
zharkain
Рухани келісім күні
18-қазан күні Аудан мәдениет үйінде Рухани келісім күні атап өтілді. Оған аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырова, ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ.Ахметова, Державин қаласының әкімі З.Смағұлов, аудандық мешіттің бас имамы А.Оспан, ауданымыздағы түрлі діни конфессиялардың өкілдері мен мешіт жамағаты, ардақты ақсақалдар қатысты. Рухани келісім күні қарсаңында орталық саябаққа шие көшеттері отырғызылды. Мұнда баршасы игі шараға атсалысып, қасиетті бастаманы қолдады. Кейін, жиын аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Қатысушылар дөңгелек үстел басында басқосып, жайылған ақ дастарханнан дәм татты. Аудан әкімінің орынбасары М.Жекебатырова жиын қатысушыларын мерейлік күнімен аудан әкімінің атынан құттықтап, ауданымызда рухани келісімді нығайтуға атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар, Аудандық мешіттің бас имамы А.Оспан асыл дініміздегі рухани келісімнің маңыздылығына тоқталып, ислам әруақытта да татулыққа үндейтінін жеткізді. Қатысушылардың баршасы ақжарма тілектерін айтып, алдағы уақытта қазақ еліне бейбітшілікпен ұйымшылдық тіледі. Дөңгелек үстелде аудан өнерпаздары күй шертіп, жиылған жұртты терең ойға батырды.
«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Кезектен тыс ХVIII сессия
17 қазанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжановтың төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-3/3 «Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану.
- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-42/3 «2023 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
- «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу.
- «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын беру.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Мемлекеттік кірістер басқармасы «Ашық есік күнін» өткізді
Жарқайың ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 13 қазан күні «Ашық есік күнін» өткізілді. Оның мақсаты салық төлеушілердің салықтық сауаттылығын арттыру болды.
Іс-шара барысында: - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, «SalyqBot», Жалпыға бірдей декларация, Жеке тұлғалардың банкроттығы, мобильді қосымшалар, «E-Salyq-Azamat», «E-Salyq Business», бөлшек саудасы, Үш бөлікті интеграциялық жүйе тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла
Көңілді старт
16 қазанда Дүниежүзілік нан күніне арналған Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары арасында көңілді старттар өтті. Жарқайың Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айгүл Әшімқызы Әлжанова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа бас аяғы 3 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс соңында жарысқа қатысушыларға дастархан жайылды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.
Ко дню Республики акмолинцы получат социальные выплаты
Ежегодно жители Акмолинской области из социально уязвимых слоев населения получают денежные выплаты в преддверии крупных государственных праздников.
Ко дню Республики 49 950 акмолинцев получат материальную поддержку.
Об этом сообщили в управлении координации, занятости и социальных программ Акмолинской области.
— Среди тех, кто получит денежные выплаты 3330 детей с инвалидностью до 18 лет, так же, лица с ограниченными возможностями с 1, 2, 3 группой инвалидности – 26 103 человека. А точнее, представители первой группы – 3093 человек, второй — 10781, третей группы – 12229 человек. Так же, среди них есть 20 550 пенсионеров с минимальной пенсией, к слову, минимальный размер пенсии составляет 53 076 тенге, — уведомили в управлении координации занятости и социальных программ Акмолинской области.
Сообщается, что ко дню Республики выплаты запланированы в 13 регионах области, а точнее, в городах Кокшетау и Косшы, Атбасарском, Аршалынсомй, Ерейментауском, Жаксынском, Жаркаинском, Зерендинском, Сандыктауском, Целиноградском, Шортандинском, Коргалжинском и районе имени Биржан сал.
Примечательно, что из вышеназванных райнов в 11 регионах выплаты произведены со 2 октября текущего года, в городах Косшы и Коргалжинском районе платежи поступят к 25 октября.
Как сообщили в ведомстве, в 7 регионах области акмолинцам из категории социально уязвимыз слоев населения выплачены средства ко Дню Конституции согласно плана, который был намечен на 30 августа 2023 года.
К слову, денежные выплаты получили жители Аккольского, Астраханского, Буландынского, Бурабайского, Егиндыкольского, Есильского районов и города Сепногорск. По информации управлении координации занятости и социальных программ Акмолинской области, работа по поощрению жителей области с особыми потребностями будет выполняться комплексно, социальные выплаты приуроченные к праздникам продолжатся.
https://aqmolanews.kz/ru/2023/10/19/ko-dnyu-respubliki-akmolincy-poluchat-socialnye-vyplaty/
Ресми
Ресми
Министрлік бұқаралық ақпарат құралдарына әрдайым көмектесуге дайын.
Өңірлік БАҚ-қа қаржылай қолдау өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында жергілікті атқарушы органдардың конкурстарына қатысу арқылы жүргізіледі. Өйткені өңірлік БАҚ жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Өздеріңізге мәлім, өңірлік БАҚ-тың өтініштерінің нәтижесінде Министрлік өңірлік ақпараттық тапсырысты мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарып, конкурс түрінде өткізуге бастамашылық жасады. Бұл да өңірлік БАҚ-қа, әсіресе аудандық БАҚ-қа үлкен қолдау деп есептеймін.
Марапаттау мәселесіне келетін болсақ, Министрлік тарапынан мемлекеттік мерекелер қарсаңында БАҚ өкілдерін ведомстволық наградалармен («Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Алғыс хат», «Құрмет грамотасы») марапаттау дәстүрге айналды. Наградаға ұсыныстарды БАҚ-тың меншік иесі, жергілікті атқарушы органдар немесе басқа да ұйымдардың атынан жолдай аласыздар. Ұсыныстарды Министрлік жанынан құрылған арнайы комиссия қарап, шешім шығарады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік наградалар, «БАҚ қызметкерлері күніне» орай Президенттің арнайы сыйлығы, гранттары мен алғысы, Министрлік жыл сайын өткізетін «Үркер», «Тұмар» сыйлықтары бар. Министрліктің сайтында, әлеуметтік желілерінде аталған марапаттар бойынша ақпараттар бар.
Бұдан бөлек, биылдан бастап мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін сыйлықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл сыйлықты алуға өтінімдер ағымдағы жылы 1-30 қыркүйек аралығында қабылданды.
Сіздер де Министрліктің жоғарыда атап өткен шараларына қатыса аласыздар.
Ресми
Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларының әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
А.ж. 6 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлаукомиссиясының отырысы өтті. Ағымдағы сайлаунауқанының екінші отырысы аясында 45 пилоттық аудан мен облыстық маңызы бар қаланың әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындысы қаралды.
Отырысқа облыстардың аумақтық сайлаукомиссияларының төрағалары мен мүшелері (бейнеконференция режимінде), саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Отырыс сурдоаударманы қамтамасыз ете отырып, ОСК интернет-ресурсында және Youtube-та көрсетілді.
ҚР ОСК Төрағасы отырысты аша отырып, 26 қыркүйектен бастап 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын даярлау мен өткізу аясында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында аумақтарға инспекциялық сапарларды бастағанын хабарлады.
Осылайша, бүгінгі күнге ОСК мүшелері 9 өңірінің - Ақмола, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының 24 пилоттық ауданы мен облыстық маңызы бар қалаларына барып, сайлаудыдайындау және өткізу барысымен танысты, сайлаупроцесіне қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, практикалық кейстерді талдады.
Инспекциялық сапарлар барысында жергіліктіжерлерде аудандық аумақтық сайлау комиссияларыучаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін ұйымдастыратын каскадтық әдіспен өткізілетін оқу семинарларының сапасын бақылау мәселелеріне ерекшекөңіл бөлінеді.
А.ж. 11 қазаннан бастап өңірлерге жоспарланған инспекциялық сапарлар жалғасын табады.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндама жасады.
Ол сайлау науқаны кезінде барлығы 249 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның 36,24% – саясипартиялар, 63,86% - өзін-өзі ұсынды.
Бір орынға ең жоғары бәсекелестік - Жамбыл облысында (Жуалы ауданы), Жетісу облысында(Кербұлақ ауданы), Түркістан облысында (Бәйдібек ауданы) 9 үміткерден, ең төмен – 3 үміткер Ақмола облысында (Жақсы ауданы), Атырау облысында (Исатайауданы), Батыс Қазақстан облысында (Қаратөбе ауданы), Қостанай облысында (Алтынсарин, Денисов, Қарабалық аудандары).
Ұсыну барысында барлық тіркелген 7 саяси партия өз белсендігін көрсетті: "Ақ жол" ҚДП, AMANAT, "Ауыл" ХДПП, Байтақ, ЖСДП, ҚХП, Respublica,партиялары.
Ұсынылған үміткерлердің орташа жасы - 47 жас. Үміткерлердің ең көбі - 35 пен 55 жас аралығында - 68,27%. Ең ересек үміткер Атырау облысының Қызылқоға ауданында - 62 жаста, ең жас үміткер БатысҚазақстан облысының Тасқала ауданында - 27 жаста.
Кандидаттардың көпшілігі ер адамдар. Соныменқатар 13 әйел адам ұсынылды.
Кандидаттардың 63,05%-ы мемлекеттік қызметшілер болып табылады; 9,64% - бюджет саласының қызметкерлері, 14,86% - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді; 0,8% - саяси партияларда және ҮЕҰ - да жұмыс істейді, 6,83% - уақытша жұмыс істемейді, 4,82% - басқа жұмыспен қамту топтарының өкілдері.
Бұл ретте ұсынылған кандидаттардың 21,69% - экономистер, 19,28% - заңгерлер, 14,46% - оқытушылар, 13,6% - инженерлер, 9,64% - ауыл шаруашылығы біліміжәне 21,28% - басқа мамандықтардың өкілдері.
Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеужүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 10 қазанда сағат - 18.00-ге дейін жалғасады.
Константин Петров кандидаттарды ұсыну қорытындылары бойынша барлық ақпарат тиістіаумақтық сайлау комиссияларының сайттарында, ал өңірлер бойынша сілтемелері бар жиынтық ақпарат Орталық сайлау комиссиясының сайтындажарияланатынын атап өтті.
Сондай-ақ аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы аумақтық сайлаукомиссияларының төрағалары есеп беріп, ағымдағы науқанның барысы, пилоттық өңірлердің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну нәтижелері және сайлау науқанын өткізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралыхабарлады.
Кандидаттардың ұсынылуын қорытындылай келе, Нұрлан Әбдіров сайлау процесінің ең маңызды кезеңдерінің бірі болып табылатын кандидаттардың ұсынылуы 5 қазанда сағат 18.00-де аяқталғанын және бұл кезеңнің өте белсенді болғанын атап өтті.
ОСК басшысы отырысқа қатысушылардың назарынОрталық сайлау комиссиясының азаматтарды ағымдағы сайлау науқанының барысы туралы кеңінен хабардар етумәселелеріне ерекше көңіл бөлетініне аударды. Өткен отырыста аумақтық сайлау комиссияларының төрағаларына коммуникацияның түрлі арналары арқылы сайлау процесіне барлық қатысушылардың сайлаутуралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін тұрақты әрі жекебақылауда ұстауды тапсырды. Бұл мәселеде сайлауоргандарына барынша көмекті тиісті уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар көрсетуге тиіс.
Осы мәселе бойынша ҚР ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова әкімдердің сайлауы өтіп жатқан барлық өңірлерде дауыс беру күні туралы ақпараттық баннерлердің орналастырылғаны және жергіліктітелевизиялық БАҚ эфирінде ақпараттық науқанның басталғаны туралы хабарлады.
ОСК Төрағасы өңірлерге бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді және кандидаттарға үгіттік баспаматериалдарын орналастыру үшін жеткілікті орынберуді тапсырды.