
zharkain
Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі
Елбасымыз менмлекет - отбасыдан басталады және қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Яғни 2022 жылы ол 11 қыркүйекке сәйкес келеді.
«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Елбасы Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажет, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ата-ананың, басқа да отбасы мүшелерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «Ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол»,- дейді.
Осылайша, Отбасы күнін мерекелеу қарсанында Державин қаласының тұрғыны Елизавета Ромасовна Бякярис дүниеге батыр ұл әкеліп, бөбегі екеуі аман сау перзентханадан үйге аттанды. Перзентханадан шыққан бетте Елизавета Ромасовнаны Державин қаласының әкімі Т.О.Бисенов және Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бастығының м.а. К.С.Бельгибаева қарсы алды. Талғат Оразұлы құттықтау сөздер аутып, отбасыға амандық, дендеріне саулық, балаларына жарқын болашақ пен үлкен белестерге жетсін деп тілек білдірді. Айта кетсек Елизавета Ромасовна керемет 3 баланың анасы.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Егін жинау жалғасуда
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, 657346 гектар алқапта егін жинау науқаны жүріп жатыр. 14 қыркүйекке бидай жалпы ауданы 415250 га шабылып, орташа өнімділік 8,4 болған жағдайда 348816 тонна бастырылды. Арпа 34063 га жиналды, 34063 тонна бастырылды, өнімділік 10 құрады. 980 га жерге сұлы жиналды, 882 тонна бастырылды, өнімділігі 8,5. Егін жинау жалғасуда.
«Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі» ММ.
ПОГОНДАРДАҒЫ АДАМ
"Жастар" стадионында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов турнирдің барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Шухрат Қасымов, Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаменті мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің бастығы, полковник Шухрат Курбанов құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасары полковник Шухрат Қасымов "ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл" медалін, сондай-ақ алғыс хаттын Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке табыс етті.
Турнирдің ашылу салтанаты мерекелік концертімен және ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Қостанай облысы бойынша арнайы мақсаттағы мобильді әрекет тобы әскери қызметшілерінің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің демонстрациялық қойылымдармен аяқталды.
Турнирдің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін аудан әкімі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қару-жарағымен танысты.
Шағын футбол турниріне 8 команда қатысты:
- Жарқайың ауданының полиция бөлімінің командасы;
- Есіл ауданының полиция бөлімінің командасы;
- Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасы;
- Жарқайың ауданының "Олимпик" командасы;
- Жарқайың ауданының "Жарқайың мешіті" командасы;
- ҚР ІІМ Державинск станциясындағы желілік полиция бөлімінің командасы;
- «Жарқайың» командасы;
- Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті мамандарды техникалық және кәсіби даярлау бөлімінің командасы.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасы, екінші орынды Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің командасы, үшінші орынды Жарқайың ауданының "Олимпик" командасы иеленді.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
12 қыркүйек жергілікті әскери басқару органдары күні
1918 жылғы 8 сәуірде Халық Комиссарлары Кеңесінің Әскери істер жөніндегі комиссариаттар құру туралы декретіне қол қойылды, оның негізінде Кеңес Республикасының аумағында бір жыл ішінде 7 аймақтық, 39 губерниялық, 385 уездік және 7 мың болыстық әскери комиссариаттар құрылды. Сол кезден бастап әскери комиссариаттар армия мен халық арасындағы байланыстырушы буын бола бастады.
1917 жылдың желтоқсанында қазақ халқының автократияға қарсы және Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату күресін ұйымдастырушылардың бірі Дала Қазақ өлкесінің алғашқы әскери комиссары Әліби Джангильдин болып тағайындалды. Джангильдин Қызыл Армияның алғашқы қазақ әскери бөлімдерін құрды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмола қаласында 4 дивизия – 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар (29-шы соңынан 72 – ші гвардиялық атқыштар) және 106-шы Қазақ ұлттық атты әскерлері құрылды.
Ұлы Жеңістен кейін әскери комиссариаттар әскери міндеттілерді есепке алу және хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жергілікті соғыстардағы және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою кезіндегі ұрыс қимылдарына қатысушыларды есепке алу - ерекше жұмыс.
Тәуелсіздік алуымызға байланысты мемлекеттің көптеген азаматтық және әскери институттары өзгеріске ұшырады, бірақ есепке алу-шақыру және әскери-жұмылдыру жұмыстарына жауап беретін бұл мемлекеттік мекеме қалды.
Есіл аудандық әскери комиссариаты 1956 жылдың 1 қыркүйегінде Түркістан әскери округінің 01.09.1956 жылғы № 0156 бұйрығымен құрылды. Олар еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша өз жұмыстарымен маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге лайықты үлестерін қосуды жалғастыруда.
Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 шілдесіндегі № 534 "ҚР ҚК кәсіби және естелік күндерін белгілеу туралы"бұйрығымен 12 қыркүйек-естелік күні-жергілікті әскери басқару органдарының күні болып белгіленді.
Әр азаматқа әскер әскери комиссариаттан басталады. Дәл осы жерде жас жігіт әскери есепке алынады, осы жерден мерзімді әскери қызметке немесе әскери институтқа түсуге кетеді, содан кейін қордағы әскери қызметші ретінде есептеледі.
Мемлекет тәуелсіздік алған кезден бастап әскери комиссариаттар жоғары деңгейде офицерлік кадрлармен, сержанттармен және сарбаздармен жасақтау жөніндегі міндеттерді орындайды.
Жергілікті әскери басқару органдарында мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрлері ұсынылады:
-тіркеу туралы куәліктер, әскери билеттер немесе олардың көшірмелерін, ҰОС қатысушыларына куәліктерін беру;
- жеңілдіктері бар тұлғаларға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге)анықтамалар беру;
- әскери қызметті өткергенін растау туралы анықтама, әскери қызметке қатысы анықтама беру;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығатындарға анықтама беру;
- азаматтарды әскери - техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау;
- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару.
Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы подполковник А. Джунусов.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Е.Н. Жиенбаевтың Конституцияға түзетулерге түсіндірмесі
Биылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын білесіздер.
Ондағы маңызды саяси бастамалардың бірі – Президенттің мандатын қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеу.
Мәжіліс депутаттары осыған қатысты түзетулерді Конституцияға енгізу мәселесін жеделдетуді ұсынды.
Олардың пайымдауынша, жаңа нормаларды президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде Президент болып сайланатын адамға жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін.
Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді.
Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген.
Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылатын болады.
Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі.
Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі белгіленуіне байланысты осы заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының қызмет мерзімін алты жылдан сегіз жылға ұзарту ұсынылды. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайтын болады.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын тұлғалардың, яғни Президенттің және Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінен ұзағырақ болады.
Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі олардың түрлі саяси күштердің ықпалынан тәуелсіз болуына басты кепілдік болып саналады.
Конституциялық Сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Сондықтан, оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған маңызды болмақ.
Ата заңымыздың 91-бабының 3-тармағына сәйкес заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданды.
Кеңес Негізгі заңға енгізілгелі отырған түзетулердің Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытынды береді.
Ақпарат дереккөзі және фотосурет: www.akorda.kz
Елорда атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет етілмейді – министрлік
Парламент Қазақстан астанасына бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, қосымша ақша талап етілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
"Егер Парламент елорданың бұрынғы атауын мемлекеттік органдарға қайтару туралы шешім қабылдаса, қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыруға және бланк өнімдерін ауыстыруға қажет болады", - делінген Қаржы министрлігі хабарламасында.
Бұл ретте, Қаржы министрлігі мәліметінше, бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Бұл шараларды мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат аясында, қосымша ақша бөлмей-ақ жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет етілмейді", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Ақпарат дереккөзі: https://kaz.tengrinews.kz/
Құрметті жерлестер! Құрметті қазақстандықтар!
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында қайғылы жағдайдан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін өтініш барлық азаматтарға жасаймыз.
Осындай қиын сәттерде біздің ауданымыздың азаматтардан көмек сұраймыз, жасалған әр қолдауға ризашылығымызды білдіреміз.
Қостанай облысында өрт апатынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсету үшін, қаражатты «Бірлік-Жарқайың» Жарқайың ауданының қоғамдық бірлестікгінің қорына аударуға болады.
«Бірлік-Жарқайың»қоры реквизиттері:
Жарқайың ауданы
Державин қаласы, Захаров көшесі, 37а
Пошта индексі 021100
БСН (БИН) 220340014997
"Казпошта" АҚ
ЖСК (ИИК) KZ25563G350000082364
Отрадный ауылдық округіне депутаттық өкілеттіктер және әдеп, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі Жарқайың аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың депутаты Александр Алексеевич Демьяновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті көшпелі отырысы өтті. Тұрақты комиссияның 2022 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Отрадный ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі» мәселесі қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Қапашұлы Әлжанов, 7-ші шақырылымға сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысады.
Көшпелі отырыс барысында аудандық мәслихаттың депутаттары «Отрадное-Агро» Ауыл мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кетерлігі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық мәслихаттың депутаттары Р. Мұқанов және А.Демьянов бастамашылық етіп, жобалық құжаттамаларды дайындаған еді. Сондай-ақ Отрадный ауылындағы ауыл ішіндегі жолдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысын бақылады. С.Сейфуллин, Бак, А.Иманов, Тың көшелеріне салынып жатқан жолдар бойынша Жарқайың ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Дулатұлы Көшеков есеп берді.
Одан кейін депутаттар Кен ауылының медициналық пунктіне барып, медициналық пунктің айналасын абаттандыру бойынша ұсыныстар берілді, ауылдың орта мектебінің қазандығының жылу беру маусымына дайындығымен танысты.
Тұрақты комиссияның отырысы Кен орта мектебінің ғимаратында өтті, онда тұрақты комиссияның мүшелері ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Есентаевтың ақпаратын тыңдады. Отырыс барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріліп, бақылауға алынды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті ұсынымдармен қаулы қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.
Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар
Жарқайың ауданының әкімі Ж. Қ. Хамитов бекіткен 2022 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жоспарын іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 25-31 тамыз аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:
- 31 тамыз күні Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында "мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
- Жарқайың ауданының жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Жарқайың ауданының жастар ресурстық орталығының маманы Н. Крупская атындағы орта мектебінің оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және оның жастар арасында алдын алу әдістері туралы әңгіме өткізді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу мақсатында 2022 жылдың 27 тамызында Жарқайың ауданының "ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ балалар аудандық кітапханасының қызметкерлері кішкентай оқырмандармен "балалар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы"сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша әңгіме ұйымдастырды.
- "Адал бизнес" акциясы аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында Жарқайың ауданының "ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов 2022 жылғы 31 Тамызда жеке кәсіпкерлер өкілдері арасында "Мен адал бизнесті таңдаймын"жұмысын жалғастырды. Аталған акция барысында ірі сауда нысандарының жеке кәсіпкерлерінің өкілдері арасында әңгіме жүргізілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілік шаралары туралы ақпарат бар буклеттер, сондай-ақ бизнес құрылымдарға қатысты қандай да бір мәселелер туындаған кезде кәсіпкерлік бөлімінің визит карточкалары таратылды. Бөлімнің бас маманы Т. Шпанов ЖК өкілдерін сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күресте бірлесіп жұмыс істеуге және "Адал бизнес"жүргізуге шақырды.
- Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы Жульмухаметова Сәуле ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің ұжымына "сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дәріс оқыды.
- Адал-көмек " жобасы аясында 2022 жылғы 31 тамызда "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша маманы М.Қалқанованың қатысуымен "Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою"тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
- 2022 жылғы 31 тамызда "Жарқайың ауданы Пригородное ауылы әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға азаматтық қоғамды кеңінен тарту мақсатында ауыл халқы арасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
- Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту мақсатында 2022 жылғы 31 тамызда Жарқайың ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі аудандық кітапхана қызметкерлері арасында "сыбайлас жемқорлықтан сақ бол"тақырыбында әңгіме өткізді. Іс-шара барысында басшы баяндама оқып, талқылау өткізді.
- 2022 жылдың 31 тамызында аудандық кітапхананың "Жарқайың ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ қызметкерлері "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша оқырмандармен әңгіме өткізді.
Жарқайың ауданының әкімдігі.
Министр Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балаларға қалай аударылатынын түсіндірді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қор кірісінің бір бөлігі балалардың есепшотына жылына бір рет түсетінін және олар доллармен сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жыл сайын есептеу жүргізіледі. Өткен жылдың инвестициялық кірісі алынып, шоттар арасында бөлінеді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға 2023 жылдың табысынан қаражат есептелетіні белгілі болды" - деді Қуантыров.
Министрдің айтуынша, инфляциядан қорғану үшін қаражат доллармен есептеледі.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың сөзіне түсініктеме берген министр әр балаға берілетін соманы да нақтылады.
"Үш мың доллар - бұл шамамен алынған сома. Менің түсінуімше, сіз Президенттің баспасөз хатшысы жариялаған сандарды айтып отырсыз. Бұл әлі де қосымша есептеледі, бірақ бұл балаларға арналған екенін есте ұстаған жөн", - деп түсіндірді Қуантиров.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz