
zharkain
АУДАНДЫҚ ГІРШІЛЕР ОБЛЫСТА ТОП ЖАРДЫ
Мамырдың 3-5 аралығында Сандықтау ауданы Балкашино ауылында гір көтеруден жасөспірімдер арасында Ақмола облысының чемпионаты өтті. Оған облысымыздың аудандарынан 102 спортшы ат салысты. Ал, біздің ауданнан 41 спортшы жаттықтырушы Халібек Салтанаттың жетекшілігімен барды. Айта кетерлгі бұл жолғы бәсекеге балалардың ата-аналары екі спринтер жалдап апарды. Жарыстың қорытындысы бойынша Ауданымыдың 31 спортшысы жүлдемен оралды. Оладың он бірі бірінші орынды қанжығаласа, 12 күміс медальды иеленді, Ал қалған 8 спортшы қола медальды қанағат тұтты. Олар: Төлеубайұлы Серікжан 3ор. 30 к.с., Нарбутин Мирас 1ор. 30к.с., Дарменов Нурали 1ор.30к.с., Халибек Ислам 1ор. 35к.с., Сырбай Нұрасыл 2ор. 38к.с., Алехин Дмитрий 1ор.40к.с., Олешкеевич Владислав 3ор. 40к.с., Төлеубайұлы Нұртас 1ор.45к.с., Швабауэр Артем 3ор.45к.с., Шуленшалин Адилнт 3ор.48к.с., Есмагамбетов Саян 3ор.53 к.с., Шидловский Виктор 2ор.53к.с., Аманқұл Мади 1ор.53к.с., Нұрсейіт Ансар 2ор.58к.с., Бақытжан Бекзат 2ор. 58к.с., Орал Мақсат 2ор. 63 к.с., Мирман Бахытжан 1ор.63 к.с., Абикалыков Улан 2ор.68к.с., Сұлтансейт Әсет 1ор.68к.с., Адилхан Ернар 3ор. +68к.с., Воронцов Рустем 2ор. +68к.с., Петровец Руслан 1ор. +68 к.с., Нургожин Куаныш 2ор. 78к.с., Есенбаев Арнұр 1ор.85.к.с., Халибек Сара 3ор.48к.с., Козлова Юлия 2ор.48к.с., Шидловская Лилия 2ор.48к.с., Зейникенова Милана 1ор.48к.с., Жамбаева Зейнеп 2ор.53к.с., Кофлер Александра 3ор.+53к.с., Уталашивили Элина 2ор.+53к.с.
Бұл жас спортшылар үшін нағыз аламанның әлі басы деуге болады. Себебі Алдағы уақытта бірқатар байрақты бәсекелер бар. Олардан да орын алудан үміттіміз. Өйткені арамызда Қазақстан, Азия және әлем чемпиондары бар.
Жарыстан келе сала гіршілер қайта жаттығуға кірісті. Уақытты бос жіберуге болмайды. Ылғи да бір қалыпты сақтау қажет. Жеткен жетістіктің бәрі осы толассыз еңбектін арқасы десек қате айтқан емес. Спортшыларды алда биік белестерден көруге сеніміміз зор.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
ҚОРЖЫНЫМЫЗДА БОКСТАН ТАҒЫ БІР АЛТЫН
Көкшетау қаласының Қажымұқан спорт кешенінде 2007-2008 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында бокстан турнир өтті. Жарыс Ұлы отан соғысының батыры Малик Ғабдуллинді еске алуға арналған.
Жарыс барысында бірнеше күн бойы еліміздің бірнеше өңірінен келген жас боксшылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Әрқайсысы техникалық және тактикалық шеберлігімен ерекшеленді. Облыс намысын жерлесіміз Мәди Ғалым қорғады. Ол жарыстың чемпионы атанды. Малик Ғабдуллин турнирі биыл 20-шы рет өтті. Оған 200-ге жуық ұлдар мен қыздар қатысты. Дәстүрлі турнирдің географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұған елдің көптеген аймақтарынан келген боксшылар дәлел болды.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.
РАМАЗАН – МЕЙІРІМ АЙЫ
Мұсылман жұртшылығының асыға күтетін, айлардың ішіндегі сұлтаны қасиетті Рамазан айының кіруіне де санаулы күндер қалды. Рамазан айының келуі – әр мұсылман үшін үлкен қуаныш, зор бақыт. Себебі, бұл қасиетті ай – ізгіліктің, кешірімнің, рухани тәрбиенің, мейірімнің айы. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 185-аятында:
«Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол нұсқаушы және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді», – деп айтқан.
Қасиетті Құранның Лаухул махфуздан дүние аспанына түсуі де Рамазан айында болатын. Ол турасында Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Қасиетті Құран Лаухул махфуздан Рамазан айының қадір түнінде дүние аспанына түсірілген, кейін түрлі оқиғаларға байланысты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауат мен сәлемі болсын) бөлек-бөлек түсіріліп отырған», – деген.
Ғалымдарымыз қасиетті Құранның түсірілуі Алла Тағаланың пенделеріне танытқан ерекше мейірімі екендігін айтқан. Ал қасиетті Құран алғаш Рамазан айында түсірілгендіктен, Рамазан айы да – мейірім айы саналады. Пенденің бұл айда жасайтын әрбір ізгі амалы Алла Тағаланың кешірімі мен мейіріміне бөленуімізге себепші болады.
Ораза ұстаушы таң атқаннан кеш батқанға дейін жеп-ішуден тыйылу арқылы аш, мұқтаж адамдардың жай-күйін бүкіл болмысымен сезініп, жүрегінде оларға деген мейірім пайда болады. Жүрегінде мейірімі бар адам өзге жандарға мейірімін төгу арқылы өзі де Жаратушының мейіріміне бөленеді. Негізі адамдар бір-біріне әркез мейірімді, жанашыр болулары қажет. Әсіресе Алла Тағаланың мейірімі төгілетін қасиетті айда барынша өзгелерге мейірімді, жанашыр болған дұрыс.
Рамазан айында адамдарға мейірімділік таныту дегеніміз – қарым-қатынас жасағанда көркем мінезді болу, қателіктерін кешіре білу, жомарттық жасап, мұқтаж жандарға көмектесу, садақа беру, өзге ораза ұстаушыларға ауызашар беру сынды ізгі істер жасау. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе, оған: «Мен оразамын» десін», – деп өсиет ету арқылы біздерге өзгелермен мейірімділік аясында қарым-қатынаста болуға шақырған.
Мұғаз ибн Жәбал (Алла оған разы болсын) атты сахабаға бір кісі келіп: «Маған насихат айтшы», – деген екен. Сонда Мұғаз: «Мейірімді бол! Пейішке кіруіңе мен кепіл болайын», – деп жауап беріпті.
Жүсіп Баласұғыни бабамыздың:
Не дер екен мейірімі мол кісі:
Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.
Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –
Дәулет болар алсаң соның ақылын.
Мейірімнен шынайы леп еседі,
Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі, – деп айтқан сөздерінде үлкен мағына бар.
Қасиетті Рамазан айы – мейірімділік іс жасап, ізгі амалдар атқарып, Алла Тағаланың мейіріміне бөленуге себепші болатын үлкен мүмкіндік. Бұл айда жүрегімізде мейірімділік пайда болып, жанымыз толық рухани ләззатқа кенелуіміз үшін, мынадай ізгі амалдарды атқаруға мән бергеніміз дұрыс:
Бірінші: Мұқтаждарға жәрдемдесу
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаумен қатар мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, жомарттық таныту – Алла Тағаланың мейіріміне бөленуге себеп болатын басты амалдардан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айда мұқтаж жандарға көбірек садақа беруге тырысып, өзгелерге де осыны өсиет ететін. Хадис шәріпте:
«Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты болатын. Әсіресе, ол Жәбірейіл періштемен Рамазан айында кездескенде ерекше жомарттық танытатын», – деп айтылған (имам Бұхари, Мүслим).
Алла жолында мал сарп етіп, өзгелерге жәрдемдескен жомарт адамның мал-дүниесі кемімейді. Керісінше, оған береке кіріп, молая түседі. Бұл орайда өзгеге жәрдемдесуші адамның мал-дүниесін құдықтың суымен салыстыруымызға болады. Құдықтың бетіндегі суды қанша алсақ та, астынан тағы да шығып, толып отыратындығы сияқты, мал-дүниесін Алла жолында жұмсап, мұқтажға көмек қолын созған адамның дүниесіне де осылайша береке кірмек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кімде-кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді», – деген (имам Мүслим).
Жәрдемге мұқтаж адамды көргенде жүрегі елжіреп, бірден қолынан келгенше жәрдемдесіп, көмек қолын созу – Алла Тағаланың мейіріміне бөленетін адамның сипаттарынан. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Адамдарға мейірімді бола білмеген кісіге Алла Тағала да мейірімділік танытпайды», – деген (имам Бұхари).
Жалпы өзгелерге қамқор болу, жанашырлық таныту, мұқтаждарға жәрдемдесу, жетімдерге қарайласу сияқты ізгі істердің барлығының негізі осы мейірімділіктен бастау алады. Әлемдерге мейірім ретінде жіберілген ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тәлімін көрген сахабалар да өте мейірімді еді. Олар айналасындағы мұсылмандарды айтпағанда, жауларының өзіне мейірімділіктің керемет үлгісін көрсете білді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
«Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады», – деген.
Екінші: Туыстық қатынасты жақсарту
Алла Тағала Құран Кәрімдегі «Нахыл» сүресінің 90-аятында:
«Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан тыяды», – деп айтқан.
Туыстарына ізгілік етпеген адамның өзгелерге мейірбан болуы екіталай. Сондықтан да қасиетті Рамазан айы – ренжіскен жақын адамдар өзара кешірім сұрап, татуласып, бір-бірін ауызашарға шақырып, туыстық қатынасты нығайтуға үлкен мүмкіндік.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін», – деп айтқан (имам Бұхари, Мүслим). Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туыстық қатынасты сақтауды Алла Тағала әрі Қиямет күніне иман етумен байланыстыруы бұл амалдың қаншалықты үлкен маңызға ие екендігін көрсетіп тұр.
Адамның өзімен сыйластық қатынас ұстанған туыстарымен сыйласуы әркімге оңай. Алайда, асыл дініміз бізбен қатынасты үзіп қойған туыстарымызбен байланысты нығайтуға бұйырады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам, (ол – оған қандай қарым-қатынас жасаса) сонымен ғана жауап беретін адам емес. Шындығында, туысқандық қарым-қатынасты үзбейтін адам – ол туыстарының онымен қарым-қатынасын үзгеніне қарамастан, олармен араласуын үзбейтін адам!» – деген (Имам Бұхари).
Ендеше, қасиетті Рамазан айында Алла Тағаланың кешірімі мен мейірімін үміт ете отырып, туыстардың ішіндегі сыйластық танытқандарымен ғана емес, сонымен қатар туыстық қатынасты үзіп қойған туыстарымен қарым-қатынасымызды жақсартуға тырысайық.
Үшінші: Жақсы сөз сөйлеу
Алла Тағаланың мейіріміне бөленуді қалаған адам қасиетті Рамазан айында тек тамақтанудан ғана емес, бүкіл күнәлі істерден, қолымен және тілімен өзгеге зиян тигізуден тыйылып, өзін жақсы сөз сөйлеуге тәрбиелеуі қажет. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде кім ораза болып жаман сөзден және оған амал етуден тыйылмаса, Алла оның тамақтан және судан тыйылғанын қажет етпейді», – деген (имам Бұхари).
Алла Ешісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдармен қарым-қатынаста өте жұмсақ, әр сөзі мейірімділікке толы болатын. Алла Тағала қасиетті «Тәубе» сүресінің 128-аятында:
«Сендерге өз араларыңнан хақ пайғамбар келді. Сендердің қандай да бір қиыншылыққа душар болуларың оған ауыр тиеді. Ол сендерге өте ынтызар, мүминдерге сондай жанашыр, өте мейірімді», – деп айтқан.
Тіпті дін жауларының өзіне Хақ пайғамбары (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еш уақытта қатты сөз айтпайтын. Бір күні Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдар келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Алла Тағаладан мүшіріктерге лағынет тілеңізші», – деп сұрағанда, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Расында, мен лағынеттеу үшін емес, мейірімділік ету үшін жіберілдім» – деген еді (имам Муслим).
Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барша жаратылысқа, иман келтіргендерге де, иман келтірмегендерге де мейірім ретінде жіберілді», – дейді. Имам Табари (Алла оған разы болсын) Ибн Аббастың бұл сөздерін былай деп түсіндерген: «Алла Елшісінің иман келтіргендерге мейірім болып жіберілуі – ол арқылы Алла Тағала оларға тура жолды көрсетті, ол алып келген шариғатқа амал ету арқылы олар жәннат иелерінен болады. Ал иман келтірмегендер үшін мейірім болуы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келуі арқылы өздеріне жіберілген пайғамбарларды өтірікке шығарған бұрынғы үмметтерге келгендей азаптарға душар болудан Алла Тағала оларды сақтады».
Ендеше, қасиетті Рамазан айында Алла Елшісін үлгі тұтып, өзімізді жақсы сөз сөйлеуге тәрбиелейік. Бізге қатты сөз айтқан адамның өзіне жұмсақтықпен жауап беруге тырысайық. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір ғайри дін иесі келіп: «Әс-самун ғалайкум» (сендерге өлім болсын) деп айтады. Осы кезде Айша анамыз (шыдай алмай): «Сендерге де Алланың лағынеті, ашуы болсын», – деген сөздерді айтып жібереді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Айша, асығыстық жасама. Жұмсақ бол, дөрекілік пен арсыздықтан аулақ бол», – деп ескерту жасайды (имам Бұхари).
Төртінші: Дұға жасап, жақсы тілектер тілеу
Қасиетті Рамазан айы дұға мен тілектердің қабыл болатын айы. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Бақара» сүресінің 183-аятында:
«Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Әрине, сақтанарсыңдар», – деп айтқан. Осыдан кейінгі екі аятта сырқат не сапарда болған адамның оразасы, Рамазан айында қасиетті Құран түсірілгені жайында айтылып келіп, 186-аятында:
«Егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді», – деп айтқан.
Бұдан ұғатынымыз ораза ұстаушы бұл айда өзі, жақындары әрі өзінің туып-өскен отаны үшін Алла Тағаладан мейірім мен жақсылық тілеп, көп дұға етуі тиіс. Өйткені Рамазан – дұға тілектің қабыл болатын айы.
Дұға етудің өзі үлкен құлшылық. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:
«Дұға ету, ол – ғибадат», – деген.
Негізінде Алла Тағала кез келген уақытта жалбарынып дұға етушінің дұғасын қабыл етеді. Алайда, дұғаның қабыл болу ықтималдығы жоғары болатын белгілі бір уақыттар мен кезеңдер болады. Сол уақыттардың бірі – ауызашар уақыты. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Үшеудің дұғасы кері қайтарылмайды. Ол: ораза ұстаушының ауызашар алдындағы дұғасы, әділ басшының дұғасы және зұлымдық көрушінің дұғасы», деген. Тағы бір хадис шәріпте:
«Расында ораза ұстаушының ауызашар уақытындағы дұғасы қайтарылмайды», – деген.
Қадірменді жамағат!
Қасиетті Рамазан айы бізді көркем мінезге, тақуалыққа, кешірімділікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айының алғашқы бөлігі – рахмет, ортасы – кешірім, соңы – тозақ отынан құтылу», – деген хадисінің бір мағынасы да осыда жатыр. Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз: «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол «шын адам» болады», – деген.
Ол үшін мұсылманның оразасы тек ашығумен ғана шектелмей, игі амалдарды атқарумен толығуы қажет.
Алла Тағала келе жатқан қасиетті Рамазан айын баршамызға мүбәрак етіп, ұстайтын ораза, тілейтін дұғаларымызды қабыл еткей!
Бас имам Алмас Оспан.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.
Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.
Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
В Акмолинской области началось празднование Наурыза
В этом году в Акмолинской области Наурыз мейрамы проходит в новом формате. Праздничная декада Наурызнама охватывает широкий временной интервал с 14 по 23 марта, и каждый день будет посвящен соответствующей тематике, передает управление внутренней политики.
Первый день Наурызнама начался с «Көрісу күні». Следуя древней традиции, впервые акмолинские артисты приветствовали своих коллег из Северо-Казахстанской области на границе двух регионов после долгой зимы.Песней и теплыми словами встретили соседей ведущий солист областной филармонии имени Үкілі Ыбырай Жанат Есов, коллективы фольклорного ансамбля «Айнаколь» и лауреат международных конкурсов ансамбля танца «Гәкку».
«Такой яркий праздник, который служит примером дружбы, имеет большое значение. Поэтому на сегодняшнем мероприятии от всей души поздравляем всех с «Көрісу күні»,- приветствовала коллег руководитель управления культуры Айгуль Сабитова.
Сегодня настоящий праздник устроил жителям областного центра в первый день декады празднования Наурыз мейрамы фольклорный ансамбль «Кербез сулу», имеющий 25-летнюю историю, лауреат международных и республиканских конкурсов. Гостей и посетителей ТРЦ «Рио» ждал великолепный часовой концерт и угощение баурсаками.
Пришедшие с особой теплотой встречали каждый выход артистов, сопровождая выступления эмоциями и аплодисментами.
При поддержке управления культуры Акмолинской области в торгово-развлекательном центре «РИО» впервые в рамках проекта «Ғасырлар үні», направленного на поддержку креативной индустрии, была организована «Зона space», где вниманию жителей Кокшетау предложены были выставка национальной кухни «Ұлт дәмі» и мастеров декоративно-прикладного искусства.Как добавили в управлении культуры Акмолинской области, всего в регионе пройдет более 5000 праздничных мероприятий. Так, с 13 по 23 марта запланированы интересные проекты, среди которых проведение исторической реконструкции древних традиций, фестивалей «Наурыз коже», семейных ансамблей, национальных инструментов, конкурсы «Келіндер», «Әжелер», благотворительные выездные концерты, акции, конкурсы детского творчества, челленджи национальной кухни, орнаментов и одежды, а также многое другое.
Масштабные празднования пройдут и районах области. К примеру, в ауле известного поэта, акына Биржан сала состоятся театрализированная постановка, состязания по национальным видам спорта, посвященные 190-летию известного казахского композитора.
В последний день декады во всех районах области пройдет общенациональная экологическая акция.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң жобасы әзірленді. Жаңа заң жобасы қандай жаңалықтарды ұсынады және тұтынушылар қандай өзгерістер күтеді?
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасындатұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы жүйесі жұмыс істейді. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның нормаларында бірінші кезеңде тұтынушының құқықтарды бұзу туралы шағыммен тікелей кәсіпкерге жүгіну құқығы көзделген. Егер шағымды кәсіпкер тұтынушының пайдасына қарамаса, екінші кезең - медиаторға немесе төрешіге жүгіну. Сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда үшінші кезең – тікелей мемлекеттік органға, яғни департаментке жүгіну. Тек төртінші кезеңде тұтынушы сотқа жүгіне алады.
Егер барлық үш кезең өтпесе, сотта тұтынушының талап-арызы қаралмайды.
- Келесі негізгі өзгерістерді ерекше атап өтуге болады:
1. тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың төрт сатылы алгоритмін реформалау;
2. шағымдарды қараумен, кеңес берумен айналысатын, осы саладағы қоғамдық институттарды үйлестіретін және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу;
3. заң жобасында кәсіпкерлерге жүгінген кезде құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу көзделеді;
4. адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұтыну үшін тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және өзге де қызмет көрсету салаларына тарату ұсынылады;
5. сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіру күшейтілетін болады.
Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылса және жағдайды сотқа дейінгі тәртіппен шешу мүмкін болмаса, кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылады. Айыппұл мөлшері-тұтынушының талап қою сомасының 10-нан 50% - на дейін. Сонымен қатар, талап қою сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым көп болады, бұл кәсіпкерлерге бұзушылықтарды сотқа жеткізбестен өз еркімен және жедел жоюға ықпал етеді.
Омбудсмен институтын енгізуге келетін болсақ, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелік проблемаларды анықтап, оларды республика деңгейінде жариялайтын болады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
Кітапханашылардың аудандық семинары
26-ақпан 2024 жылы, аудандық кітапхананың оқырман залында кітапханашылармен "Табыс. Мәселе. Перспектива: кітапхананың 2023 жылғы қызметіне шолу және 2024 жылға арналған перспектива" тақырыбында аудандық семинары өтті.
Семинар мақсаты – жұмыс қорытындысын жасау, кітапхана қызметі тапсырмаларының кешенді шешімдеріне байланысты теориялық әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді талқылау: кітап қорын қалыптастырудағы актуалды мәселелер.
Семинарды ОКЖ басшысы – Сейтбек Ж.Д. мен ОКЖ әдіскері – Муратова Р.Р. ұйымдастырды. Шараға: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары – Жекебатырова М.Ж., балалар, аудандық және ауыл кітапханаларының кітапханашылары қатысты.
Кітапханашылардың аудандық семинар бағдарламасы бойынша: ОКЖ әдіскері– Регина Рафаиловна «2023 жылғы есеп және 2024 жылғы бағыт», Б. Соқпақбаевтың «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты Отрадное ауылы кітапханасының кітапханашысы Светлана Витальевна, Уәлихан ауылы кітапханасының кітапханашысы Любовь Викторовна және Львов ауылы кітапханасының кітапханашысы Наталья Константиновна видеоролик көрсетіп, жазушы және оның шығармасы туралы шағын мәлімет айтылды, алпрограммист – Айнұр Кенжебекқызы «Кітапхананы әлеуметтік желілерде насихаттау» деген тақырыпта презентация көрсетіп, инстаграм парақшасын қалай тиімді пайдалану және де «қызықты видеоролик» қалай түсіру керектігі жайлы кітапханашыларға тренинг көрсетті.
Кітапхана жұмысындағы басты мақсат, бұрынғыдай өскелең ұрпақты оқуға шақырып, жоғары буын өкілдері мен біздің ауданымыздың жұмысшылары арасында оқырмандық белсенділікті арттыру.
Қорытындылай келе, Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары - Мария Жүсіпқызы, Жарқайың ауданы әкімінің атынан, ал Жарқайың ОКЖ басшысы Жұлдыз Дәулетқызы, өзінің атынан, алғыс хат және сыйлықтармен кітапханашыларды марапаттады.
ОКЖ библиографы: Бәкір Н.Қ.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
Аудан әкімдігінде Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан тұрғындары жылыту, тұрғын үй беру, ауылды оңтайландыру мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдауға жүгінген азаматтарға Жарқайың ауданының әкімі, заңға сәйкес барлық мәселелер бойынша түсіндіріп, ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларына азаматтардың өтініштерін шешу бойынша қажетті шаралар қабылдау туралы тиісті тапсырмалар берді.
Жарқайың ауданды әкімінің баспасөз қызметі.
Құрметті жарқайыңдықтар!
Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау меркенің маңызы зор.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.
Алғыс айту күні бірлігімізді бекемдеп, шынайы ықыласымыз арқылы сыйластығымызды одан әрі нығайтуымыз қажет.
Қымбатты жерлестер!
Бақыт бағалай білгеннің басында тұрақтайды. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қарашығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз. Бірлік қағидасы – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналсын! Жүрегімізде Ұлы Отан – Мәңгілік Елге деген махаббат оты маздасын!
Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.