г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Пятница, 24 ноября 2023 05:24

Қобызды ту еткен Аяулым

Бір кезеңдерде халықтың жадынан жоғалып кеткен жәдігер қобыз тәуелсіздікпен бірге қазақ өнеріне қайта оралды. Төл шығармалары сақталмағандықтан шанақты аспаптың репертуары бай емес. Қобыз-өте сазды, өте мұңды аспап. Қобыздың пайда болуын, тарихын Қорқытпен байланыстырамыз, "күй атасы Қорқыт" деп атайтынымыз да сондықтан. 

Қыл қобыздың үні дала даусындай. Қуыс шанақ қара жердей күңіреніп, қара желдей ысқырады. Боз үнген боп боздап, боз даладай құлпырады. Барлық ыспалы аспаптардың атасы болып саналатын қобызды ежелгі түркі-монғол  ұлыстары "хор, хуур" деп те атаған. Осыған қарап ғалымдар арасында "хор құт", яғни, арғы мәні "қобыз құт" деген біріккен сөзден шыққан да шығар деген ой бар. Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыр мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент  емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан. Алайда, бүгінгі күні бұл киелі аспап елміздегі эстрадалық сахыналарда көрініп жүр. Тіпті, ауданымызда да Қобызды меңгеріп, жасұрпаққа насихаттап жүрген ару тұрады. Ол, Сейдеғалымова Аяулым Кенжебекқызы. Біз Аяулым Кенжебекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік

- Сәлеметсіз бе! Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз  қай жақтың  тумасысыз? Қайда білім алдыңыз?

- Қайырлы күн! Мен, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасымын. 2019 жылы Торғай Гуманитарлық колледжіне аспапта орындау және өнер эстрадасы мамандығына оқуға түстім. Содан бітіріп, бүгінде  Костычево ауылында Мәдениет үйінде балаларға сабақ беремін.

- Өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік қай уақыттан басталды?

- Мен өнер мектебінде 8 жасымнан бастап оқыдым. Қазір  бұл салада жүргеніме 12 жыл болды. Алғаш рет үйде бәріміз теледидар қарап отырғанбы. Сол сәтте анашым домбырада ойнай алатын. Арқалық хабары арнасында "өнер мектебіне балаларды қабылдаймыз" - деген хабарландыру шықты. Содан анам келесі күні сол өнер мектебіне мені жетектеп апарып, аспата ойнауға жіберді. Сол уақыттан бері анамның қалауымен Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінде оқып шықтым.

- Қобыз аспабынан қандай сезім аласыз? Осы аспабты таңдауға не себеп болды? Кімдерді үлгі тұтасыз?

- Қобыз аспабы ерекше ғой. Ешкім оны ойнай бермейді деп қызығушлық танытып ойнап кеттім. Басында әрине қиын болды. Содан соң әртүрлі шет елден эстрада музыкаларың слухқа салып, кавер түсіріп, одан әрімен қобызға деген махаббатым оянып кетті. Қобыз аспабында- "Асыл" тобын үлгі тұтамын.

- Сізге күйшілердің ішінде кімнің шығармасы ұнайды?

- Көбіне Абай атамыздың шығармаларын ойнаған ұнайды.

- Еңбек жолыңыз қалай, қашан, қайда басталды? Костычево ауылына барудағы себеп неде, ауылдың артықшылығы қандай?

- Костычево ауылына бару себебім: жалпы менің ойымша адам еңбек жолын шағын жерден бастаса өмірде өз орнын табады деп ойлаймын және ауыл шәкірттерінеде өнерге деген қызығушылықтарын көрсеткім келді.

- Баулып жүрген шәкірттеріңіз  барма?

- Иә, қазір шәкірттерім бар. Аллаға шүкір, ауылдағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Мен қобыз және фортепиано аспаптарынан сабақ беремін.

- Өнер жолын таңдау үшін адамда қандай қабілет болғаны дұрыс және қыз баласына бұл жол қиын емес пе?

- Өнер жолына керісінше қыз балалардың барғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал, өнер бірден пайда болмайды. Ол үшін көп жұмыс жасау керек (мысалы музыкада слух деген бар, сол слухпен жұмыс жасаған дұрыс).

- Болашақтағы арманыңыз не?

- Арманым өте көп. Қазіргі таңдағы арманымның бірі ол, балалардың қазақ аспаптарына деген қызығушылықтары артса ғой деген ой. Сол үшінде тыңбай жұмыс жасап жатырмыз. Нәтиже де бар.

- Халыққа айтар лебізіңіз!

- Халыққа тек жақсылық тілеймін және жастарға айтарым өз еңбек жолдарынызды ауылдан бастаңыздар, ауыл балаларыда жақсы білім алғаны дұрыс!

- Сұхбатыңызға рахмет! Армандарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетіңіз!

- Сіздерге де көп рахмет айтамын.

Сұхбаттасқан "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Дархан даласындай көңілі кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына басып келеді. Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлық. Оның үстіне, соңғы жылдары өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді  үйренуге деген қызығушылық  артып келеді. Олар тілді меңгеру арқылы халқымыздың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен жақынырақ танысып келеді. Сол сияқты олардың күнделікті өмірі мен қызметіне қазақ тілінің  көп көмегі тиіп жүр екен.  

Қазақ тілін туған тіліндей меңгерген  өзге ұлт өкілдерінің бірі – Марина Шевчук. Марина Николаевна Шевчук 1971 жылдың 2 мамырында Ресей Федерациясының Новосибирская облысы Черепановский ауданы Безменова бекетінде туған. Елімізге 1975 жылы  көшіп, балалық шағын  Жезқазған қаласында өткізген. Маринаның ұлты-орыс, бірақ қазақ тілін меңгеруі ешбір қазақтан кем емес. Мемлекеттік тілді мектеп табалдырығынан үйренген болатын. Маринаның ата-анасы қазақ тілінде сөйлемесе де, баланы қазақ мектепке беріп, оқытқан. Марина өз сөзінде «Тілді меңгеру маған қиын болды, себебі үйдегілер тілді білмегендіктен,  маған ешқандай көмек бере алмады.  Бұл жолда көрші-қолаңға, сыныптастар мен достарыма алғысым шексіз. Қазақтың салт-дәстүрін бойыма сіңіріп, қазақ тілінде таза сөйлеуіме мұрындық болған достарыма көп рахмет!» дейді.

Бүгінгі күні Марина қазақ отбасының келіні, 7 бала тәрбиелеп отыр, күміс және алтын алқаларының иегері. «Ата-енеме сәлем салған кезде «маған қосағыңмен қоса ағар» деп тілек білдірді. Кейін осы тілектің мәнін ұғынып, қазақи ортаға сіңе бастадым. Осындай аппақ жүректерден шығатын ақ тілектерді естімей жүргендер қаншама?! Сәлем салу – өзін төмен көрсететіндердің ісі деп есептейтін келіндер бар. Соларға айтарым: үлкен кісілердің батасын алуға асығайық!»- дейді Марина өз сұхбатында.

Марина Николаевна- Гастелло ауылының мәдениет үйінің қызметкері болып жұмыс істейді. Жұмыста, үйінде толық мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысады.

«Жұмысымда ауылдастар, әсіресе ақсақалдар бар орысшасын жиып, күшеніп, жөн сұрайды кейде. Сонда қазақ тілінде жауап бергенімде «балам қазақ екенсің ғой» деп, құшақтап алып жатады. Осындай сәттер маған қатты әсер етеді, сондықтан мен жерлестерімді мемлекеттік тілді үйренуге шақырмын, Ұлы даланың ұлтаралық тілінің мәртебесінің өсуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Сондықтан, сіздер жұмыс жүргізіп жатқан «Жүрегімен қазақ» жобасын қолдап, осы адал жұмысыңызға сәттілік тілеймін».

Н.Шпанова, Тілдер дамыту бөлімі.

Пятница, 24 ноября 2023 04:02

Қобызды ту еткен Аяулым

Бір кезеңдерде халықтың жадынан жоғалып кеткен жәдігер қобыз тәуелсіздікпен бірге қазақ өнеріне қайта оралды. Төл шығармалары сақталмағандықтан шанақты аспаптың репертуары бай емес. Қобыз-өте сазды, өте мұңды аспап. Қобыздың пайда болуын, тарихын Қорқытпен байланыстырамыз, "күй атасы Қорқыт" деп атайтынымыз да сондықтан. 

Қыл қобыздың үні дала даусындай. Қуыс шанақ қара жердей күңіреніп, қара желдей ысқырады. Боз үнген боп боздап, боз даладай құлпырады. Барлық ыспалы аспаптардың атасы болып саналатын қобызды ежелгі түркі-монғол  ұлыстары "хор, хуур" деп те атаған. Осыған қарап ғалымдар арасында "хор құт", яғни, арғы мәні "қобыз құт" деген біріккен сөзден шыққан да шығар деген ой бар. Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыр мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент  емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан. Алайда, бүгінгі күні бұл киелі аспап елміздегі эстрадалық сахыналарда көрініп жүр. Тіпті, ауданымызда да Қобызды меңгеріп, жасұрпаққа насихаттап жүрген ару тұрады. Ол, Сейдеғалымова Аяулым Кенжебекқызы. Біз Аяулым Кенжебекқызынан сұхбат алуды жөн көрдік

- Сәлеметсіз бе! Өзіңіз жайлы айта кетсеңіз  қай жақтың  тумасысыз? Қайда білім алдыңыз?

- Қайырлы күн! Мен, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасымын. 2019 жылы Торғай Гуманитарлық колледжіне аспапта орындау және өнер эстрадасы мамандығына оқуға түстім. Содан бітіріп, бүгінде  Костычево ауылында Мәдениет үйінде балаларға сабақ беремін.

- Өнерге деген талпыныс, сүйіспеншілік қай уақыттан басталды?

- Мен өнер мектебінде 8 жасымнан бастап оқыдым. Қазір  бұл салада жүргеніме 12 жыл болды. Алғаш рет үйде бәріміз теледидар қарап отырғанбы. Сол сәтте анашым домбырада ойнай алатын. Арқалық хабары арнасында "өнер мектебіне балаларды қабылдаймыз" - деген хабарландыру шықты. Содан анам келесі күні сол өнер мектебіне мені жетектеп апарып, аспата ойнауға жіберді. Сол уақыттан бері анамның қалауымен Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы өнер мектебінде оқып шықтым.

- Қобыз аспабынан қандай сезім аласыз? Осы аспабты таңдауға не себеп болды? Кімдерді үлгі тұтасыз?

- Қобыз аспабы ерекше ғой. Ешкім оны ойнай бермейді деп қызығушлық танытып ойнап кеттім. Басында әрине қиын болды. Содан соң әртүрлі шет елден эстрада музыкаларың слухқа салып, кавер түсіріп, одан әрімен қобызға деген махаббатым оянып кетті. Қобыз аспабында- "Асыл" тобын үлгі тұтамын.

- Сізге күйшілердің ішінде кімнің шығармасы ұнайды?

- Көбіне Абай атамыздың шығармаларын ойнаған ұнайды.

- Еңбек жолыңыз қалай, қашан, қайда басталды? Костычево ауылына барудағы себеп неде, ауылдың артықшылығы қандай?

- Костычево ауылына бару себебім: жалпы менің ойымша адам еңбек жолын шағын жерден бастаса өмірде өз орнын табады деп ойлаймын және ауыл шәкірттерінеде өнерге деген қызығушылықтарын көрсеткім келді.

- Баулып жүрген шәкірттеріңіз  барма?

- Иә, қазір шәкірттерім бар. Аллаға шүкір, ауылдағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Мен қобыз және фортепиано аспаптарынан сабақ беремін.

- Өнер жолын таңдау үшін адамда қандай қабілет болғаны дұрыс және қыз баласына бұл жол қиын емес пе?

- Өнер жолына керісінше қыз балалардың барғаны дұрыс деп ойлаймын. Ал, өнер бірден пайда болмайды. Ол үшін көп жұмыс жасау керек (мысалы музыкада слух деген бар, сол слухпен жұмыс жасаған дұрыс).

- Болашақтағы арманыңыз не?

- Арманым өте көп. Қазіргі таңдағы арманымның бірі ол, балалардың қазақ аспаптарына деген қызығушылықтары артса ғой деген ой. Сол үшінде тыңбай жұмыс жасап жатырмыз. Нәтиже де бар.

- Халыққа айтар лебізіңіз!

- Халыққа тек жақсылық тілеймін және жастарға айтарым өз еңбек жолдарынызды ауылдан бастаңыздар, ауыл балаларыда жақсы білім алғаны дұрыс!

- Сұхбатыңызға рахмет! Армандарыңыз орындалып, мақсатыңызға жетіңіз!

- Сіздерге де көп рахмет айтамын.

Сұхбаттасқан "Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

17 қарашада әдеп жөніндегі уәкіл Е. Мұқашев «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодекс нормаларын сақтауы» тақырыбында дәріс оқыды. Аталған дәрісті талқылаудың басты бағыттары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы және қызметтік міндеттерін орындау уақытындағы мінез-құлық стандарттары болды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

18 қарашасында, Жарқайың ауданы әкімінің жүлдесіне, аудандық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы аудандық спартакиада бағдарламасында футзалдан жарыс өтті.

Жарыс күнінің қорытындысы бойынша бірінші орынды «Жарқайың ауданының мансап орталығы» филиалы, «AMANAT» партиясы, Жастар ресурстық орталығы, «ТО Бірлік» қоғамдық қоры командасы, екінші орынды, Орталық аудандық ауруханансы, үшінші орынды, Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Ішкі саясат бөлімі командасы жеңіп алды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының бұзылуына жол бермеу және өтініштерді қарау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім басшысы Регина Қуандықова басқарманың 16.11.2023 жылғы № 91-СЭК бұйрығын орындау үшін "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру туралы" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарының қорытындысы бойынша басқарма мамандарымен өтініштерді, шағымдарды қарау кезінде негізгі мәселелер талқыланды, сондай-ақ айтылған баяндамадан ақпаратты бекіту бойынша тестілеу өткізілді.
Семинар соңында спикер АӨК-нің 79-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген, түсінікті болуы, біркелкі қолдануды қамтамасыз етуі, оның қолданысы қолданылатын адамдар тобын толық айқындауы тиіс екенін хабарлады.

Жарқайың аудандық СЭББ.

Пятница, 24 ноября 2023 03:32

Кезектен тыс 15 сессия

17 қарашада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-ші шақырылған кезектен тыс 15 сессиясы өтті. Оған: Жарқайың ауданы әкімі Жанболат Хамитов, аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауыл, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелермен бөлімдердің басшылары, аудан мәслихатының депутаттары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында «Жарқайың  аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 8С-7/4 «Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясы ережесін және құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» сұрақ бойынша «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Бейсенов Т.О. сөз сөйледі.

Ал, «Жарқайың  ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021  жылғы  26  қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» «Экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.А.Ахметова хабарлады.

Жиында қаралған сұрақтар бойынша баяндамалар тыңдалып, аудандық мәслихат депутаттарының дауысымен шешім шығарылды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

17 қарашада Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.

Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысының күн тәртібінде Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қымбат Белгібаева, терроризмге қарсы комиссияның хатшысы Жанат Мыңбаев, Полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Жаркенов, Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпеиісова, сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Есіл қалалық бөлімінің бастығы Ержан Аленов сөз сөйледі.

Терроризмге қарсы комиссия отырыстарының соңында Жарқайың ауданының әкімі діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, діни бірлестіктердің заңсыз қызметінің фактілерін анықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданының әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралады.

Сапар Пятигорское ауылы "Мадияр. К" ЖШС-нен басталды. Серіктестіктің балансында екі қабатты әкімшілік ғимарат бар, онда әкімдік пен учаскелік полиция пункті орналасқан. ЖШС директоры Қасым Қожабеков үй-жайды коммуналдық меншікке Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына ауылдық дәрігерлік амбулаторияға беруді ұсынды.

Келесі нысан – жолдар мен автомагистральдар салумен айналысатын "Қарағанды жолдары" ЖШС. Мердігер ұйым ұзындығы 40,5 км облыстық маңызы бар "Жақсы – Державинск" автомобиль жолына жөндеу жүргізетін болады.

"ГрадСтройСервис" ЖШС мердігерлік ұйымы Державинск қаласында 27 пәтерлі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды, қасбеттік және ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Сапар аудандық ауруханаға барумен жалғасты. Мекеме заманауи медициналық жабдықтармен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Бас дәрігердің м.а. Жұлдыз Семжанованың айтуынша, емхана бөлімшесі бар аудандық аурухананың жобалық қуаты – ауысымына 150 орын, 60 төсектік стационар жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңір басшысы Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялаумен танысты.

Сапар барысында өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесті. Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Облыс әкімі аудан басшылығының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау, инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

"Бүгінгі таңда мен үшін ең басты көрсеткіш – халықтың әл-ауқаты. Сіз айтқан әрбір цифр не істегеніңізді және ол азаматтардың өмірін қалай жақсартқанын көрсетуі тиіс", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Кездесу азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында да, сот отырысынантыс та қарау кезінде әлі күнге дейін сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері кездеседі.

Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіргені үшін "сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы"заңда жауапкершілік көзделген.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа құрметтемеушілік білдіріледі:

* істі одан әріқарау сотқа мүмкін болмағанжағдайларда процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың шақыру қағазы, хабарлау, немесе шақыру бойынша дәлелді себептерсіз сотқа келмей қалуы;

* сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбауда;

* сотта белгіленгенер ежелерді бұзуда;

* сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттерде (әрекетсіздіктерде).

Бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

  1. ескертулер;
  2. 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды;
  3. бес тәулікке дейін гімерзімге әкімшілік қамаққаалуға құқылы.

Бұл ретте әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталапжасалған іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін әкімшілік жауапкершілік:

* 30 АЕК айыппұл (103 500 теңге);

* 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушыныңіс – әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сонымен, ҚР ҚК 410-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрінген соты құрметтемегені үшін мынадай  жауапкершілік көзделген:

* 160 АЕК дейінайыппұл (552 000 теңге);

* сол мөлшерде түзеу жұмыстарын;

* 160 сағатқа дейін гімерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту;;

* 40 тәулікке дейін гімерзімге қамауға алу.

Судьяны немесе алқабиді қорлаудан көрінген сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін ҚР ҚК 410-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Соған сәйкес сот отырысында тәртіп бұзылған, төрағалықетушінің өкімдеріне бағынбаған, сол сияқты соттықұрметтемеушілік туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер (әрекетсіздік) жасаған кезде төрағалықетуші адамды сот отырысы залынан шығарып жіберуге немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері жоқ жағдайларда соты құрметтемеу фактісінің анықталғаны туралы хабарлауға және кінәлі адамға сот отырысының адам ақшалай өндіріп алу. Шығарыптастау процестің кезкелген қатысушысына немесе айыптаушы мен қорғаушыдан басқа өзге адамға қатысты жүргізілуі мүмкін. Ақшалай өндіріп алу сотталушыға және қорғаушы ретінде қатысатын оның адвокатына қолданылмайды.

Егер сотталушы сот отырысы залынан шығарылған болса немесе ол істі сот талқылауына қатысудан бас тартса, төрағалықетуші соттың әрбір отырысының алдында оның тәртіп сақталған жағдайда сот залында болғысы келетінін одан анықтауға тиіс. Үкім сотталушының қатысуымен жариялануға тиіс, ал ол қатысудан бас тартқан кезде, жарияланғаннан кейінде реуоған қол хатарқылы жариялануға тиіс.

Сот отырысына қатысушыны сот отырысы залынан шығару және ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы сот қаулы шығарады.

Сот отырысы залында қатысып отырған, бірақ процеске қатысушылар болып табылмайтын адамдар төрағалықетушінің өкімі бойынша олар тәртіпт бұзған жағдайда сот отырысы залынан шығарылады. Сонымен қатар, сот оларға ақшалай өндіріп алуды қолдануы мүмкін.

Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, сот материалдарды сотқа дейінгітергеп-тексеруді бастау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді.

Сот отырысында тәртіпті сақтау оны өткізудің міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Аға сот приставы М.Д. Асанбаев.

Страница 16 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…