ПОГОНДАРДАҒЫ АДАМ
"Жастар" стадионында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов турнирдің барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник Шухрат Қасымов, Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаменті мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің бастығы, полковник Шухрат Курбанов құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасары полковник Шухрат Қасымов "ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл" медалін, сондай-ақ алғыс хаттын Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке табыс етті.
Турнирдің ашылу салтанаты мерекелік концертімен және ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Қостанай облысы бойынша арнайы мақсаттағы мобильді әрекет тобы әскери қызметшілерінің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің демонстрациялық қойылымдармен аяқталды.
Турнирдің ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін аудан әкімі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қару-жарағымен танысты.
Шағын футбол турниріне 8 команда қатысты:
- Жарқайың ауданының полиция бөлімінің командасы;
- Есіл ауданының полиция бөлімінің командасы;
- Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасы;
- Жарқайың ауданының "Олимпик" командасы;
- Жарқайың ауданының "Жарқайың мешіті" командасы;
- ҚР ІІМ Державинск станциясындағы желілік полиция бөлімінің командасы;
- «Жарқайың» командасы;
- Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті мамандарды техникалық және кәсіби даярлау бөлімінің командасы.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Жарқайың ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасы, екінші орынды Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің мамандарды техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінің командасы, үшінші орынды Жарқайың ауданының "Олимпик" командасы иеленді.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.