г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Четверг, 10 ноября 2022 09:59

Ұлттық теңгенің пайда болуы

Бүгін Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні. Сондай-ақ, 15 қараша республикада қаржыгерлердің кәсіби мерекесі ретінде де аталып өтіледі. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұған дейін екі жыл бойы теңгені қолданысқа енгізуге күрделі дайындық жүргізілген еді. Нәтижесінде, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді.

Ұлттық валютамыз қалай "теңге" аталды? Ұлттық валюта атауын таңдау көптеген қайшылықтар тудырды: "алтын", "ақша", "тәнга" нұсқалары болды. Бастапқыда қазақстандық валютаны "сом" деп атау жоспарланған. Өйткені, кеңестік рубль банкноттарының қазақша аудармасында солай көрсетілген еді.

Алайда, 1993 жылы қырғыз сомы енгізілгеннен кейін, Қазақстанда басқа атауға ие болды – "теңге". Бұл ортағасырлық түріктердің "денге" немесе "тәнга" күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Оның жүз еселенген бөлшегі "тиын" деп аталды.

Ұлттық валюта - бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV- ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.

Тәуелсіздік ел тарихымызда мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің орыны ерек болды. 30 жылдық ғұмырында теңге тәуелсіз елдің маңызды рәмізі екенін дәлелдеп шықты. Теңгенің болашақтағы қызметіне де сеніміміз мол.

Жарқайың ауданының Тілдерді оқыту орталығының  әдіскері М. Қалқаева.

Аудан жастары арасында «Жарқайың ауданының ең үздік жас маманы – 2022» кәсіптік байқауы өткізіледі!

  1. Байқау жас медицина қызметкерлері, жас мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, жас мәдениет қызметкерлері, жас спорт қызметкерлері, жас мұғалімдер, жас ветеринарлар, жас әлеуметтік сала қызметкерлері арасында өткізіледі.
  2. Байқауға жасы 30-ға дейінгі жас мамандар қатыса алады.
  3. Қызмет орны байқауға қатысушы үміткер жайлы толық мәліметтері бар ұсынымды (ТАЖ, туған күні, білімі, еңбек өтілі көрсетілген) жинақтайды.
  4. Байқау төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:

1) Таныстыру сайысы;

2) «Өнерлінің өрісі кең»;

3) «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайысы.

Байқау Аудандық мәдениет үйінде 2022 жылдың 28 қараша күні сағат 10.00-де өткізіледі. Байқауға қатысушы туралы ұсыным ағымдағы жылдың 27 қарашасына дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мекен-жайына электронды немесе 8 (777) 636-49-08 WhatsApp нөміріне жіберуіңізге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін @mrc_zharkain (Instagram) парақшасына немесе 87776364908, 87772592106 WhatsApp нөмірлеріне жазуынызға болады.

2022 жылдың 6 қарашасында Жарқайың ауданының спорттық-сауықтыру кешенінде жастар арасында гір спорты бойынша Ақмола облысының чемпионаты өтті.

Гір спорты бойынша Чемпионатқа Жарқайың, Атбасар, Сандықтау, Аршалы, Астрахан және Целиноград аудандарының келесі жас санаттары бойынша спортшылары қатысты:

2000-2004 ж.т., ұлдар 2005-2006 ж.т., ұлдар 2007 ж.т. және одан кіші (жұлқа көтеру, серпе көтеру), және қыздар (серпе көтеру жаттығуы).

Чемпионаттың ашылуына Ақмола облысының гір спорты бойынша аға жаттықтырушысы Сергей Прохоров, аудандық мәслихат депутаты Владимир Камышанский, Жарқайың ауданының ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймулдинов, Жарқайың БЖСМ директоры Айгүл Әлжанова, чемпионаттың бас төрешісі Салтанат Халибек қатысты.

Сондай-ақ, чемпионаттың ашылуында биылғы жылы әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар, Денис Долгашов, Әбуәлі Аманқұл, Абылай Халибек, Ернұр Дарменов, Қуаныш Нұрғожин алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Четверг, 10 ноября 2022 09:55

«Заң керуені» акциясы

2022 жылы 4 қарашада Жарқайың ауданында Ақмола облысы прокуратурасының басқармасының бастығы А.М.Аяғановтың төрағалығымен және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік «Заң керуені» акциясы өтті.

Акцияға ауданның 40-тан астам тұрғыны қатысты, оның шеңберінде қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді, қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтықтардың көмегімен тұрғындардан қаражат ұрлаудың алдын алу бойынша ақпарат жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері тұрғындарға терроризм актілері туралы жалған хабарлардың, басқа ұлт өкілдері туралы жағымсыз сөздердің жол берілмейтіндігі туралы, сондай-ақ, қоғамдық жерлерде тәртіп сақтау, соның ішінде заңсыз шерулерге (митингілерге) жол бермеу бойынша хабарлады.

Акцияның барлық қатысушыларына қысқаша материалдары бар ақпараттық брошюралар таратылды.

Сонымен қатар, халықпен кездесу қорытындысы бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды.

Жарқайың ауданының прокуратурасы.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, Құмсуат, Львов, Тасөткел, Нахым және Отрадный ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуін өткізді.

Кездесуге аудандық ұйым басшылары, аудандық прокуратура, полиция және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.

Халықпен кездесу барысында ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы полиция бөлімінің бастығы Алмас Оразалин баяндама жасады.

– Ағымдағы жылдың 9 айында 49 (2021ж.-74) қылмыс пен қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 2022 жылдың 9 айында барлығы 3 423 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2021 ж. – 3 526), 27 978 976 теңге сомасына айыппұл салынды. Қоғамдық орындарда мас күйінде пайда, немесе спирттік ішімдіктер ішкені үшін 153 (2021ж.-144) құқық бұзушы ұсталды, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 64 (2021ж. -55), тыныштықты бұзғаны үшін 26, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ауданның 144 тұрғыны тартылды, - деді Алмас Оразалин.

Халықпен, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жолдардың жай-күйі, денсаулық сақтау, абаттандыру және басқа да мәселелер көтерілді.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімі алдағы сайлау науқанына дайындық барысымен танысты.

Халықпен кездесу соңында ауылдың дамуына қосқан үлесі және ауылдың өміріне белсенді қатысқаны үшін Жарқайың ауданының әкімі ауыл тұрғындарына бірқатар алғыс хаттар табыс етті.

Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданына алдын ала келіп ауданның өмірімен танысқан болатын. Аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізу барысында облыс әкімі жолдардың жай-күйі, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да мәселелер қарастырылды.

Ақмола облысы дамудың барлық негізгі индикаторлары бойынша республикада көшбасшы екендігін атап айтқымыз келеді. Бұған әр ауданның қомақты үлесі бары анық. Осылайша Жарқайың ауданы Облыстың ең ірі аудандардың бірі, алайда тәуелсіздіктің 30 жылында ауданымызда тұрғындар саны үш есе азайды. Алайда, барлық мәселелерге қарамастан Ермек Маржықпаев ауданымыздың ауыл шаруашылық деңгейіне жоғары баға берді.

Ауданымыздағы өзекті мәлелердің бірі жолдар сапасы, ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын Жақсы-Державин республикалық маңызы бар тас жолдың жөндеу жұмыстары әлі де басталған жоқ, әкім ердігер компанияны жауапқа тартуды және жөндеуді бастау үшін облыстық бюджеттен ақша бөлуді тапсырды.

– Бизнес нашар дамып келеді. Жақсы логистикаға қарамастан, ауданда әлі де ірі кәсіпорындар мен ірі инвестициялық жобалар жоқ. Бастамашылық қажет, ал біз мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеміз. Тұрақтылықтың негізі – жұмыспен қамту және әр отбасының табысын арттыру. Егер ауыл шаруашылығында жалақы 180-200 мың теңге болса, өнеркәсіпте табыс мүлдем басқа. Адамдар әрқашан жұмыс бар жерге барады. Ол үшін ауылда тауарлы – сүт фермалары мен бордақылау алаңдары қажет. Ауданда жайылымдарға қатысты ауыр жағдай қалыптасты. Айналымға 8 мың гектар игерілмеген жер тартылды, бірақ бұл жеткіліксіз, – деді өңір басшысы Ермек Боранбайұлы.

Күрделі жөндеу жұмыстары Уәлиханов және Отрадное ауылдарының мектептерінде, ағымдағы жөндеу жұмыстары Үшқарасу, Тассуат, Құмсуат мектептерінде және Тасөткел ауылындағы балабақшада аяқталды.

– Білім сапасы – облыс бойынша ең төмен көрсеткішке ие. 54 пайыз дегеніңіз, өте сапасыз жұмыстың салдары. Жарқайың ауданының оқушылары олимпиадалар мен конкурстардан орын алғаны туралы жақсы жаңалықтар да көптен бері естілмеді. Ауданның демографиялық әлеуеті зор, сол себепті балаларға лайықты білім беру керек, – деп атап өтті облыс әкімі Е.Маржықпаев.

Жарқайың ауданында ағымдағы жылы жалпы құны 3,2 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 8 жоба пайдалануға берілді, 6 жоба аяқталу сатысында. Құрылған жұмыс орындарының саны – 106.

– Соңғы жылдары ауыл халқы қалаға қарай ағылуда. Бірақ, ауыл тұрғындары үшін мемлекет тарапынан зор қолдау барын ұмытпауымыз керек. Осы орайда, инфрақұрылымды сақтау және жақсарту үшін көптеген тың жобалар жүзеге асырылуда. Бұған бизнес өкілдерінің де көмегі тиіп жатыр, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Ақпарат дереккөзі: https://arka-azhary.kz/2022/11/07/irlerdi-leueti-artyp-keledi/

Биімдеген: Б.Айтпаева.

Сіздерді Ұлттық валюта – теңгенің 29 жылдығымен және кәсіби мереке – қаржы қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлттық валютаның енгізілуі республикамыздың тәуелсіздігінің қалыптасуындағы бетбұрыс кезеңі, еліміздің экономикалық және саяси өміріне орасан зор үлес болды. Бұл дербес ақша-кредит саясатын жүргізуге, тиімді қолма-қол ақша айналымын жолға қоюға, жалақыны, зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақтылы төлеуге мүмкіндік берді. Аудан экономикасында қаржы институттары оның тіршілік ету механизмінің негізгі буыны бола отырып, маңызды орын алады. Жақсы несиелік-қаржылық жүйе – бұл мемлекеттің өзін-өзі қамтамасыз етуінің басты белгісі, осы себепті аудан қаржыгерлері бұл жүйені жетілдіруге атсалысуда.

Біздің ауданның тиімді дамуы мен қоғамдағы тұрақтылық аудан қаржыгерлерінің кәсібилігіне, тәжірибесіне, талпынысы мен еңбекқорлығына байланысты.

Баршаңызды мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріңізге толағай табыс, өздеріңізге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, әрбір күндеріңіз жеңісті болсын!

Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Сіздерді ұлттық валюта – теңге күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгін, тәуелсіз ел өміріндегі күрделі бастапқы кезеңге көз жүгірте отырып, экономиканы дамытудың жаңа кезеңіне шығу маңызды қадамы екеніне анық көз жеткіздік. Теңгені айналымға енгізу Қазақстанға ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді.

Жарқайың ауданы да бүкіл елімізбен бірге алға қадам баса отырып,  жетістіктерге жетіп келеді. Экономиканың барлық салаларының серпінді дамуы жалпы өңірлік өнімнің тұрақты өсуін қамтамасыз етуде.

Құрметті ауданның қаржы органдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауданның қаржы саласындағы қол жеткізген барлық табыстары - бұл Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі. Бұл жүйеде өз ісінің мамандары, адалдық пен жоғары жауапкершілікке ие адамдар жұмыс істейді деп сеніммен айта аламын.

Сіздерге, мықты денсаулық, бақыт, табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!

Сіздердің әрқашан белгіленген реформаларды жүзеге асыру, өңірдің экономикалық әлеуетін шоғырландыру үшін барлық күш-жігерлеріңізді салатындарыңызға сенімдімін.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері өңірлік сайлау учаскелерінің алдағы науқанға дайындығын тексеріп жатыр. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау комиссияларына әдістемелік көмек көрсету және дауыс беру күніне дайындығына көз жетізу үшін сайлау учаскелеріне бару мақсатында 28 қазаннан Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың өңірлерге сапарлары басталып кетті. Мен және менің әріптестерім әзірше 12 өңірге барып үлгерді. 17 қарашаға дейін біз барлық өңірді аралауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз - сайлау органдарының барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауын өткізуге 100 пайыз дайындығын қамтамасыз ету», - деді ол бүгін комиссия отырысында.

ОСК төрағасы өткен аптаның соңында инспекциялық сапармен Павлодар мен Ақмола облыстарына, сол облыстардың шағын қалалары мен ауылдарында орналасқан сайлау учаскелерінің жұмысымен танысқанын айтты.

«Өкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары мүшелерінің өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары, сайлауды ұйымдастыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақытылы жеткізу, сонымен қатар басқа да мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдадым», - деді Нұрлан Әбдіров.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына халықаралық ұйымнан 2 байқаушыны аккредиттеу кері қайтарып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 қараша күні ҚР Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен ұсыныс келіп түсті. Оған сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауына аккредиттелген Түркі мемлекеттері ұйымы делегациясының құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет. Аталған ұсыным дипломатиялық арналар арқылы Түркі мемлекеттері ұйымының делегация құрамының өзгеруіне қатысты келіп түскен өтініміне негізделеді. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымынан Хаттис Озгепан мен Додастан Орманбетованы халықаралық байқаушы ретінде аккредиттеу күшін жою, сонымен қатар олардың халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алу қажеттігі туындайды», - деді ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссия тиісті қаулы қабылдады.

Страница 59 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…