Көңілді старт
Пятница, 20 октября 2023 04:13
16 қазанда Дүниежүзілік нан күніне арналған Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары арасында көңілді старттар өтті. Жарқайың Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айгүл Әшімқызы Әлжанова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа бас аяғы 3 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыс соңында жарысқа қатысушыларға дастархан жайылды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.