г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Жарқайың ауданына барды

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Жарқайың ауданының әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралады.

Сапар Пятигорское ауылы "Мадияр. К" ЖШС-нен басталды. Серіктестіктің балансында екі қабатты әкімшілік ғимарат бар, онда әкімдік пен учаскелік полиция пункті орналасқан. ЖШС директоры Қасым Қожабеков үй-жайды коммуналдық меншікке Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына ауылдық дәрігерлік амбулаторияға беруді ұсынды.

Келесі нысан – жолдар мен автомагистральдар салумен айналысатын "Қарағанды жолдары" ЖШС. Мердігер ұйым ұзындығы 40,5 км облыстық маңызы бар "Жақсы – Державинск" автомобиль жолына жөндеу жүргізетін болады.

"ГрадСтройСервис" ЖШС мердігерлік ұйымы Державинск қаласында 27 пәтерлі үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы аяқталды, қасбеттік және ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.

Сапар аудандық ауруханаға барумен жалғасты. Мекеме заманауи медициналық жабдықтармен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Бас дәрігердің м.а. Жұлдыз Семжанованың айтуынша, емхана бөлімшесі бар аудандық аурухананың жобалық қуаты – ауысымына 150 орын, 60 төсектік стационар жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңір басшысы Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялаумен танысты.

Сапар барысында өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесті. Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Облыс әкімі аудан басшылығының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау, инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар міндеттер қойды.

"Бүгінгі таңда мен үшін ең басты көрсеткіш – халықтың әл-ауқаты. Сіз айтқан әрбір цифр не істегеніңізді және ол азаматтардың өмірін қалай жақсартқанын көрсетуі тиіс", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Кездесу азаматтарды жеке қабылдаумен аяқталды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…