г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Үлкен кісілердің батасын алып жүрген Марина

Дархан даласындай көңілі кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына басып келеді. Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлық. Оның үстіне, соңғы жылдары өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді  үйренуге деген қызығушылық  артып келеді. Олар тілді меңгеру арқылы халқымыздың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен жақынырақ танысып келеді. Сол сияқты олардың күнделікті өмірі мен қызметіне қазақ тілінің  көп көмегі тиіп жүр екен.  

Қазақ тілін туған тіліндей меңгерген  өзге ұлт өкілдерінің бірі – Марина Шевчук. Марина Николаевна Шевчук 1971 жылдың 2 мамырында Ресей Федерациясының Новосибирская облысы Черепановский ауданы Безменова бекетінде туған. Елімізге 1975 жылы  көшіп, балалық шағын  Жезқазған қаласында өткізген. Маринаның ұлты-орыс, бірақ қазақ тілін меңгеруі ешбір қазақтан кем емес. Мемлекеттік тілді мектеп табалдырығынан үйренген болатын. Маринаның ата-анасы қазақ тілінде сөйлемесе де, баланы қазақ мектепке беріп, оқытқан. Марина өз сөзінде «Тілді меңгеру маған қиын болды, себебі үйдегілер тілді білмегендіктен,  маған ешқандай көмек бере алмады.  Бұл жолда көрші-қолаңға, сыныптастар мен достарыма алғысым шексіз. Қазақтың салт-дәстүрін бойыма сіңіріп, қазақ тілінде таза сөйлеуіме мұрындық болған достарыма көп рахмет!» дейді.

Бүгінгі күні Марина қазақ отбасының келіні, 7 бала тәрбиелеп отыр, күміс және алтын алқаларының иегері. «Ата-енеме сәлем салған кезде «маған қосағыңмен қоса ағар» деп тілек білдірді. Кейін осы тілектің мәнін ұғынып, қазақи ортаға сіңе бастадым. Осындай аппақ жүректерден шығатын ақ тілектерді естімей жүргендер қаншама?! Сәлем салу – өзін төмен көрсететіндердің ісі деп есептейтін келіндер бар. Соларға айтарым: үлкен кісілердің батасын алуға асығайық!»- дейді Марина өз сұхбатында.

Марина Николаевна- Гастелло ауылының мәдениет үйінің қызметкері болып жұмыс істейді. Жұмыста, үйінде толық мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысады.

«Жұмысымда ауылдастар, әсіресе ақсақалдар бар орысшасын жиып, күшеніп, жөн сұрайды кейде. Сонда қазақ тілінде жауап бергенімде «балам қазақ екенсің ғой» деп, құшақтап алып жатады. Осындай сәттер маған қатты әсер етеді, сондықтан мен жерлестерімді мемлекеттік тілді үйренуге шақырмын, Ұлы даланың ұлтаралық тілінің мәртебесінің өсуіне өз үлестеріңізді қосуға шақырамын. Сондықтан, сіздер жұмыс жүргізіп жатқан «Жүрегімен қазақ» жобасын қолдап, осы адал жұмысыңызға сәттілік тілеймін».

Н.Шпанова, Тілдер дамыту бөлімі.

Ресми бөлім

22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…
27.01.2023, 10:27 Темір жолдардағы үй малы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Акционерлік қоғамының филиалы «Қостанай магистральдық…