Отрадный ауылдық округіне депутаттық өкілеттіктер және әдеп, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі Жарқайың аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде аудандық мәслихаттың депутаты Александр Алексеевич Демьяновтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кезекті көшпелі отырысы өтті. Тұрақты комиссияның 2022 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес «Отрадный ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі» мәселесі қаралды. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Қапашұлы Әлжанов, 7-ші шақырылымға сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары және аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысады.
Көшпелі отырыс барысында аудандық мәслихаттың депутаттары «Отрадное-Агро» Ауыл мектебіне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кетерлігі мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық мәслихаттың депутаттары Р. Мұқанов және А.Демьянов бастамашылық етіп, жобалық құжаттамаларды дайындаған еді. Сондай-ақ Отрадный ауылындағы ауыл ішіндегі жолдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары барысын бақылады. С.Сейфуллин, Бак, А.Иманов, Тың көшелеріне салынып жатқан жолдар бойынша Жарқайың ауданының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Дулатұлы Көшеков есеп берді.
Одан кейін депутаттар Кен ауылының медициналық пунктіне барып, медициналық пунктің айналасын абаттандыру бойынша ұсыныстар берілді, ауылдың орта мектебінің қазандығының жылу беру маусымына дайындығымен танысты.
Тұрақты комиссияның отырысы Кен орта мектебінің ғимаратында өтті, онда тұрақты комиссияның мүшелері ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Бейбіт Есентаевтың ақпаратын тыңдады. Отырыс барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріліп, бақылауға алынды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері тиісті ұсынымдармен қаулы қабылдады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.