Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының бұзылуына жол бермеу және өтініштерді қарау және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бөлім басшысы Регина Қуандықова басқарманың 16.11.2023 жылғы № 91-СЭК бұйрығын орындау үшін "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру туралы" тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинарының қорытындысы бойынша басқарма мамандарымен өтініштерді, шағымдарды қарау кезінде негізгі мәселелер талқыланды, сондай-ақ айтылған баяндамадан ақпаратты бекіту бойынша тестілеу өткізілді.
Семинар соңында спикер АӨК-нің 79-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген, түсінікті болуы, біркелкі қолдануды қамтамасыз етуі, оның қолданысы қолданылатын адамдар тобын толық айқындауы тиіс екенін хабарлады.
Жарқайың аудандық СЭББ.