г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Пятница, 06 октября 2023 05:19

Ресми

Пятница, 29 сентября 2023 05:59

Тасөткелдік отбасы үйлі болды

Ауылдардың дамуы тек мемлекетпен байланысты емес, сонымен қатар сол ауылда тұрып жатқан, өз елінің патриоттары мен қалталы, атқамінер азаматтарға да байланысты. Себебі, ауылға барлық жағдайды жасау әрбір азаматтың борышы. Ауданымызда күн санап өніп-өсіп келе жатқан ауылдар жоқ деп айтуға келмес. Оған дәлел - Тасөткел ауылы. Мұнда жыл сайын жаңа үйлер салынып, көшелер дұрысталып, ауылға көрік берілуде. Елді-мекеннің дамуына бірден-бір үлес қосып отырған жан - "Темірлан" ЖШС-нің басшысы Ерлан Алин. Ол халықтың әл ауқатын көтеріп, мектепті оқушылармен толықтыру мақсатында жаңадан жер үйлер салып, көп балалы жұмыскерлерге, жас отбасыларға, жас мамандараға үлестіріп жүр. Осы күнге дейін 10 шақты үй тапсырылып, кеше ғана 3 бөлмелі үйдің кілті 4 баласы бар Пинков отбасына табысталды.

Жаңадан іргетасы көтерілген үй орталық жылу жүйесіне қосылған, ас үйді қоспағанда 1 қонақ бөлме, 1 жатын бөлме, 1 балалардың бөлмесі бар. Сонымен қатар, дәретхана мен тазалық бөлмесі біріктіріліген. Үйге ыстық сумен ауыз су кіріп тұр.

Отанасы "Темірлан" сүт фермасында сауыншы, ал, отағасы шаруа қожалығында дәнекерлеуші болып жұмыс жасайды. Балалары қазақ мектебінде білім алып жатыр. Үлгерімдері жаман емес.

Айта кетерлігі, ауылда жас мамандарға арналған екі бірдей екі басты үйлер салынып жатыр. Оған алдағы уақытта жас мұғалімдер мен басқа да жұмыскерлер орналастырылмақ.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.

Күнделікті үйде тұрмыс шаруашылықта  және басқада шаруашылыққа газ баллондарды пайдалану кезіндегі «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсізідігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес арнайы, құрғақ және желдетілетін жайларда сақтау қажет. Газ баллондарды бұл мақсатқа арнайы арналған арбалармен, контейнерлермен және баллондардың қозғалмай тұруын қамтамасыз ететін басқа да құрылғылармен тасу қажет.

Газ баллондарын арнайы оқытылған және тиісті куәлігі бар тұлғалардың ғана тасуына, беруіне және алуына рұқсат.

Газ баллондары соғылудан және тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалуы, сондай-ақ жылытатын аспаптардан кемінде 1 м қашықтыққа алынуы тиіс. 

Бос баллондарды ішінде газ бар баллондардан бөлек сақтау қажет.

Жұмыс аяқталғаннан кейін ішінде газы бар баллондар бөтен адамдар кірмейтін арнайы бөлінген жерде тұруы тиіс, ал тасылатын ацетилен генераторларын кальций карбидінен босатып,  арнайы бөлінген орынға қою қажет. 

Ішінде оттегі мен жанатын газдар бар баллондарды бір жайда сақтауға жол берілмейді. Баллондарды арнайы белгіленбеген жайларда (жертөлелерде, дәліздерде, жүретін жолда), сондай-ақ жылытатын аспаптар мен от көзі ашық пештерден 1 м қашықтықта сақтауға тыйым салынады.

Газ баллондар сақтаулы тұрған ғимарат манайында ашық от көзін пайдалануға және темекі шегуге тыйым салынады. Ғимараттын аймағын арқашан тазалықта ұстап, қоқыстардан таза ұстау және тыс уақыттарда манайына бөгде адамдар жақытдатпауы  керек.

Жарқайың ауданы ТЖБ, 12-ӨСБ Державинск қаласы.

Пятница, 29 сентября 2023 05:48

Жол сапасы тексерілді

26-қыркүйек күні Жарқайың аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері жол сапасын тексеру мақсатында қаламызда салынған А.Үкібай көшесінің Ленин және Юбилейная көшелерінің аралығында болып қайтты. Жиынға техникалық байқау мамандары келіп, асфальттан сынама алды. Мұнда қала әкімінің орынбасары Досбол Сейітбек қатысып, тексеру жұмыстарына куә болды. Техникалық байқау мамандары жаңадан салынған асфальттың қалындығы мен сапасына, құжатта көрсетілген деректермен сәйкестігіне баса назар аударды.

«Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Пятница, 29 сентября 2023 05:44

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН…

 Қазір, өкінішке қарай, көпшілігіміз бұл сөздің мағынасын да, шығу тегін де білмейміз. Сонымен қатар, бұл біздің халқымыздың қандай орасан зор еңбек жасағанын байқатпайды. Бұрын-соңды болмаған қысқа тарихи кезеңде әскери күйреуден кейін бос жатқан далалар мол өнім беретін құнарлы жерлерге айналды. Тек беріктіктің, еңбекқорлықтың және өз жеріне деген сүйіспеншіліктің арқасында жастар тың жерлерді игеру үшін біздің кең Отанымыздың түкпір-түкпірінен келді. Бұрын адамның аяғы баспаған жерде өмір қайта жанданып, жаңа совхоздар, қалалар, электр желілері, тас жолдар пайда болды және мыңдаған гектарға егін салынды. Алғашқы тың игеруші батырлар қазір біздің арамызда тұрады, алайда олардың көпшілігі өмірден өткен. Иванов Иван Дмитриевич 1937 жылы 1 қаңтарда Украинада, Житомир облысында, Врайшан ауданы, Малая Пятигорка ауылында дүниеге келген. 1945 жылдан 1953 жылға дейін балалар үйінде тәрбиеленіп, 7 (жеті) сыныпты бітірді. 1953-1955 жылдары Ворошиловград облысының Красный Луч қаласында ауыл шаруашылығы училищесінде кең бейінді тракторшы-механизатор болып оқыды.

1955 жылы сәуірде Комсомол жолдамасы бойынша тың және тыңайған жерлерді игеруге келді. Онда Львов совхозының № 4 бригадасында жұмыс істеді. 1959 жылы астық қоймасында қойма меңгерушісі, ал 1960 жылы жүгері шаруашылығында буын меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1971 жылы шөп шабу бригадасының бригадирі болып қызмет атқарып, содан кейін қайтадан жүгері шаруашылығына оралды. 1978 жылы шөп шабу бригадасының бригадирі болды. 1981 жылы № 6 бригада бригадирінің көмекшісі болды. Бригадалар ірілендірілгеннен кейін кешенді бригадалар құрылып, онда есепке алу жөніндегі бригадирдің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1992 жылы совхозда күнбағыс майы өндірілетін май цехы ашылды, онда ол меңгеруші болды. 1992 жылы ол лайықты демалысқа кетті.

Еңбек еткен жылдары: "Ерен еңбегі үшін" медалімен (1970 ж.); "Тың жерлерді игергені үшін" медалімен (1974 ж.); "Еңбек ардагері" медалімен (1987 ж.); "Тыңға 50 жыл" медалімен (2004 ж.); 1983 ж. Қазақ республикалық кәсіподақтар комитеті төралқасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Львовское ауылдық кітапханашы Н. Тасчи.

Аударып дайындаған «Жарқайың тынысы» газетінің редакторы Б.Айтпаева.

Пятница, 29 сентября 2023 05:44

«Ұстаз - ұлы есім»

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,

өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсариннің сөзіне сүйенетін болсақ, әлемдегі мамандық атауының төресі-ұстаз. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. «Ұстаз болу – өз уақытынды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, біздің еңбегіміз ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлайды. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру деп білемін.

«Николай Островский атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі К.С.Досмаханова.

Четверг, 28 сентября 2023 08:58

Ресми

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, Державинск қаласы бойынша сағат 14.00-де 2263 адам немесе 45,3 пайыз дауыс берген. Уәлиханов сайлау округі бойынша 290 сайлаушы немесе 55% - дан астам дауыс берді.

Дауыс беру жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Державинск қаласы мен Уәлиханов ауылдық округі әкіміне сайлау 24 қыркүйек күні сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Державин қаласы мен Уәлиханов ауылдық округінің сайлау учаскелерінде бірінші дауыс берушілерге, сондай-ақ туған күн иелеріне естелік сыйлықтар табыс етілді.
Учаскелерде сайлаушылар, тәуелсіз бақылаушылар үшін барлық қажетті жағдайлар, мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы орта жасалған. Денсаулық жағдайы бойынша учаскеге өздері келе алмайтын аудан тұрғындары үшін арнайы тасымалданатын жәшіктер арқылы дауыс беру көзделген.

Воскресенье, 24 сентября 2023 09:40

Бақылаушы пікірі

«Мен "АМАНАТ" партиясынан бақылаушымын. Сайлау учаскесі қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Келушілерге де талаптарға сәйкес қызмет көрсетілуде. Таңнан бері қарап отырмын, ешқандай заң бұзылып жатқан. Сондықтан сайлау әділ жане заңды өтуде деп санаймын» - деді бақылаушы Қуаныш Мендібеков.

Страница 22 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…