г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауын дайындау және өткізу мәселесі бойынша Павлодар және Ақмола облыстарының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына инспекциялық сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, ол Павлодар облысының Бесқауға және Шідерті ауылдарындағы, сондай-ақ Ақмола облысының Малтабар және Ерейментау қалаларындағы бес сайлау учаскесінде болды.

Сапар барысында Орталық сайлау комиссиясының басшысы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен жалпыхалықтық дауыс беруді дайындау және өткізу мәселелері бойынша кездесулер өткізді.

Кездесулерге барлығы 80-нен астам адам қатысты.

Уәкілетті мемлекеттік органдар мен сайлау комиссияларының мүшелері ОСК төрағасына өңірлерде сайлаушылар тізімдері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедек азаматтар үшін сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау, сайлау бюллетеньдерін күзету және уақтылы жеткізу және т. б. туралы баяндады.

Мәселен, Павлодар облысының АСК төрағасы Гүлнар Аманжолова өз баяндамасында Павлодар облысы бойынша сайлаушылар тізіміне 510847 азамат енгізілгенін хабарлады.

30 қазанда сайлаушылар тізімі акт бойынша өңірдің барлық сайлау учаскелеріне берілді, ал 4 қарашадан бастап олар сайлаушыларға танысуға ұсынылды.

Ол сондай-ақ сайлау учаскелеріне 5109 сырттай куәлікті дайындау және беру туралы хабардар етті. Ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде сайлаушылардың мекенжайы бойынша уақтылы жеткізілетін 409820 шақыру мен плакат дайындалып, орналастырылды.

Дауыс беру күні 225 сайлау учаскесінде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис, ал Мобильдік ХҚКО-лардың 6 жұмысы ұйымдастырылады. Бекітілген кестеге сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Бесқауға ауылы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Айсұлу Әбішева өз ауылындағы сайлаушылар тізімінде мүгедектігі бар адамдар жоқ екенін, бірақ соған қарамастан сайлау учаскесінде басқа өңірлерден келген азаматтар оларға есептен шығару куәліктері бойынша жүгінген жағдайда МБА дауыс беруі үшін барлық жағдайлар жасалғанын хабарлады.

Шідерті ауылында сайлаушылар тізіміне сайлау учаскесінде дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған 10 мүгедек адам енгізілді, атап айтқанда: дауыс беруге арналған үй-жай ғимараттың бірінші қабатында орналастырылды, ғимаратқа кіреберісте тірек функциялары бұзылған сайлаушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған тұтқалар, пандус, үй-жайда кабина көзделген, қозғалтқыш аппараты, оның ішінде кресло-арба пайдаланатындар, қосымша жарықтандыру, лупа және т. б. бар.

Нұрлан Әбдіров еліміздегі дауыс беруге арналған барлық 10101 учаске Брайль шрифтімен арнайы трафареттермен қамтамасыз етілетінін ерекше атап өтті.

ОСК төрағасы Екібастұз қаласы әкімінің назарын дауыс беру күні қолайсыз ауа-райы жағдайында (қар, көктайғақ және т.б.) азаматтарға дауыс беру үшін жағдай жасау қажеттілігіне назар аударды.

Ақмола облысының АСК төрағасы Манарбек Сәдуов Ақмола облысы бойынша сайлаушылар тізіміне 517031 азамат енгізілгенін баяндады.

Мұнда да 30 қазанда сайлаушылардың тізімдері акт бойынша сайлау учаскелеріне берілді және 4 қарашадан бастап сайлаушыларға танысуға ұсынылды.

Облыстық АСК 5170 есептен шығару куәлігі дайындалып, сайлау учаскелеріне берілді.

Ақпараттық қамтамасыз ету шеңберінде 345100 шақыру мен плакаттар дайындалып, орналастырылды, олар алдағы күндері сайлаушылардың мекенжайлары бойынша жеткізілетін болады.

Дауыс беру күні 173 сайлау учаскесінде азаматтарды тіркеуді тексеру бойынша сервис, ал Мобильдік ХҚКО-лардың 5 жұмысы ұйымдастырылады.

Сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша жұмыс бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

Инспекциялық сапар аясында Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерінің назарын дауыс беруге арналған үй-жайлардың тек сайлаушылар үшін ғана емес, бақылаушылар, сенім білдірілген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін де қолжетімділігі мен ыңғайлылығын қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында қолданыстағы заңнаманың талаптарына қатаң сәйкес дауыс беруге арналған жекелеген үй-жайларды сол сайлау учаскесі шегінде сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін неғұрлым кең және ыңғайлы үй-жайларға ауыстыру туралы шешімдер қабылданды. ОСК төрағасының ескертулері сол жерде жойылды.

Сапар барысында ОСК төрағасы сайлаушыларға тізімдерде өздерін тексеруге мүмкіндік беретін онлайн-сервистердің жұмысын тексерді, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерін электоралдық оқыту нәтижелерімен танысты.

Өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларына учаскелерді ақпараттық-техникалық жарақтандыру, олардың азаматтар үшін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі мен ыңғайлылығы, дауыс беру күні тиімді байқау үшін жағдайларды қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Осы мәселелердің барлығы Орталық сайлау комиссиясының алдағы отырыстарында талқыланады.

Фото: www.election.gov.kz

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сайлауда қоғамдық пікірге сауалнама жүргізетін ұйымдардың тізімін жариялады.

"2022 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы алты заңды тұлғадан қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы хабарлама алды", - деп жазылған ОСК хабарламасында.

Осылайша, мына ұйымдар Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында әртүрлі зерттеулер, сауалнамалар және экзит-пул жүргізеді:

1."Қоғамдық пікір" зерттеу институты - талдау әдісі: деректерді енгізу және өңдеу, сондай-ақ SPSS бағдарламасы арқылы бір өлшемді, екі өлшемді және үш өлшемді кестелерді шығару;

2."AMANAT" партиясының "Қоғамдық

саясат институты" жеке меншік мекемесі - "face to face" сұхбат сұрау әдісі, дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пунктерінен тыс сауалнама (exit-poll);

3."Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы - талдау әдісі: корреляциялық және ковариациялық талдаулар жүргізу, сондай-ақ жүргізілген сауалнамалардың қайталама талдауы;

4."Демократия институты" Ғылыми-зерттеу қауымдастығы – "face to face" сұхбат әдісі;

5.Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты ОФ ИКСИ "СОЦИС-А" - дауыс беру күні үй-жайлардан тыс және дауыс беру пунктерінен тыс сауалнама (exit-poll);

6.DAMU RG зерттеу тобы - "Халықтың сайлауалды көңіл-күйі" сауалнамасы, CAWI сауалнама әдісі (Computer Assisted Web Interviewing).

"Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламалар туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылады", - делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу тәртібі мен оның мерзіміне ерекше назар аударды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауалнаманы сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады.

Ал "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес дауыс беру күніне бес күн қалғанда және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға қатысты басқа да зерттеулерді жариялауға жол берілмейді.

2022 жылғы 3 қарашадағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 3 заңды тұлғадан құжаттардың көшірмелерін қоса, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізгені туралы хабарлар келіп түсті:

1. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты («Общественное мнение» зерттеу институты);

2. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жеке меншік мекемесі;

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы;

4. «Астана - Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А»

Заңды тұлғалардан келіп түскен хабарлар туралы ақпарат олардың келіп түсуіне қарай Орталық сайлау комиссиясының сайтында жаңартылатын болады.

1. Қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу мерзімдеріне қатысты

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

Осылайша, қоғамдық пiкiрге сауал салуды сайлау жарияланған сәттен бастап дауыс беру күніне дейін жүргізуге болады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң 1-бапқа сәйкес сайлауды дайындау және өткізу кезінде, яғни сайлау кезеңінде туындайтын қатынастарды реттейді.

2. Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялау мерзімдеріне қатысты

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жол берілмейдi.

Также вводятся штрафы за неуважение к Конституционному суду

В Казахстане будет введена административная ответственность за распространение агитационных материалов в новостных и аналитических программах, а также за нарушение предвыборной агитации через онлайн-платформы. Соответствующие поправки в Кодекс об административных правонарушения в четверг в двух чтениях принял сенат.

«В целях корреспондирования составов административных правонарушений, касающихся проведения предвыборной агитации и распространения агитационных материалов с поправками в Конституционный закон о выборах, в законопроекте предусмотрены поправки в статьи 112 и 113 КоАП. В частности, вводится административная ответственность за распространение агитационных материалов в новостных и аналитических программах, а также ответственность за нарушение предвыборной агитации через онлайн-платформы», - заявил министр юстиции Канат Мусин.

Также законом вводится административная ответственность за проявление неуважения к Конституционному суду, предусмотрены уточняющие поправки по корректировке наименования Счетного комитета на Высшую аудиторскую палату. Кроме того, документом уточняется, что уполномоченный по правам человека не может быть подвергнут мерам административного взыскания, налагаемым в судебном порядке, без согласия сената. Действующая редакция предусматривает согласие генерального прокурора. По инициативе депутатского корпуса в документ внесена дополнительная поправка по введению административной ответственности за воспрепятствование законной деятельности представителей уполномоченного по правам человека.

Тамара Вааль

Шеф столичного бюро Власти

Елімізде 11 мыңға жуық сайлау учаскелері бар. Сайлау кезінде арандатушылықтың алдын алу үшін не істеледі? Мұндай әрекетке барған адам қандай жауапкершілікке тартылады? Бұл жөнінде «Ашық Алаң» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2019 жылдан бері сайлау комиссиясының төрайымы қызметін атқарып келемін. Бізде айтарлықтай фактілер болған жоқ. Сайлаудың талапқа сай өтуі үшін комиссия мүшелеріне оқыту жұмыстарын жүргіземіз. Яғни, сайлаушы келген кезде қандай іс-әрекет жасайды, тізімнен дауыс берушіні тауып, бюллетенге қол қойғызу секілді жұмыстарды атқарады. Ал дауысты көбейту сияқты фактілер бізде әлі тіркелмеді. Бұл көбіне сайлау комиссиясының сауаттылығына да байланысты деп ойлаймын, - деді Астана қаласы №112 сайлау учаскесінің төрайымы Ләйлә Аханова.

Қылмыстық кодекстің 150-бабында көрсетілгендей, сайлау комиссияларына кедергі келтіру туралы бап бар. Бұл кодексте 100-150 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады немесе 4 жыл бас бостандығынан шектеледі. Мұндай оқиға тіркелді ме? деп сұрақ қойды бағдарлама кезінде заңгер Думан Дүйсенов.

Биыл жазда болған референдум кезінде «дауыс беруші келіп, мен тізімде бармын, бірақ жеке куәлігім жоқ, мен дауыс беру тиіспін» деп шу шығарған еді. Негізі заң бойынша тұлға өзімен бірге куәлігі болуы керек немесе электронды нұсқада көрсетуге болады, - деді Ләйлә Аханова.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/saylau-komissiyanyn-sauattylygyna-baylanysty-bolady-ahanova-291053/

2022 жылы Қазақстанда өтетін президент сайлауының бюллетені дайын.

Дауыс берушілер таңдаған кандидаттың аты-жөні жазылған тұстағы бос шаршыға кез келген белгі қоюы керек. Соңғы баған – "Бәріне қарсымын".

Орталық сайлау комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, сайлауға 11 миллион 950 мың 485 адам қатыса алады. Резерв есебімен 12 миллион данадан астам дауыс беру бюллетені басып шығарылды.

Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.

Страница 61 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…