г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ауданымызда Ақмола облысы әкімі Ермек Маржықпаевтың есеп беру кездесуі өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданына алдын ала келіп ауданның өмірімен танысқан болатын. Аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізу барысында облыс әкімі жолдардың жай-күйі, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және басқа да мәселелер қарастырылды.

Ақмола облысы дамудың барлық негізгі индикаторлары бойынша республикада көшбасшы екендігін атап айтқымыз келеді. Бұған әр ауданның қомақты үлесі бары анық. Осылайша Жарқайың ауданы Облыстың ең ірі аудандардың бірі, алайда тәуелсіздіктің 30 жылында ауданымызда тұрғындар саны үш есе азайды. Алайда, барлық мәселелерге қарамастан Ермек Маржықпаев ауданымыздың ауыл шаруашылық деңгейіне жоғары баға берді.

Ауданымыздағы өзекті мәлелердің бірі жолдар сапасы, ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын Жақсы-Державин республикалық маңызы бар тас жолдың жөндеу жұмыстары әлі де басталған жоқ, әкім ердігер компанияны жауапқа тартуды және жөндеуді бастау үшін облыстық бюджеттен ақша бөлуді тапсырды.

– Бизнес нашар дамып келеді. Жақсы логистикаға қарамастан, ауданда әлі де ірі кәсіпорындар мен ірі инвестициялық жобалар жоқ. Бастамашылық қажет, ал біз мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеміз. Тұрақтылықтың негізі – жұмыспен қамту және әр отбасының табысын арттыру. Егер ауыл шаруашылығында жалақы 180-200 мың теңге болса, өнеркәсіпте табыс мүлдем басқа. Адамдар әрқашан жұмыс бар жерге барады. Ол үшін ауылда тауарлы – сүт фермалары мен бордақылау алаңдары қажет. Ауданда жайылымдарға қатысты ауыр жағдай қалыптасты. Айналымға 8 мың гектар игерілмеген жер тартылды, бірақ бұл жеткіліксіз, – деді өңір басшысы Ермек Боранбайұлы.

Күрделі жөндеу жұмыстары Уәлиханов және Отрадное ауылдарының мектептерінде, ағымдағы жөндеу жұмыстары Үшқарасу, Тассуат, Құмсуат мектептерінде және Тасөткел ауылындағы балабақшада аяқталды.

– Білім сапасы – облыс бойынша ең төмен көрсеткішке ие. 54 пайыз дегеніңіз, өте сапасыз жұмыстың салдары. Жарқайың ауданының оқушылары олимпиадалар мен конкурстардан орын алғаны туралы жақсы жаңалықтар да көптен бері естілмеді. Ауданның демографиялық әлеуеті зор, сол себепті балаларға лайықты білім беру керек, – деп атап өтті облыс әкімі Е.Маржықпаев.

Жарқайың ауданында ағымдағы жылы жалпы құны 3,2 миллиард теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 8 жоба пайдалануға берілді, 6 жоба аяқталу сатысында. Құрылған жұмыс орындарының саны – 106.

– Соңғы жылдары ауыл халқы қалаға қарай ағылуда. Бірақ, ауыл тұрғындары үшін мемлекет тарапынан зор қолдау барын ұмытпауымыз керек. Осы орайда, инфрақұрылымды сақтау және жақсарту үшін көптеген тың жобалар жүзеге асырылуда. Бұған бизнес өкілдерінің де көмегі тиіп жатыр, – деді облыс әкімі өз сөзінде.

Ақпарат дереккөзі: https://arka-azhary.kz/2022/11/07/irlerdi-leueti-artyp-keledi/

Биімдеген: Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…