi кәсiби мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаздық ету елдегi ең жауапты мамандықтың бірі!
Себебi, Қазақстанның болашағы сiздердiң қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетiстiкке жететiнi, өмiрде қаншалықты табысты, iскер болатыны тiкелей тәлiмгерге байланысты.
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” дегендей өнегелi ұстаздан жақсы шәкiрт шығады. «Адамның адалдығы- жақсы ұстаздан болады» - деген ұлы Абай бабамыз.
Баланың болашағы, олардың өмірлік жолы ұстаздар сіздерге байланысты.
Білгенін басқаға үйретіп, жақсылыққа жақын болуға шақырып, адамның жүрегіне нұр беретін - ол ұстаз.
Болашақта еліміздің қасиетті, ақылды азаматын, еліне еңбек еткен ер болуға тәрбиелейтін де ұстаз.
Қымбатты ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, мемлекеттің гүлдену жолындағы абыройлы қызметтеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Сіздер еліміздің патриоттарын, дарынды, озат азаматтарды тәрбиелейді деген сенімдемін.
Сiздердi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, денсаулық, iзгi махаббат пен мейiрiм, шыдамдылық пен шығармашылық табыстар тiлеймiн!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Қымбатты ардагерлер! Қадірлі ата-әжелер!
1 қазан күні қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде атап өтіледі. Сондықтан, осынау мерейлі мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер әлемге өрелі биікке ұмтылған іргелі ел ретінде танылған тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға ат салысып, ерен еңбектеріңізбен үлес қоса отырып елдегі салиқалы саясатқа қолдау көрсетіп келесіздер. Аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен кемеңгерлігі әсіресе, жаңа заман жастарының тың бастамалары үшін айрықша маңызға ие.
Сіздер сабырмен, түсіністікпен және сүйіспеншілікпен бізді қайырымдылық жасауға және еңбекқорлыққа, өз отбасына және Отанға адалдыққа, лайықты өмір сүруге, үміттенуді ешқашан жоғалтпауға үйретесіздер. Біз Сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз, біз сіздерден үлгі аламыз, Сіздердің белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымдарыңызға таң қалуға шаршамаймыз.
Еліміздің дамуы мен көркеюуіне Сіздердің қосқан үлестеріңіз ұшан теңіз.
Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.