Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов ауыл-аймақтарда есептік кездесулер өткізді
Аудан әкімінің есептік кездесулері 13 қарашада Костычев, Отрадный ауылдық округтерімен, Үшқарасу Пятигор, Тасөткел ауылдарының тұрғындарымен кездесуден басталды. Жұмыс тобында: Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары А.Жаныбеков, Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов, «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» бөлімінің басшысы С.Макрдумян, «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің» басшысының орынбасары Т.Бейсенов, Білім бөлімінің басшысы Г.Нұрпейсова, аудандық пракурор Д.Гришин, АПБ басшысы А.Оразалин, Жарқайың аудандық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Ж.Семжанова, Ветеринарлық станцияның директоры А.Қылышбеков, «Қазақтелеком» АҚ-ның жетекшісі С.Сайдалин, АЭС басшысы Б.Кабдуллин және БАҚ өкілдері кірді.
Аудан әкімі ауыл тұрғындарын 2023 жылдың үшінші тоқсандағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2023 жылдың төртінші тоқсанына арналған міндеттер туралы хабардар етті.
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов:
2023 жылдың басынан аудан бойынша жалпы мемлекеттік бюджетке түсімдер 2 млрд. 74,3 млн. теңгені құрады, немесе 107,2%.
Аудандық бюджет түсімдері 3 млрд. 235,5 млн. теңгені немесе жоспардан 108,4% құрады.
Шығындар бойынша орындалуының 3 млрд. 110,5 млн. теңгені немесе жоспардан 99,7% құрады.
Ауданның негізгі капиталына 2023 жылдың басынан бастап 8 млрд. 509,3 млн. теңге инвестиция тартылды немесе 2022 жылдың тиісті кезеңіне 206,8%.
Қарастырылып отырған кезеңде инвестицияларды салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен 6 млрд. 186 млн. теңге, басқа алым қаражаты есебінен 2 млрд. 32,8 млн. теңге, бюджет қаражаты 290,4 млн. теңге инвестициялар болды.
Халықпен кездесу барысында: ауыл, ауылдық округ әкімдерінің есептері, жергілікті учаскелік полиция қызметінің атқарған жұмысы тыңдалды.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде: денсаулық сақтау, білім беру, жол мәселесі және басқа да сұрақтар көтерілді.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы О.Зейнолла.