Кезектен тыс ХVIII сессия
Пятница, 20 октября 2023 04:15
17 қазанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жарқайың аудандық мәслихаттың төрағасы Асылхан Әлжановтың төрағалық етуімен сегізінші шақырылған аудандық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Мария Жекебатырова, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 8С-3/3 «Ақмола облысы Жарқайың ауданында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану.
- «Жарқайың аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-42/3 «2023 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
- «Жарқайың ауданы әкімдігі жанындағы бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 7С -18/4 шешіміне өзгеріс енгізу.
- «Жарқайың ауданының Құрметті азаматы» атағын беру.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпараттар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі О.Зейнолла.