г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды

 1 ақпанында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды.

Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтың 8-ші шақырылған Жарқайың аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесуі облыстық депутат Марат Қойшыбаевтың, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Жанна Искакованың қатысуымен, сондай - ақ өткен шақырылымдардың бұрынғы депутаттарының қатысуымен өтті. Әріптестерімен айтарлықтай кеңейген өкілеттіктер тізімін, депутаттық қызметті жандандыру жөніндегі ұсыныстарды талқылай отырып, олар халықтан келіп түсетін ең өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен іс-қимыл жоспарларын нақтылады.

Кездесу соңында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай ауданның депутаттық корпусының ардагерлері Виталий Камышанский мен Николай Семкинге алғыс хаттар табыс етті.

Жұмыс сапарының соңында депутаттар Пригородное ауылындағы Абай атындағы мектепке барып, мектептің жай-күйімен танысты. Ағымдағы жылы бюджеттен мектептін шатырын жөндеуге қаражат бөлінді. Енді мектепті толық көлемде жөндеу үшін білім бөлімі қаражат сұрады. Себебі білім ордасының екінші қабаты  жыларман болып, әрі қабырға төбелерінен су аққан іздері тұр. Тіпті ақбалшығы құлап, су тиген орындар көгерген. Балалар әзірге 1 қабатта оқып жатыр. Аталмыш мектеп 1977 жылы салынған. Содан бері жөндеу көрмеген, тек осыдан 10 жыл бұрын төбесі ауыстырылыпты. Оның өзінде сапасыз жасалған дейді. Мектепте 87 бала білім алуда. Мектепті толық жөндеуге қанша қаражат кетері белгісіз. Алайда құр жобалық сметалық құжаттарды дайындауға 3-4 млн. шамасында қаржы керек деп отыр. Бейбіт Жүсіпов мектепті толық аралап, ғимараттың мүшкіл халімен танысты. Жылу жүйесіне де көңілі толмайтынын мойындады. Сол үшін мектеп директорына от жағатын қызметкерлерді қадағалап, қазандықтан шығатын қызу температурасын бақылап отыруды тапсырды.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы О.Зейнолла.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…