Гір спорты бойынша Ақмола облысының чемпионаты өтті
2022 жылдың 6 қарашасында Жарқайың ауданының спорттық-сауықтыру кешенінде жастар арасында гір спорты бойынша Ақмола облысының чемпионаты өтті.
Гір спорты бойынша Чемпионатқа Жарқайың, Атбасар, Сандықтау, Аршалы, Астрахан және Целиноград аудандарының келесі жас санаттары бойынша спортшылары қатысты:
2000-2004 ж.т., ұлдар 2005-2006 ж.т., ұлдар 2007 ж.т. және одан кіші (жұлқа көтеру, серпе көтеру), және қыздар (серпе көтеру жаттығуы).
Чемпионаттың ашылуына Ақмола облысының гір спорты бойынша аға жаттықтырушысы Сергей Прохоров, аудандық мәслихат депутаты Владимир Камышанский, Жарқайың ауданының ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Азамат Баймулдинов, Жарқайың БЖСМ директоры Айгүл Әлжанова, чемпионаттың бас төрешісі Салтанат Халибек қатысты.
Сондай-ақ, чемпионаттың ашылуында биылғы жылы әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар, Денис Долгашов, Әбуәлі Аманқұл, Абылай Халибек, Ернұр Дарменов, Қуаныш Нұрғожин алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.