г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

12 қыркүйек жергілікті әскери басқару органдары күні

1918 жылғы 8 сәуірде Халық Комиссарлары Кеңесінің Әскери істер жөніндегі комиссариаттар құру туралы декретіне қол қойылды, оның негізінде Кеңес Республикасының аумағында бір жыл ішінде 7 аймақтық, 39 губерниялық, 385 уездік және 7 мың болыстық әскери комиссариаттар құрылды. Сол кезден бастап әскери комиссариаттар армия мен халық арасындағы байланыстырушы буын бола бастады.

1917 жылдың желтоқсанында қазақ халқының автократияға қарсы және Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату күресін ұйымдастырушылардың бірі Дала Қазақ өлкесінің алғашқы әскери комиссары Әліби Джангильдин болып тағайындалды. Джангильдин Қызыл Армияның алғашқы қазақ әскери бөлімдерін құрды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмола қаласында 4 дивизия – 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар (29-шы соңынан 72 – ші гвардиялық атқыштар) және 106-шы Қазақ ұлттық атты әскерлері құрылды.

Ұлы Жеңістен кейін әскери комиссариаттар әскери міндеттілерді есепке алу және хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жергілікті соғыстардағы және Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою кезіндегі ұрыс қимылдарына қатысушыларды есепке алу - ерекше жұмыс.

Тәуелсіздік алуымызға байланысты мемлекеттің көптеген азаматтық және әскери институттары өзгеріске ұшырады, бірақ есепке алу-шақыру және әскери-жұмылдыру жұмыстарына жауап беретін бұл мемлекеттік мекеме қалды.

Есіл аудандық әскери комиссариаты 1956 жылдың 1 қыркүйегінде Түркістан әскери округінің 01.09.1956 жылғы № 0156 бұйрығымен құрылды. Олар еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша өз жұмыстарымен маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге лайықты үлестерін қосуды жалғастыруда.

Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 шілдесіндегі № 534 "ҚР ҚК кәсіби және естелік күндерін белгілеу туралы"бұйрығымен 12 қыркүйек-естелік күні-жергілікті әскери басқару органдарының күні болып белгіленді.

Әр азаматқа әскер әскери комиссариаттан басталады. Дәл осы жерде жас жігіт әскери есепке алынады, осы жерден мерзімді әскери қызметке немесе әскери институтқа түсуге кетеді, содан кейін қордағы әскери қызметші ретінде есептеледі.

Мемлекет тәуелсіздік алған кезден бастап әскери комиссариаттар жоғары деңгейде офицерлік кадрлармен, сержанттармен және сарбаздармен жасақтау жөніндегі міндеттерді орындайды.

Жергілікті әскери басқару органдарында мемлекеттік қызметтердің бірнеше түрлері ұсынылады:

-тіркеу туралы куәліктер, әскери билеттер немесе олардың көшірмелерін, ҰОС қатысушыларына куәліктерін беру;

- жеңілдіктері бар тұлғаларға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге)анықтамалар беру;

- әскери қызметті өткергенін растау туралы анықтама, әскери қызметке қатысы анықтама беру;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығатындарға анықтама беру;

- азаматтарды әскери - техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау;

- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару.

Ақмола облысының Есіл және Жарқайың аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы подполковник А. Джунусов.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…