Аудан әкімі Жанболат Хамитов аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов, Құмсуат, Львов, Тасөткел, Нахым және Отрадный ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуін өткізді.
Кездесуге аудандық ұйым басшылары, аудандық прокуратура, полиция және денсаулық сақтау бөлімінің өкілдері қатысты.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы хабардар етті.
Халықпен кездесу барысында ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы полиция бөлімінің бастығы Алмас Оразалин баяндама жасады.
– Ағымдағы жылдың 9 айында 49 (2021ж.-74) қылмыс пен қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 2022 жылдың 9 айында барлығы 3 423 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (2021 ж. – 3 526), 27 978 976 теңге сомасына айыппұл салынды. Қоғамдық орындарда мас күйінде пайда, немесе спирттік ішімдіктер ішкені үшін 153 (2021ж.-144) құқық бұзушы ұсталды, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 64 (2021ж. -55), тыныштықты бұзғаны үшін 26, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ауданның 144 тұрғыны тартылды, - деді Алмас Оразалин.
Халықпен, ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жолдардың жай-күйі, денсаулық сақтау, абаттандыру және басқа да мәселелер көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жетекшілік ететін бөлімдерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, сапар барысында аудан әкімі алдағы сайлау науқанына дайындық барысымен танысты.
Халықпен кездесу соңында ауылдың дамуына қосқан үлесі және ауылдың өміріне белсенді қатысқаны үшін Жарқайың ауданының әкімі ауыл тұрғындарына бірқатар алғыс хаттар табыс етті.
Жарқайың ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.