ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұлдар арасында грек-рим күресінен ашық облыстық турнир өтті.
Ашылу салтанатында Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Әлжанов, облыстық мәслихат депутаты В. Камышанский және аудандық мәслихат депутаты Е. Рыжков қатысушыларды қарсы алды. Турнирге Астана мен Атбасар, Қостанай қалаларымен Жақсы және Жарқайың аудандарының 80 ге жуық балуаны жиналды.
Турнир 14 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Ауданымыздың намысын қорғаған 22 спортшының ішінен Крутихин Руслан, Манафов Таир, Васильцов Витали және Жақыбай Амир өз салмақ дәрежесінде жарыстың чемпиондары атанды. Сонымен қатар ауданымыз 4 алтын, 6 күміс, және 5 қола медал еншіледі. Турнир жүлдегерлері медальдармен және грамоталармен марапатталды, ал жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған іс-шараның демеушілері облыстық мәслихат депутаты Владимир Камышанский, аудандық мәслихат депутаттары Евгений Рыжков, Райымбек Мұқанов, Чингиз Канафин, АПБ бастығы полиция подполковнигі Алмас Оразалин және «Рассвет-М» ЖШС басшысы Ильшат Хабиров болып табылады.
"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.