г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Қазақстанда қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады. 2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелді, оның ішінде 10 563 науқас 14 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер – 354, ересектер – 1 754.

70% немесе 8 866 жағдай вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, екенін, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 5 286, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1 555, егу жасына жетпеу – 1 930, өзге себептер – 93 екенін айта кету керек. Тағы 16% немесе 2 062 жағдай белгісіз вакцинациялау мәртебесі бар адамдар.

Қызылшаны тіркеу елдің барлық өңірлерінде байқалады.

Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін шұғыл ден қою шаралары қабылданады.

Қазақстан Республикасының халқының арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуының алдын алу және елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында "Қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 7 қаулысы шығарылды.

Көрсетілген қаулыға сәйкес ағымдағы жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундауды (ҚЖИ) жүргізуді бастау жоспарлануда.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/648024?lang=kk

Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен "Қазақ тілі - азаматтық бірегейлігіміздің және рухани бірлігіміздің нышаны" тақырыбында өткен іс шараға Жарқайың ауданы Тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұргүл Жақсылыққызы Искакова қатысып, мемлекеттік тілдің ең ауқымды қолданысын қамтамасыз етуге және мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас аталуы жолындағы қажырлы еңбегі үшін облыс әкімдігінің алғыс хатына ие болды.

Жарқайың ауданының тілдер орталығы.

Отрадное ауылы тұрғындарының Отрадное ауылынан Кенское ауылына дейінгі жолдың (грейдердің) жай-күйіне қатысты аудандық мәслихатқа келіп түскен көптеген шағымдары бойынша № 4 сайлау округінің депутаты Р.С. Мұқанов ауыл әкімі Б. Есентаевпен және жергілікті қоғамдастықтың төрағасы Ж. Мұқановпен бірге аталған жолды (9 км), сазды қиыршық тасты қарап, автокөлікпен жүру қиын екенін айтты.

Жарқайың аудандық мәлихаты.

Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні
Құжаттар тізбесі:

Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының мәліметтері, банктік шоттың нөмірі туралы, өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:

1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама.

Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі беріледі, құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Порталда:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш сұрау салуы;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі;

3) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

Бас тарту үшін негіздеме: 1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынғанда өтініш берушіге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

«Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

 8 қарашасында «Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» мәселесі бойынша бейнеконференцбайланыс режимінде отырыс өтті.

Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы А. Әлжанов және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Рамазанова қатысты.

Жарқайың аудандық мәлихаты.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының қатысуымен 10 қарашада Жарқайың Аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Ұлттық ономастика – рухани құндылықтың факторы» атты кеңес өткізілді. Іс-шараға ауыл-аймақ әкімдері, қоғам белсенділері, ономастикалық жұмыс тобының мүшелері, тарих мұғалімдері, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері шақырылды. Кеңесте арнайы келген Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Д.Қоспанов сөз сөйледі. Ол бүгінгі таңда еліміз үшін атауы ескерген ауыл-аймақ, қала атауларымен, көшелерін атауларын қайта атау бойынша жұмыстарды жүргізгенде қойылатын басты талаптармен міндеттерді айтып, өз ұсынысын білдірді. Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов атындағы университет магистрі, «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі Д.Шахатова бұл салада құрылған жұмыс тобының мақсатымен таныстырды. Және бүгінге дейін атқарылған негізгі жұмыстарды тілге тие кетті. Жарқайың ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Баймулдинов баяндама оқып, ауданымызда аталмыш жұмыс қалай жүріп жатыр, қанша атау қайта атауға жатады деген сынды сұрақттарды ортаға салды. Айта кетерлігі, биыл Державин қаласының атауын «Кенесары хан» атауын қайта атау бойынша бірқатар оң қозғалыстар басталған болатын. Қазір ол әліде күн тәртібінде тұр. Костычево ауылдық округінің әкімі Ғ.А.Байдильдин өзінің атқарған жұмысының негізінде тәжірибемен алмасу мақсатында сөз сөйлеп, қажетті мәселелерді көтерді. Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Жарқайың аудандық филиалының төрағасы О.Зейнолла өз ұсыныстарын ұсынып, ономастика жөніндегі бас маман Н.Шпанова бұл мәселе бойынша өз пікірін білдірді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

13 қарашада аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Мария Жекебатырованың төрағалығымен, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әсем Шәкірова аудан активіне Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ағыбай Мұстаховты таныстырды.

Ағыбай Мұстахов, 1992 жылы туған, Қарағанды облысының тумасы. Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шортанды ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің есептік кездесулері 13 қарашада Костычев, Отрадный ауылдық округтерімен, Үшқарасу Пятигор, Тасөткел ауылдарының тұрғындарымен кездесуден басталды. Жұмыс тобында: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.Жаныбеков, Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов, «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» бөлімінің басшысы С.Макрдумян, «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің» басшысының орынбасары Т.Бейсенов, Білім бөлімінің басшысы Г.Нұрпейсова, аудандық пракурор Д.Гришин, АПБ басшысы А.Оразалин, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Ж.Семжанова, Ветеринарлық станцияның директоры А.Қылышбеков, «Қазақтелеком» АҚ-ның жетекшісі С.Сайдалин, АЭС басшысы Б.Кабдуллин және БАҚ өкілдері кірді.

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2023 жылдың үшінші тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы хабардар етті.

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов:

2023 жылдың басынан аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 млрд. 74,3 млн. теңгені құрады, немесе 107,2%.

Аудандық бюджет түсімдері 3 млрд. 235,5 млн. теңгені немесе жоспардан 108,4% құрады.

Шығындар бойынша орындалуының 3 млрд. 110,5 млн. теңгені немесе жоспардан 99,7% құрады.

Ауданның негізгі капиталына 2023 жылдың басынан бастап 8 млрд. 509,3 млн. теңге инвестиция тартылды немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 206,8%.               

Қарастырылып отырған кезеңде инвестицияларды салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен 6 млрд. 186 млн. теңге, басқа алым қаражаты есебінен 2 млрд. 32,8 млн. теңге, бюджет қаражаты 290,4 млн. теңге инвестициялар болды.

Халықпен кездесу барысында: ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есептері, жергілікті учаскелік полиция қызметінің атқарған жұмысы тыңдалды.

Ауыл тұрғындарымен кездесуде: денсаулық сақтау, білім беру, жол мәселесі және басқа да сұрақтар көтерілді.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.

«Азаматтық қорғаныс» және «Өрт қауіпсіздігі» айлықтарын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Жарқайың азаматтық қорғау гарнизонының Державин қаласындағы №12-өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында Николай Островский атындағыорта мектебінің оқушыларына экскурсия өткізілді. Жалпы саны 50 оқушы.

Осы шараның өткізудегі ең негізгі мақсаты келешек ұрпаққа азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру,кезекші қарауылының жеке құрамының жауынгерлік қызметімен және гарнизонның құрал-жабдықтарымен таныстыру, жас ұрпаққа өз еліне деген патриотизмге тәрбиелеу. Оқушыларға осы қүн ерекше әсер қалдырды, өйткені оларды ғимараттың барлық бөлмелеріне экскурссия  өткізілді, қызметтік және тұрмыстық бөлмелермен таныстырылды, оқушыларғадың назарына бөлімнің автогаражында өрт сөндіруде пайдаланылатын өртке қарсы қызметіне арналған техникалар көрсетілді.

Оқушылар өздері тыныс алу аппараттарына қосылды. Оларға кезекші ауысым жеке құрамымен дабыл бойынша жиналу және шығу № 4 нормативтің орындалуы үлкен әсер қалдырды. Экскурсияның соңында №12-ӨСБ-нің оқу сыныбында Жарқайың ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты М.Н. Бердыгалиев оқушылармен «от жағу кезеңіндегі өрт қауіпсізді Ережелері» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді, әңгімелесу соңында барлық оқушыларға жадынамалар табыс етілді.

12-ӨСБ Державинск қ. және Жарқайың ауданы ТЖБ.

Понедельник, 13 ноября 2023 03:21

Дін аралық татулықтың тұғыры

Қазіргі әлемде қақтығыстар шиеленісіп, жаңа "ыстық нүктелер" пайда болып, бұрыннан бар шиеленістер күшейе түсуде. Мұндай жағдайда уақытты жоғалтпау және әлемдік қоғамдастықта бейбітшілікті нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану өте маңызды.Бұл жағдайда діни көшбасшылар қақтығысты шешуге үлес қоса алады.

Діннің осы аспектідегі әлеуетін бағаламауға болмайды. Дүние жүзіндегі халықтың шамамен 85% - ы дінді ұстанады, бұл діни көшбасшылардың бейбітшілікті орнатудағы жоғары әлеуетін көрсетеді. Қазақстан көптеген жылдар бойы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұғырнамасында діни лидерлер арасында диалог ұйымдастырып келеді. Біздің еліміз бұл жұмысқа жүйелі түрде қараудың бірегей үлгісі болып табылады.

Дін ортақ құндылықтар мен принциптерге сүйене отырып, әртүрлі мәдениеттер мен нанымдардағы адамдар үшін біріктіруші фактор ретінде қызмет етуі керек. Соғыстарды діндер емес, мемлекеттер жүргізетінін түсіну маңызды. Дін, керісінше, бейбіт және тұрақты бейбітшілікке ықпал етіп, қақтығыстардың алдын алып және оларды шешуге ықпал ете алады.

11 қазанда Астанада дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің отырысы өтті, оған әлемнің 24 елінің өкілдері қатысты. Алдағы 10 жылға арналған съезд тұжырымдамасы қабылданды, ол әлемдік қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуде діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру үшін нақты шараларды көздейді. Бұл қадам өткен 20 жыл ішінде өзінің тұрақтылығы мен өзектілігін көрсеткен Съезді дамытудағы маңызды кезең болып табылады. Жаңакезеңодан да сәттіжәнетиімдіболатынынасенімдімін.

Нұржан Бауыржанұлы Муратов, Ақмола облысы Дін істері басқармасы

 «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ бөлім басшысы.

Страница 17 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…