г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Четверг, 29 февраля 2024 10:08

1 наурыз

2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.

Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.

1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.

Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.

Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.

Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.

Осы ретте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желі» ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:

Air Astana - + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;

FlyArystan - +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);

SCAT - +7 7252 99 88 80;

Qazaq Air - + 7 7273 56 14 14.

Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.

Рахима Сұлтанова ауданымызда Рая есімімен танылған апамыз, көп балалы, алтын құрсақты анамыз 85 жасқа толып отыр. 50 жасында шіттей 10 баламен жесір қалып, жолдасынан жеткен аманатты қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қоғамда өз орнын табатындай өсіріп, ер жеткізді. Олар: Пәриза, Мәрзия, Мапруза, Гульнара, Сауле, Жанна, Бибігүл, Алмагүл апаларымызбен Сағынтай және Серік ағаларымыз.

Рахима апа  1939 жылы 9 ақпанда Далабай (Братолюбовка) ауылында дүниеге келген. Есін білгеннен Есіл қаласында тұрып, бой жетті. Сол жерден өніп-өсіп, Қадеш ағамызды кездестіріп, бір сыныпта оқып, отбасын құрған. 11 құрсақ көтерген. Алланың жазуымен 1 баласы жастайынан шетінеген. Бүгінде 8 қыз 2 ұлы өз алдына үбірлі-шүбірлі болып отыр. 10 баладан 25 немере 19 шөбересі бар. Мерейтой қарсаңында ақ жаулықты, алтын құрсақты анамыздан сұхбат алуды жөн көрдік.

  • Сәлеметсізбе! Әуелгі сұрақты бала кезіңізден бастасақ. Себебі адамның буыны қатайып, келешекте парасатты болуының бастауы осы балалық шағынан болса керек.
  • Сәлеметсің бе? Мен негізі осы Далабай ауылының тумасымын. 3 жасымызда әкемнің жұмысымен Есіл ауданы Красивый ауылына көштік. Әкем Қажыкен - қазақ, анам Тұрлыбекова Бәтима(Татьяна) -орыс. Әкесі Рекин Максим Егорович деген кісі. Рекин Егор әйелі екеуі 4 баласымен Қорғалжыннан өтіп бара жатқанда атын тұсаулап жібереді. Тойған жылқы су ішемін деп өзенге кетіп өлет. Арбада қайық қана болат. Сол уақытта жақын маңдағы ауылдың болысы бұл кісілерді ауылға апарып, қой сойып, тамақтандырып, саманнан үй салып берген. Ашаршылық уақытта нағашы атам білдей ауылды балықпен асырапты. Негізі анам 16 құрсақ көтерген. Өкінішке қарай, ол уақытта медицина қатты дамымаған кез. Соның 11-і шетінеп кетті. 5 бала аман-есен қалдық. Содан Есіл қаласындағы №83-ші мектепте оқыдым. 7,5 сыныпты ғана аяқтадым. Оған себеп, мінезімнің өткірлігі болды. Ол уақытта бойым ұзын, тік мінезді жалғыз қазақ қызы болатынмын. Сыныптастарымнан екі жасқа үлкен едім. 7-ші сыныпта бақылау жұмысты орындап отырғанда алдымдағы бала менен бақылау жұмысты көшіретін болған соң алға қарауын өтінген болатынмын. Артынша бетіме қолындағы сиясын шашып жіберді. Үсті-басым бүлініп, сия-сия болдым. Ашуға булығып, қолымдағы сызғышпен ұрып қалып едім, жанағы баланың басы жарылып қалды. Кейін мұғалім келіп, түсініспей қалдық. Сөйтіп үйге келіп әкеме: «енді мектепке бармаймын, сабақ оқымаймын» -деп мектептен 7 –ші сыныпта шығып кеттім. Мектеп директоры шақырып мән-жайды анықтады. Мұғалім енді маған дұрыс көзбен қарамасын біліп, оқуды тастадым. Мектептен кеткен соң үйден едәуір қашық жерде (Быткомбинат) тігін цехы бар тұғын. Сонда тігінші болып жұмыс істедім. Тігін машинасы жетпеген соң үйдегі анамның аяқ машинасын иығыма салып алып, жұмысқа апарып сонымен тігетінмін. Бір күні 5 ай өткен соң анам  машинаны үйге әкел, үйгеде керек деген соң тігін цехынан шықтым. Ол кезде маған 18 жасыма 2 ай жетпей тұрған кез еді. Кейін көрші құрбым Таися Савина ұсыныс  тастады. Бастығы қазақ көрінет. Әкеме айттым барып сөйлес деп. Артынша әкем сөйлесіп, 1 ай тәжірибеден өтіп, емтихан тапсырып, теміржолға таразыға жұмысқа орналастым. 1960 жылы атамның жұмыстарымен Державинге көшіп келдік. Ол кісі малсою цехының директоры болды. 
  • Державиндегі өміріңіз қандай өзгерістер әкелді. Сіңісіп кете алдыңыз ба?
  • Мында көшіп келгенде темір жолда жұмысымды жалғастырдым. Балаларымның арасы жақын болды. Сол кезде орыстың келіншектері бала туа берсін деген соң намыстанып, жұмысқа шықпай қойдым. Дегенмен қайтадан жұмысқа шығып, зейнетке дейін теміржолда істедім. Бұл жаққа келгенде екі қызымыз болды Пәриза мен Мәрзия. Жолдасым әр балаға қатты қуанатын. Сағынтайды босанғанда төбесі көкке жетті. 50 жасымда зейнетке ерте шықтым. Күйеуім ауруханаға көп қаралмайтын. 1989 жылы 50 жас 6 айында асқазан жарасынан қайтып кетті. 10 баламен қалдым. Алайда қатты қиналған жоқпын. Балаларымның алды артындағы сіңілілері мен інілеріне қамқор болды. Зейнетке шықсам да орталық базарда жұмыс жасадым. Сатушылардың берген жемістерін үйге әкеліп түрлі тосап дайындайтынмын. Тәуелсіздік жылдары жерді жекешелендіру басталғанда үлкен ұлыма жер алуды ұсындым. Өйткені, қыздар өсіп келе жатыр, алды тұрмыста, әкелерің қайтқан соң үйдің ер азаматы сендерсіндер деп, әкімдікке кіріп жер алып, қарызданып-қауғаланып бидай алып, егін ектік. Мафрузаның күйеуі Камаз берді. Солай шаруашылық дөңгеленіп кетті. Кіші ұлым Серік Көкшетауда пракурордың көмекшісі болды. 4 жыл бұрын еңбек демалысына шықты. Сосын жаныма алдырып алдым. Қазір Далабай ауылында әкім қызметінде.
  • Жас отбасыларға қандай кеңес айтасыз? Балаларын қалай тәрбиелеу керек?
  • Әр заманның өзіне сай өмір сүру керек. Біздің уақытта көп бала таптық. Ол уақытта үлкендерінің киімін қалғандары жуып киіп жүре беретін. Қазір бұл жағы қиын, бәсеке, әрқайсысы жаңадан алуы керек. 5 бала табатын келіншектерде азайды. Бізде қыз бала көп болғансоң барлығына қатаң болдым. Мектепке барып, сабақтарын қадағалап жүрдім. Түрлі байқауларға киім пішіп берем болмаса, мәдениет үйінен киім әкеліп беретінмін. Би кештеріне жібермейтінмін. Барғанын көрсем шыбықпен сабайтынмын. Солай ешқайсысы бізді жерге қаратқан емес. Әр қайсысымен мақтана аламын. Өздері «Стенгазет» шығарып жүрді. Жақсы оқитындары ұшақпен, орташасы тікұшақпен нашарлары тасбақамен жүретін. Қазіргі заманда ұлтымыздың құндылықтарын үйрету керек. Себебі балалардың барлығы телефонның ішіндегі өмірді сүруде. Тіліміз ұмытылып бара жатыр.
  • Арманыңыз бар ма? Жас аналарға, халқымызға тілегіңіз қандай?
  • Арманым сол: еліміз тыныш болса, ұрпағымыз енді қолдары ауызына жеткенде соғыс көрмей, бақытты ғұмыр кешсе екен. Басқа арманым жоқ. Халықымызға ауызбіршілік, ынтымақ, татулық тілеймін.
  • Рахима апа, сүбелі сұхбатыңызға рахмет. Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз. Мерейтойыңыз тағыда құтты болсын дегіміз келеді.

Құрметті оқырман, Рахима апа халқымызға белгілі «Дударай» әнінің басты кейіпкері Мария Жагорқызының (Егор) тікелей жиен ұрпағы болып келеді. Нағашы атасы: Максим, Павел, Федор, Алексей және Мариям бірге туады. Бұл жайлы газетіміздің келесі санында Рахима апаның айтқан сөзінен баяндайтын боламыз.

Сұхбаттасқан: «Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

2023 жылғы 19 наурызда Жарқайың аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы сайланды, олар бір мандатты округтер бойынша сайланды. Олардың арасында сайлаушылардың сеніміне қайта ие болғандар да бар.

Сегізінші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатына 10 депутат сайланды. Жаңа құрам екі партиядан тұрады, 10 депутаттың 9-ы «Аmanat» партиясының мүшелері, бір депутат «Ауыл» партиясының атынан.

Депутаттық фракция «Аmаnat» партиясының аудандық мәслихатында тіркелді, жетекшісі Отрадное ауылының «Райымбек» шаруа қожалығының басшысы Р.С. Мұқанов.

Сегізінші шақырылымдағы депутаттардың жаңа құрамы 60% - ға, 6 депутат жаңа адамдарға жаңартылды. Орташа жасы-42 жас. Он депутаттың ішінде-3 әйел, 4 жас депутат.

Ауданның депутаттық корпусының жоғары білім деңгейін атап өткен жөн – жоғары білімі бар 9 депутат, арнаулы орта білімі бар 1 депутат.

Төрт депутат Ауыл шаруашылығы саласында, біреуі кәсіпкерлікте, бес депутат мемлекеттік органдарда жұмыс істейді.

Облыстық мәслихатта біздің ауданды Львовское ауылының «Татьяна и К» шаруа қожалығының басшысы Владимир Валерьевич Камышанский, «Аmanat» партиясының мүшесі, Жарқайың аудандық мәслихатының 7 - ші шақырылымының бұрынғы депутаты ұсынады.

Бірінші ұйымдастыру сессиясы 2023 жылдың 30 наурызында өтті, ал 1 сәуірде олар жаңа құрамда жұмыс істей бастады.

Екі тұрақты комиссия құрылды.

Державинск қаласы «Атай» шаруа қожалығының басшысы Ч.С. Канафин депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды.

Ауданның бюджеттік саясат және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Костычево ауылының 50 лет Октября атындағы орта мектебінің директоры С.Е. Сәрсембинов сайланды.

  2023 жылды қорытындылай келе, Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттық корпусының назарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын және стратегиялық сипаттағы басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруға байланысты мәселелер болды деп айтуға болады.

Аудандық мәслихат өз жұмысында өзіне жүктелген өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады, аудан әкімімен және оның аппаратымен, қала және ауылдық округтер әкімдерімен, аудан мекемелерімен, ұйымдарымен, аудандық «Целинное знамя» газеттерімен, «Жарқайдың тынысы», жергілікті телевизия Сара Арка, радио тығыс байланыста жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес аудандық мәслихат жұмысының негізгі нысаны сессиялық қызмет болып табылады және дәл осы сессиялар арқылы мемлекет Басшысы қойған міндеттер іске асырылады.

Қаралатын мәселелердің жоспарын әзірлеуде аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесулері барысында, аудандық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдауы мен кездесулері барысында айтылған сайлаушылардың сын ескертпелері, ұсыныстары мен өтініштері негізге алынады.

2023 жылы 21 сессия өткізілді, онда 83 мәселе қаралды, олардың ішінде өзекті мәселелер: Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі, «2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы», «2024 жылға Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы», Шойындыкөл ауылын салу және дамыту схемасы бас жоспарының оңайлатылған нұсқасын бекіту туралы, Жарқайың ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы,Жарқайың ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы.

Депутаттар ең өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелерге басты назар аударатынын атап өткен жөн.

- Жарқайың ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы;

- Ауданда мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы.

Сессия барысында бюджетті қалыптастыру, оны орындау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.17 кезектен тыс сессия өткізілді, аудан бюджетіне 6 рет қалыптастыруға және орындауға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

2021 жылдан бастап Aitube арнасында тұрақты комиссиялардың. сессиялар отырыстарының тікелей эфирі көрсетіледі. Өткен жылы аудандық мәслихаттың сайтында оның қызметіне байланысты 159 жарияланым шығарылды. Әлеуметтік желілерде екі аккаунтта 129 жарияланым орналастырылған.

Біздің 2023 жылғы жұмысымызды жариялаған аудандық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан кең және жан-жақты қолдауды атап өткен жөн. Екі газетте – «Целинное знамя» және «Жарқайдың тынысы», 40 мақала жарияланды.Жергілікті «Сарыарқа» телеарнасында Жарқайың аудандық мәслихатының жұмысы туралы шығарылымдар жүйелі түрде шығады.

Сессия жұмысына тұрақты негізде аудан әкімі және оның орынбасарлары, ауылдық округтердің, ауылдардың әкімдері, бөлімдердің, мекемелердің басшылары, жергілікті қоғамдастық төрағалары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Мәслихат депутаттары өз кезегінде әкімнің аудан халқымен кездесулеріне белсенді қатысады, консультативтік-кеңесші органдардың және атқарушы органның кеңестерінің мүшелері болып табылады.

Мұның бәрі жергілікті өкілді және атқарушы органға туындаған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын тығыз байланыста табуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депутаттардың ұсынысы бойынша сессиялар мен тұрақты комиссиялардың барлық материалдары оларға электрондық пошта арқылы алдын ала, сондай-ақ WhatsApp арқылы жіберіледі, бұл сессия материалдарын егжей-тегжейлі зерделеуге және нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Сессия қарсаңында аудан әкімінің Депутаттық сағат жұмысына қатысуы, оның депутаттық корпуспен ең өзекті мәселелер бойынша сенімді сөйлесуі жақсы дәстүрге айналды.

Сессияларда депутаттар ауданның және Державин қаласының бюджетін бекітіп қана қоймай, оны қалыптастыруға белсенді қатысады, оның кіріс бөлігін ұлғайту үшін қосымша қаражат табу, салық өрісін кеңейту - мұның бәрі ауданымыздың дамуы мен азаматтардың әл-ауқаты үшін ұсыныстар енгізеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң үдеріс көзделген мақсаттар мен перспективалық әзірлемелерге қол жеткізудегі атқарушы және өкілді биліктің тығыз өзара байланысына байланысты.

Аудан әкімінің аудандық мәслихат сессияларындағы есебі, депутаттардың қоғамдық қабылдауларының жұмысы, атқарушы билік жанындағы түрлі комиссияларға қатысу, ауданның Қоғамдық Кеңесінің үлкен жұмысы-мұның бәрі депутаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын нәтижелі орындауға, сайлаушылардың сенімін ақтауға және халық қалаулысының өкілеттіктерін табысты іске асыруға және тұрғындарымыздың азаматтық ұстанымын жандандыруға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып табылады.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары айтарлықтай жұмыс жүргізді. 2023 жыл ішінде 9 отырыс өткізілді.

Депутаттық корпустың бастамасымен аудандық мәслихатта тұрақты комиссия отырысында мәселелер қаралды –

  1. Жарқайың ауданының тұрғындарына қызмет көрсету бойынша «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының жұмысы туралы.
  2. Жарқайың ауданы бойынша отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру туралы.
  3. Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі жұмысының тиімділігі туралы.

4.Жарқайың ауданының мемлекеттік қызметшілері мен ведомстволық бағынысты органдарының лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауы бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

  1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы.
  2. Бірсуатауылыныңпроблемалары мен даму перспективаларытуралы.
  3. Аудандағысуменжабдықтауобъектілерініңжай-күйітуралы.
  4. Аудан ғимараттарының сыртқы сәулеттік келбетінің атқарылып жатқан жұмыстары туралы.

21 шілдеде аудан депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ауданның құрметті азаматтары учаскелік инспектордың, «Державин қаласы әкімі аппаратының» ММ заңгерінің, ТКШ бөлімі ММ бас маманының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Державин қаласында абаттандыру, жол белгілерін орнату, жаяу жүргіншілер жолақтарын белгілеу, шөп шабу мәселелерімен танысты.

Біз барлық ескертулерді жою бойынша қалалық әкімдікке ұсыныстар дайындадық. Депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша қаланың негізгі нысандарына барып, қазандықтарды жөндеу бойынша барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілмейтінін анықтады. Сол кезеңдегі жылыту маусымына жұмыс жеткіліксіз жүргізілді. Аталған барлық кемшіліктер «Коммунсервис» ШЖҚ МКК және «ТКШ бөлімі» ММ ұсыныстар жіберілді, сондай-ақ аудан әкіміне де жеткізілді.

27 шілдеде «Бірсуат ауылының проблемалары мен даму перспективалары туралы» мәселе бойынша С.Е.Сәрсембиновтың төрағалығымен ауданның бюджеттік саясат және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Аудандық мәслихат депутаттары Бірсуат ауылындағы мектепке барып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты, педагогикалық ұжым басшыларымен және мүшелерімен әңгімелесті, проблемаларды анықтады.

Көшпелі тұрақты комиссия ұсынымдармен – Бірсуат ауылының әкіміне қаулы шығарылды.

Аудан депутаттары атқарушы органдармен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, ауданның құрметті азаматтарымен бірлесіп, апта сайын жазғы кезеңде жүргізіліп жатқан жұмыстармен және оны орындау мерзімдерімен көше-жол желісінің орташа жөндеуімен танысып тұрды.     

Жаз мезгілінде апта сайын Пятигорское, Далабай, Тассуат, Гастелло ауылдарына барып тұрды. Жарқайың ауданы тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша Арқалық-Державинск автожолының жағдайы бойынша депутаттар мен аудан жұртшылығы арасынан Жұмыс тобы құрылды.

3 тамызда жұмыс тобы жолдың осы учаскесіне барып, Арқалық-Державинск учаскесіндегі автомобиль жолының орташа жөндеу барысымен танысты, су өткізу құрылыстарының сапасы мен құрылысын тексерді.

11 тамызда Державин қаласындағы «Шаңырақ бөбекжайы» МКҚК күрделі жөндеу мәселесі бойынша барды. Нысанды тексеру кезінде ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ, Державин қаласындағы Ленин көшесіндегі жаңа қазандықтың құрылысын қарады.

«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар жолдары, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бұқаралық ақпарат құралдарымен (телевизия, аудандық газеттер) бірлесіп жүргізілген жұмыстар бойынша, сондай – ақ ауданда осы жобаны іске асыруға байланысты көпқабатты үйлерді жылумен жабдықтау қызметтеріне қосу бойынша халықты ақпараттандыру ұсынылды.

14 тамызда аудандық мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен, Гастелло ауылының жергілікті қоғамдастығымен, бөлім басшыларымен және мердігер өкілдерімен бірлесіп «Гастелло ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен танысты.

Биылғы жылы қыркүйекте аудандағы егіс алқаптары бойынша қолайсыз табиғи құбылыс фактісі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Аудандық мәслихат төрағасы А. К. Әлжанов енгізілді.

Жұмыс тобы ЖШС және шаруа қожалықтарының егіс алаңдарына барды.

Біз тұрақты комиссиялардың жұмыс форматын толығымен жүктедік. Жоспарлы отырыстардан басқа, алғаш рет аудан тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер бойынша ұйымдар мен мекемелердің басшыларын тыңдай отырып, құқықтық білім мектебінің сабақтарын, дөңгелек үстелдер өткізу практикасын енгізді.

Атқарушы билік жанындағы түрлі комиссияларға қатысу-мұның бәрі депутаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын нәтижелі орындауға, сайлаушылардың сенімін ақтауға және халық қалаулысының өкілеттіктерін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып табылады.

Азаматтардың өз құқықтарын іске асыруы үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мәслихат депутаттары сайлау округтерінде, «Аmanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өз жұмыс орындарында азаматтардың жеке қабылдауларын өткізеді.

Есепті кезеңде облыстық және аудандық мәслихат депутаттары шамамен 127 адамды қабылдады, 90 астам кездесу өтті.

Аудан депутаттарының қабылдауында аудандағы, облыстық және Республикалық маңызы бар жолдардың жай-күйі мәселесі бойынша тұрғындар жүгінеді.

Аудан депутаттары бұл мәселені аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізді және осы жылдың бірінші тоқсанында қаралатын болады.    

Қандай мәселелерді шешу мүмкін емес, біз жоғары тұрған ұйымдарға, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарына өтінішпен хат жолдаймыз.

Аудандық мәслихат депутаттарымен барлығы - 42 сауал жолданды, оның ішінде - Жарқайың ауданы депутаттарының атынан Бірсуат ауылында жаңа мектеп салуға, Державинск-жақсы жолын жөндеуге және т.б. қаражат бөлу туралы өтініш жолданды.

Олар басқа да проблемалық мәселелер бойынша жүгінеді - мысалы, мектеп әкімшілігі жүгінді А. Үкібаев - Юбилейная көшесіндегі жол учаскесін қиыршық таспен себу мәселесі бойынша,

- Набережная көшесінде жасанды төмпешік орнату бойынша,

- мемлекеттік гранттар конкурсында наубайхана ашу туралы жобаны қолдау бойынша, 

- ҚТҚ полигонын салу бойынша,

- Н. Крупская атындағы мектептің 2024 жылға арналған құрылыс - жөндеу жұмыстары (спорт залы),

- 50 лет Октября атындағы мектеп КММ жанындағы шағын орталық ғимаратының 2024 жылға арналған құрылыс-жөндеу жұмыстары,

- Отрадное ауылынан Кенское ауылына дейінгі жолдың жай-күйіне қатысты.

- Достық кентінен Уәлиханов ауылы мектебінің КММ-не дейін оқушыларды тасымалдау үшін автокөлік бөлу бойынша көмек көрсету туралы.

Депутаттар қоғамдық іс-шараларға және қайырымдылық акцияларына үнемі белсенді қатысады, аз қамтылған отбасыларға материалдық қолдау көрсетеді, түрлі іс-шараларды өткізу кезінде демеушілік көмек көрсетеді, сондай-ақ «Мектепке жол», «Қарттар күні» акциясы, Қала іс-шаралары, ауданда және облыстық жарыстарда спорттық іс-шаралардың тұрақты демеушілері болып табылады.

Жақында депутаттар аудандық ауруханаға көмек көрсетті, аудандық және облыстық жарыстарды өткізуге, автономды жол белгілерін сатып алуға көмек көрсетті, шетте қалмай ауыр науқас балаларға ақша аударып көмектеседі.

Депутаттардың жұмысы туралы халықты толық хабардар ету үшін аудандық мәслихаттың веб-порталы, Инстаграмм, әрбір депутат пен қоғамдық кеңес мүшесінің Facebook-те өз парақшасы ашылады, онда жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар, іс-шаралар, фото-видео материалдар, халықпен жұмыс уақтылы көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысын талдай отырып, уақтылы қабылданған шаралар кешенінің арқасында біз негізгі жобаларды іске асырып, азаматтарымызды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ете алдық.

Ауданның депутаттық корпусы тұрғындарымыздың игілігі үшін Жарқайың ауданының күрделі әлеуметтік - экономикалық мәселелерін табысты шешу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіретін болады.

 1 ақпанында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды.

Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтың 8-ші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуі облыстық депутат Марат Қойшыбаевтың, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Жанна Искакованың қатысуымен, сондай - ақ өткен шақырылымдардың бұрынғы депутаттарының қатысуымен өтті. Әріптестерімен айтарлықтай кеңейген өкілеттіктер тізімін, депутаттық қызметті жандандыру жөніндегі ұсыныстарды талқылай отырып, олар халықтан келіп түсетін ең өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл жоспарларын нақтылады.

Кездесу соңында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ауданның депутаттық корпусының ардагерлері Виталий Камышанский мен Николай Семкинге алғыс хаттар табыс етті.

Жұмыс сапарының соңында депутаттар Пригородное ауылындағы Абай атындағы мектепке барып, мектептің жай-күйімен танысты. Ағымдағы жылы бюджеттен мектептін шатырын жөндеуге қаражат бөлінді. Енді мектепті толық көлемде жөндеу үшін білім бөлімі қаражат сұрады. Себебі білім ордасының екінші қабаты  жыларман болып, әрі қабырға төбелерінен су аққан іздері тұр. Тіпті ақбалшығы құлап, су тиген орындар көгерген. Балалар әзірге 1 қабатта оқып жатыр. Аталмыш мектеп 1977 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмеген, тек осыдан 10 жыл бұрын төбесі ауыстырылыпты. Оның өзінде сапасыз жасалған дейді. Мектепте 87 бала білім алуда. Мектепті толық жөндеуге қанша қаражат кетері белгісіз. Алайда құр жобалық сметалық құжаттарды дайындауға 3-4 млн. шамасында қаржы керек деп отыр. Бейбіт Жүсіпов мектепті толық аралап, ғимараттың мүшкіл халімен танысты. Жылу жүйесіне де көңілі толмайтынын мойындады. Сол үшін мектеп директорына от жағатын қызметкерлерді қадағалап, қазандықтан шығатын қызу температурасын бақылап отыруды тапсырды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовтың 2024 жылғы 1 ақпандағы №16 өкімімен Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып Еркін Орынбайұлы Әубәкіров тағайындалды.

1 ақпанда аудан әкімі, Еркін Әубәкіровті ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің ұжымына таныстырды.

Еркін Әубәкіров 1982 жылы 9 қазанда Державин қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 2005 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Пятигорское ауылындағы шаруа қожалығында бухгалтер болып бастаған. Соңғы жұмыс орны Пригородное ауылының әкімі. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан астам.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Понедельник, 05 февраля 2024 07:44

Ресми

Достар, осы жылдың 8 – 14 қыркүйек аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Шараға 100- ден астам мемлекеттен 4000 – ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұраны - «ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ»

#ДКО2024
#ВИК2024
#5Дүниежүзіліккөшпенділеройындары
#BИК_АСТАНА
#5NomadGames
#5worldnomadgames #nomadgamesastana #worldnomadgamesastana
#ұлыдаладүбірі

Іс шараның мақсаты - әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйелдер көшбасшыларын қолдауға және біріктіруге бағытталған.

Сонымен қатар өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасын және қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған неғұрлым маңызды және пайдалы жобаларды, бастамалар мен практикаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі.

Жобаның бағыттары:

Агробизнес саласындағы үздік жоба

Үздік ІТ жобасы

Шығармашылық индустрия саласындағы үздік жоба

Жаңа медиа саласындағы үздік жоба (БАҚ, әлеуметтік желілер)

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба

Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба

Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы

Үздік әйел кәсіпорын басшысы

Әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ және басқалары

Өтініштер а.ж. 5-16 ақпан аралығында Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. поштасына қабылданады.

Облыста деңгейде іріктеуден өткен жеңімпаз республикалық деңгейге өтеді

Ережемен Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы сайтында танысуға болады

Объявлен Республиканский конкурс лучших женских проектов «АруАна»

Проект  направлен на поддержку, объединение и продвижение женщин-лидеров, реализующих лучшие идеи и проекты социальной направленности.

Направления проекта:

Лучший проект в сфере агробизнеса.

Лучший IT-проект

Лучший проект в сфере креативной индустрии

Лучший проект в сфере в новых медиа (СМИ, социальные сети).

Лучший проект в сфере защиты прав женщин и детей.

Лучший проект в сфере инклюзивного развития.

Лучший проект в сфере науки и инноваций.

Активный правозащитник в сфере защиты прав женщин и детей.

Лучшая женщина – руководитель предприятия.

Лучшее НПО в сфере защиты прав женщин и другие.

Прием заявок с 5 по 16 февраля 2024 года на почту Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..

Победитель, прошедший отбор на уровне области, переходит на республиканский уровень

С положением можно ознакомиться на сайте Управления внутренней политики Акмолинской области

Пятница, 02 февраля 2024 07:13

1 Наурыз

1 наурызда Ақмола облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу басталмақ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің айтуынша, мұндай жобаның мақсаты - мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту.

Ведомство басшысы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен журналистермен кездесуде кадрлық резервке алынған үміткерлер "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Алайда, олар сайланатын лауазымдарға қызметке тағайындала алмайды.

"Өңірлік жастар кадр резервіне үміткерлерді іріктеу 6 салалық бағыт бойынша іске асырылады. Олар индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру. Іріктеуге 35 жастан аспаған, 3 жыл еңбек өтілі бар, жоғары білімді Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады", - деп мәлімдеді Думан Әбілев.

Іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Құжаттарды қабылдау 1-31 наурыз аралығында өтеді. Жобаға қатысуға үміткерлер осы аралықта жеке басын куәландыратын құжат, өтініш, білім туралы диплом көшірмесі, еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі сынды құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасына жүктеуі, пошта арқылы жолдауы немесе қолма-қол ұсынуы тиіс.

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұлдар арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті.

Ашылу салтанатында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Әлжанов, облыстық мәслихат депутаты В. Камышанский және аудандық мәслихат депутаты Е. Рыжков қатысушыларды қарсы алды. Турнирге Астана мен Атбасар, Қостанай қалаларымен Жақсы және Жарқайың аудандарының  80 ге жуық балуаны жиналды.

Турнир 14 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Ауданымыздың намысын қорғаған 22 спортшының ішінен Крутихин Руслан, Манафов Таир, Васильцов Витали және Жақыбай Амир өз салмақ дәрежесінде жарыстың чемпиондары атанды. Сонымен қатар ауданымыз 4 алтын, 6 күміс, және 5 қола медал еншіледі. Турнир жүлдегерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған іс-шараның демеушілері облыстық мәслихат депутаты Владимир Камышанский, аудандық мәслихат депутаттары Евгений Рыжков, Райымбек Мұқанов, Чингиз Канафин, АПБ бастығы полиция подполковнигі Алмас Оразалин және «Рассвет-М» ЖШС басшысы Ильшат Хабиров болып табылады.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Пятница, 02 февраля 2024 04:06

Шеберлік сағаты

Аудандық білім бөлімінің жоспары бойынша Жарқайың ауданы мектептерінің әдіскерлерімен кездесу өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлшат Нұрпейсова қатысып, ұстаздарға бүгінгі заман талабына сай білім берудегі педагогтің рөлін түсіндірді.   

Гүлжан Исаева «Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылымына өзгерістер енгізу арқылы оқу-тәрбие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.  Өзін-өзі жүзеге асыруға, кәсіби құзыреттілікке, нәтижелілікке, үш бағыт бойынша қол жеткізуге ықпал ететін педагогтердің кәсіби дамуында ынталандыру рөлін атқаратын Әдіскерлік бөлім әдіскер-басшысының жұмысы туралы айтып берді:

- тәрбиеленушілердің білім сапасын арттыру;

- педагогтарды оқыту сапасын арттыру;

- педагогтерді аттестаттау.

Жұмыс барысында мектептердің ӘБ басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті, үш бағыт бойынша туындаған қиындықтарды жеңу үшін жұмысты қалай жақсартуға болатыны туралы әңгімеледі.

Аудандық білім бөлімінен жұмыста орындау үшін ұсыныстар берілді. Мектеп әдіскерлері мен ұстаздарының  барлық тілектері ескерілді. Кездесу қызықты, танымдық қасиеттерге толы және жемісті өтті.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Страница 12 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…