
zharkain
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Кәсіби одақтары күнімен құттықтаймын!
Қазіргі Кәсіби одақтардың қозғалыстары еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етеді.
Кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен жұмысшылары, қозғалыс белсенділері өздерінің уақыттары мен күш-жүгерін еңбек адамының құқығының сақталуына жұмсап жүрген қайраткерлер. Сіздердің белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңіз, шығармашылық күш-қуаттарыңыз отандастарыңыздың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Біздің еліміздің кәсіподақтары еңбеккерлерге лайықты құрмет көрсетілетін жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға ықпал етуде.
Сіздерге қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктер тілеймін. Кәсіподақтардың әділдік, бірлік және ынтымақтастық қағидаттарына негізделген даңқты дәстүрі беки берсін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.
Штаб «За честные выборы» создан в Казахстане
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - На базе республиканского общественного объединения «Казахстанский союз юристов» создан штаб «За честные выборы», передает корреспондент МИА «Казинформ».
Учреждение Штаба связано с необходимостью информационного, методического и консультационного сопровождения процесса первых выборов в Новом Казахстане, основывающихся на свободных, открытых и честных процедурах, политической конкуренции, соблюдения законности в реализации избирательных технологий.
Основной целью деятельности штаба является выявление рисков дискредитации избирательной кампании, проактивное формирование объективного общественного мнения о ходе проведения избирательного процесса и результатах выборов.
«В нашей стране происходит очень важное событие - избирательный процесс Президента. В этот период мы, Союз юристов Казахстана, решили создать штаб, чтобы организовать работу по разъяснению конституционного закона о выборах Президента. Задача одна - разъяснять положения закона. Мы - общественная организация, имеющая свои мнения и принципы. Наш принцип - открыто донести до наших граждан те положения, которые они должны знать. Мы готовы отвечать на все вопросы граждан по конституционному закону. Союз юристов призывает всех юристов Казахстана активно включиться в работу, разъяснять населению закон о выборах. Наша главная задача - объективные и честные выборы», - сказал в своем обращении председатель Казахстанского союза юристов Серик Акылбай.
В Центральный офис Штаба входят: председатель РОО «Казахстанский союз юристов», кандидат юридических наук, профессор Серик Акылбай; доктор юридических наук, профессор, член союза юристов Ермек Абдрасулов; доктор юридических наук, профессор, член союза юристов Индира Аубакирова; доктор юридических наук, профессор, член союза юристов, почетный юрист Республики Казахстан Марат Башимов; доктор юридических наук, профессор, член союза юристов, первый проректор ЕНУ Л.Н.Гумилева, почетный юрист Еркин Онгарбаев; исполнительный директор «Казахстанский союз юристов» Абдыкарым Акжанов; председатель филиала «Казахстанский союз юристов» по г. Астана, почетный юрист Республики Казахстан Серик Беркамалов.
Серик Акылбай назвал следующие направления своей деятельности Штаба:
- консолидация конструктивно настроенного сообщества юристов и направление его потенциала на участие в общественной дискуссии по теме выборов;
- правовое сопровождение в публичном поле положений конституционной реформы и приоритетов Послания;
- мониторинг хода электоральной кампании и правовая консультация ее участников, а также гражданских активистов, представителей СМИ, международных организаций;
- подготовка методических материалов о процедурах проведения выборов для наблюдателей, членов избирательных комиссии и представителей правоохранительных органов;
- обеспечение юридической поддержки штабов наблюдателей, включая правовую помощь наблюдателям по итогам выборов;
- правовая оценка действий участников электорального процесса и реагирование в информационном поле на факты нарушений законодательства;
- взаимодействие с участниками выборного процесса и представителями гражданского общества. Рассмотрение и комментирование спорных ситуаций, возникающих в ходе кампании;
- оперативное реагирование на провокационные материалы в публичном поле, противодействие незаконным попыткам дискредитации выборов;
- забота со СМИ, блогерами по теме выборов, выступления в рамках информационных программ на телеканалах и каналах YouTube;
- закрепление в общественном мнении объективных оценок результатов выборов и законности процедурных вопросов организации электоральной кампании.
Как отмечают юристы, в ходе проведения выборов очень важно обеспечить открытость и демократичность процесса, и в этом вопросе важную роль и поддержку могут оказать профессиональные юристы, адвокаты, ученые-юристы.
20 ноября в Казахстане состоятся внеочередные выборы Президента Республики Казахстан.
https://www.inform.kz/ru/shtab-za-chestnye-vybory-sozdan-v-kazahstane_a3983740
Президенттікке үміткерлерден лингвистикадан сынақ алатын ғалымдар кім
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын комиссия құрамын бекіту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Орталық сайлау комиссиясының сұранысы бойынша Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері, сонымен қатар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті лингвистикалық комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынды», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ОСК отырысында қаулы жобасын таныстыра келе.
Сонымен, оның дерегінше, комиссия құрамына мына ғалымдар ұсынылды: филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әділ Ахметов, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі , жазушы, абайтанушы Ғарифолла Есім, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі Жанқара Дәдебаев, Назарбаев университеті қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы профессор Гүлтас Құрманбаева, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан Қамзабекұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі интституының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова.
«Барлық кандидаттар қазақ тіл білімі мен әдебиеті саласында танылған әрі танымал ғалымдар. Лингвистикалық комиссия отырыстарының аңдатпалары ОСК-ның сайтында жария етіледі. Комиссия отырыстары ашық түрде өтеді», - деді ол.
Еске салайық, бүгін ҚР ОСК президенттікке кандидаттар лингвистикалық комиссия алдында қандай сынақ тапсыратынын айтқан болатын.
https://www.inform.kz/kz/prezidenttikke-umitkerlerden-lingvistikadan-synak-alatyn-galymdar-kim_a3984476
Центральная избирательная комиссия утвердила правила для голосования инвалидов
АСТАНА. КАЗИНФОРМ – В Центральной избирательной комиссии рассмотрели вопрос доступности участков для голосования для лиц с инвалидностью, передает корреспондент МИА «Казинформ».
Так, по словам члена ЦИК Анастасии Щегорцовой, местным исполнительными органами при входе в здание, где располагаются помещения для голосования, необходимо предусмотреть поручни, пандусы, а также другие необходимые приспособления (допускаются временные).
Помещения для голосования для лиц с инвалидностью должны размещаться на первых этажах или иметь подъемные механизмы для перемещения на другие этажи.
В помещении для голосования необходимо предусмотреть:
- различные тактильные указатели (по возможности);
- кабину для тайного голосования с учетом доступа избирателей с нарушениями функций опорно-двигательного аппарата, в том числе пользующихся креслами-колясками;
- специально оборудованное место (уголок) для лиц с инвалидностью, содержащее компьютер с монитором диагональю не менее 54 см, в котором находится информация о проводимой кампании в адаптивном для лиц с инвалидностью формате, наушники, дополнительное освещение, лупы.
По итогам заседания, ЦИК постановила акимам областей, городов республиканского значения и столицы РК принять меры по оснащению избирательных участков с учетом потребностей избирателей, являющихся лицами с инвалидностью. Местные исполнительные органы должны оказать содействие избирательным комиссиям в работе по обеспечению условий для голосования прав избирателей, являющихся лицами с инвалидностью. Министерству труда и социальной защиты населения РК совместно с местными исполнительными органами нужно актуализировать сведения об избирателях, являющихся лицами с инвалидностью, для которых необходимы особые условия при голосовании, опубликовать сведения об избирательных участках на интерактивном портале «Доступная среда».
Ранее Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал указ о назначении внеочередных выборов Президента РК. Выборы пройдут 20 ноября. Размер избирательного взноса для кандидатов в Президенты РК на сегодня составляет 3 млн тенге. Кандидат должен иметь гражданство РК по рождению, высшее образование, проживать на территории РК последние 15 лет. Возраст должен быть не моложе 40 лет. Претендент должен обладать активным избирательным правом, иметь опыт работы на государственной службе или на выборных должностях не менее 5 лет, свободно владеть государственным языком. Каждый кандидат в Президенты РК должен собрать 118 тысяч подписей.
https://www.inform.kz/ru/central-naya-izbiratel-naya-komissiya-utverdila-pravila-dlya-golosovaniya-invalidov_a3983242
БАҚ үгіт-насихат материалының ақысы, шарты мен тәртібін 16 қазанға дейін жариялауы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттікке кандидатқа эфир уақытын және баспасөз бетінен орын беру туралы ақпараттық хабарлама жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес, президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары 16 қазаннан кешіктірмей эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Орталық сайлау комиссиясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 112-бабы 5-бөлігіне сәйкес қаралған жауапкершілікті те еске салады. Атап айтқанда, эфирден жəне баспасөз бетінен орын бергені үшін төлемнің мөлшері, шарттары жəне тəртібі туралы мəліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған жəне жарияламаған, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына ұсынбаған бұқаралық ақпарат құралының президенттікке кандидаттардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы – лауазымды адамдарға – 30, заңды тұлғаларға 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
https://www.inform.kz/kz/bak-ugit-nasihat-materialynyn-akysy-sharty-men-tartibin-16-kazanga-deyin-zhariyalauy-tiis_a3986143
"Патриот" әскери-патриоттық клубына 25 жыл
2022 жылдың 23 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде "Патриот" әскери-патриоттық клубының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов қатысушыларды құттықтап ержүрек те жігерлі келешек жас ұландарға әрдайым қуаныш пен бейбіт күнін тіледі.
Одан әрі аудан әкімі "Патриот" әскери-патриоттық клубының негізін қалаушы және жетекшісі Ғазиз Жолдыбаевқа алғыс хат пен ақшалай сертификаттар табыс етті.
Салтанатты іс-шара Н.Крупская атындағы мектебінің "Патриот" әскери-патриоттық клубы оқушыларының мерекелік концертімен, сондай-ақ қала алаңындағы курсанттардың демонстрациялық қойылымдарымен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мүгедектер құқықтары қорғалуда
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мемлекет саясатының басым бағыты болып табылады, олардың құқықтары басқа азаматтармен тең болуы тиіс.
Теңдік денсаулық сақтауға қол жеткізуден, оның ішінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуден тұрады.
Мүгедектер үшін аурухана ғимаратындағы қызмет көрсету аймағына қолжетімділіктің қамтамасыз етілмеуі, ағымдағы жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша «Жарқайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.
Жарқайың аудандық сот Денсаулық сақтау органының іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты аудандық ауруханаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатты.
Алайда, прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сот қайта қарастырып, денсаулық сақтау орган 1 млн.теңгеден астам әкімшілік айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
09.08.2022 жылы апелляциялық сатыда сот актісі өзгеріссіз қалдырылды, қаулы заңды күшіне енді.
Прокурорлық қадағалау актісі мемлекеттің кез келген құқық бұзушылыққа бұлтартпастығын, құқық бұзушылықтарға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын мүлтіксіз орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жарқайың ауданының прокуратурасы.
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
- Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
Қызмет берушінің атауы Астана және Алматы, Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
2) қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың,ауылдық округтердің әкімдері:
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
3) Мемлекеттік корпорация арқылы:
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
4) портал арқылы:
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;
Мемлекеттік қызметтік көрсету мерзімі - кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі. Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күні басталады және келесі айдың тиісті күнінде аяқталады. Егер бұл күн жұмыс емес күнге келсе, онда мерзімнің аяқталу күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. Бір ай мерзім қысқартылмайды;
- некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды: жұбайын хабар-ошарсыз кеткен не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ жұбайын қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттау туралы сот үкімінің негізінде мемлекеттік тіркеу - қамауға алынған жұбайдың не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысының немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкіне қорғаншының өтініші түскен күннен бастап бір апта мерзімде хабарлай отырып, күнтізбелік 45 (қырық бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
- азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу - 5 (бес) жұмыс күні;
- АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды);
- портал арқылы берген кезде-өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі;
- Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.
- Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері-1. Салық кодексінің 612-бабына сәйкес азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж мөлшерлемелері:
1) кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша-2 АЕК;
2) соттың шешімі негізінде хабар-ошарсыз кетті деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен-0,1 АЕК;
3) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге байланысты куәлік бергені үшін-0,5 АЕК.
- Салық кодексінің 618-бабына сәйкес азаматтық хал актiлерiн тiркеген кезде мыналар растайтын құжаттарын көрсеткен кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар
адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - туу туралы куәлiктер тiркелгенi және қайтадан берілгенi үшін;
2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты азаматтық хал актілерінің жазбалары өзгертілген, толықтырылған, қалпына келтірілген және түзетiлген кезде өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу негізіне байланысты Қағидаларға 18 немесе 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік бұзу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік);
4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;
5) жұбайын хабар-ошарсыз кетті деп не әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы немесе жұбайы (зайыбы) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталуы туралы сот үкімі туралы мәліметтер;
6) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі):
1) Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге байланысты айырбасталуға жататын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы, куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда оның жоғалғаны туралы және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді көрсету;
4) азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін негіз болуын растайтын құжат;
5) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін порталға жүгінген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық өтініш;
2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтер.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Үшінші тұлғалардың қызметті алу шарттары:
- Порталдағы «жеке кабинеттен» ұсынылған мәліметтер сұралатын тұлғаның, сондай-ақ порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен келіскен жағдайда үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
- Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобилді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік паролді пайдалана отырып, мобилді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі «цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет
Барлық сұрақтар және анықтамалар бойынша Державин қ. Школьный көшісі 24, мекен жайымызға хабарласыңыз
телефон 9-17-65.
«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Қазақ халқының ұлы көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы
Шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ағымдағы жылдың 8 қыркүйекте Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тіл үйренушілер арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан «Қазақ халқының ұлы көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы» атты тақырыпта онлайн байқау өткізді. Ақынның өлеңдерін кеңінен насихаттау және тыңдаушылардың шығармашылық шабыттарын шыңдау мақсатында өткен аталмыш байқауға 7 тыңдаушы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша І орынды Аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының қызметкері Куровский Александр иеленді. Александр ақынның өлеңін көрермендерге керемет жеткізе білді. ІІ орынға жеке кәсіпкер, мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушысы Одинцова Наталья ие болды. Ал, жүлделі ІІІ орын Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, мемлекеттік тілді оқыту курсының тыңдаушысы Дубровин Кириллге берілді.
Байқауға қатысып, ақын шығармаларын асқақтатуға белсенді үлес қосқан барлық қатысушыларға мекеме басшысы Н. Искакова жүлделі грамоталармен естелік сыйлықтар табыс етті.
Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, Ахмет Байтұсынұлы!
Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері М. Қалқаева.
Алқабилер деген кімдер?
Конституцияны қабылдаумен Қазақстан Республикасы өзін демократиялық құқықтық мемлекет деп жариялады, бұл негізде сот істеу жүйесін реформалауға әкеледі. Жаңартылған сот жүйесінің бірі – елдегі азаматтарды сот төрелігін қамтамасыз ететін бірден-бір әлеуметтік институт – алқабилердің қатысуымен сот болды. 2007 жылдан бастап «Алқабилер туралы» тиісті заң қабылданды. Ол заң күшіне енгеннен кейін алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер облыстық және оған теңестірілген соттарда қаралады. 2009 жылдан бастап Президент жарлығымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Бұл соттар аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қарайды. Бұл институттың құрылғанына алты жылға жуықтағанына қарамастан, азаматтар онымен таныс емес, кей жағдайда мүлдем таныс емес деп те айтуы мүмкін. Осы мақала арқылы мен қарапайым азаматтарға жоғарыда аталған заң туралы, оның өмірінде қандай рөл атқарғаны туралы аз да болса ақпарат жеткізгім келеді. Алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тiзiмiн жасау аяқталған кезден бастап жетi күн мерзiм iшiнде азаматтардың жергiлiкті атқарушы органының үй-жайында алқабиге кандидаттардың алдын ала қосалқы тізiмiмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етедi, тiзiмдегi қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды және оған тиісті өзгерiстер енгiзу туралы мәселелердi шешедi.
Алқабилерге үміткерлер тізімін облыстағы сайлаушылар тізімі негізінде облыс әкімдігі қалыптастырады. Облыстық сотқа ағымдағы жылдың қыркүйек айынан кешіктірмей облыс әкімдігіне келесі жылға үміткерлер санын көрсете отырып, ұсыныс жібереді. Бұл тізімдер 3000-ға дейін болуы мүмкін. Ал олардың барлығы облыс аумағында тұратын азаматтар. Тізімдер үміткердің тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, туған жылы, тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмері сияқты мәліметтерден тұрады. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот алқабиге үміткердің аталған тізімін ағымдағы жылдың соңына дейін өңдейді, атап айтқанда сот мамандары үміткерлердің көрсетілген мекен-жайлар бойынша тұратының немесе тұрмайтының, мемлекеттік қызметші немесе мүгедек екенің анықтайды. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiне: алқабилердiң тiзiмдерiн жасау кезiнде жиырма бес жасқа толмаған; өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар; сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар; судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi; психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді. Алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгiзуге шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бiр шек қоюға жол берiлмейдi. Алқабиге кандидаттардың тiзiмдерiнен: қылмыстық iс бойынша сот iсi жүргізілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар; өздерінің дене кемiстігі немесе психикалық кемiстiгi салдарынан алқабидiң мiндеттерiн атқаруға қабiлетсiз адамдар; алпыс бес жастан асқан адамдар; дiни қызметшiлер өздерiнiң жазбаша өтiніші бойынша алып тасталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен осы Заңда белгiленген тәртiппен алқабиге кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Алқабиге облыстық және оған теңестiрілген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган нақты iс қаралып болғаннан кейiн, ал егер iстi қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебiнен аудандық сот және оған теңестiрілген сот судьясының (1 жылға дейін өтілі бар) лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерiнде, бiрақ алқабидiң сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнiнiң санына) барабар, оның негiзгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейдi. Алқабиге кандидатқа (алқабиге) iссапар шығыстары республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мөлшерде өтеледi. Алқабидiң сотта мiндеттерiн атқару уақыты еңбек стажын есептеген кезде есепке алынады. Алқабидің мiндеттерiн атқару кезiнде оның негiзгi жұмыс орны салады.
Осындай жағдай кезінде, сотқа қандай да бір себесіз келмейтін жағдайда ӘҚБтК 655 (Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс) бабына сейкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (АЕК 2269 теңгені құрайды) әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Алқаби болу ол Қазақстан Республикасының азаматына үлкен абырой. Сотталғандар үшін алқабилер әділетті үкім үшін ең соңғы үміт. «Әр адам кінәсіз деп кінәсі дәлелдегенге дейін танылады».
Жарқайың аудандық соты төрағасының м.а. Н.В.Костырев.