г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңінен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақтардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Тұңғыш президент Н. Назарбаев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен» [1, 94 б.].

Музыкалық-фольклор халық өмірі мен тұрмысы, яғни этнографиясымен тығыз байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз. Түркі тайпаларында ұжымдық орындаушылық дәстүр болмаған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті — монодиялық құбылыс. Оған көп болып ән салу, күй тарту, болмаса жыр жырлау тән емес. Эпикалық дәстүрі дамыған көшпелі елдерде жеке орындаушы, жеке басының өнерімен суырылып шыққан тұлғалар ғана бағаланған. Мұны ғылым тілінде монодиялық мәдениет деп атаймыз. Ол бүкіл түркі және шығыс әлеміне тән.

Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу, тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір қажеттітгінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған.

Дұрысында Қазақстанның әрбір аймағына тән музыкалық үн-әуендер бар. Тіпті арғы дәуірлерде әрбір ру-тайпаның өзіндік музыкалық үні болған. Антикалық замаңда болған көне ладтарды қазақ музыкасынан да көптеп кездестіруте болады.

Осылайша, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмола облысының аумағында сақталған қазақ халқының музыкалық-фольклорлық мұрасын ғылыми зерттеу» жобасы аясында музыкалық-этнографиялық кешенді ғылыми-зерттеу экспедициясы жоспарланған болатын. Экспедицияның маршруты бойынша бірінші Жарқайың ауданы зерттелетіні шешілді. Бұл экспедицияның мақсаты: Ақмола облысында сақталған рухани мұраны ұстанушы көзі тірі мұрагерлерде сақталған құндылықтарды жинау, сақтау, зерттеу.

  2022 жылдың 14 шілдесінде Жарқайың ауданының аудандық кітапханасында өткізілген зерттеудің қорытындылары жасалып, зерттеу барысында жиналған жәдігерлер тапсырылды. Сонымен қатар, экспедицияның зерттеуіне көмек көрсетіп, зерттеуге өз үлестерін қосқан Жарқайың ауданының тұрғындары алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандардың зерттеуге қосқан үлестері:

  • 1000 жылдық тарихы бар үзеңгіні табыс еткен Жарқайың ауданы Тассуат ауылының орта мектеп мұражайынан Д.М. Гафаров табыс етті;
  • 60 және 80 жылдық тарихы бар қолдан кестеленген түскиізді, 60 жылдық тарихы бар қой жүнінен боялп басылған оюлы сырмақты, Кеңес дәуірі кезіндегі пілтелі майшамды Жарқайың ауданы Тассуат ауылының тұрғыны М.Хаю табыс етті;
  • 1975 жылғы спорттық ойындардағы жеңіс үшін берілген кубокты Жарқайың ауданы Львовское ауылының тұрғыны С.Ф. Шварнев табыс етті;
  • Осыдан 20 жыл бұрын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының «Ескі алты қорым» деп аталатын жерден тапқан б.з.д. 3-2 ғғ. Құрбан шалу тасын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының тұрғыны Л.Н. Долин табыс етті;
  • ХІХ ғасырдың тасдиірменінің үстіңгі тасын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының тұрғыны С.Т.Аубакиров табыстады.

Сондай-ақ, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең»- деп Абай атамыз айтып кеткендей «жоқтау айтудың» ғибратты мәнін табуға болатынын ұғындырады. Жоқтау тек шер шығару үшін ғана емес, өлім үстінде тіріге ой тастап, өнегелі өмір сүруге жетелеу үшін де жазылған. Қайғысын жырмен жеңілдететін ақындық қабілет әркімге бұйырмағандықтан жоқтауды ақындардың арнайы шығарып беруі де қазақы дәстүрде бұрыннан бар. Экспедицияның зерттеулер жүргізу барысында Жарқайың ауданының тұрғындары бұрыннан келе жатқан «Жоқтау айту» дәстүрімізді айтқан кезде зерттеушілердің көзіне жас шықты. Айтылған Жоқтаудың сөздерін зерттеушілер жазып алып, келешекте облыстық зерттеу жұмыстары аяқталған кезде, өткізілген зерттеуге арналған шығарылымға енгізілетіні туралы айтып кетті.

Жарқайың ауданын зерттеу барысында көптеген жәдігерлер табылып, олар не мектеп мұражайларында, не аудан тұрғындарының үйлерінде сақталып жатқаны анықталды. Осыған орай,  отырыста облыстық музей қызметкерлері ауданымызда өлкетану мұражайын ашуға ат салысатынын білдірді.

Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.

Сөйтіп, Ақмола облысының аумағында сақталған қазақ халқының музыкалық-фольклорлық мұрасын ғылыми зерттеуді жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 7 шілдесінен 13 шілдесі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. 2022 жылдың 13 шілдесінде Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінде «Жемқорлық және адал бизнес» тақырыбы форматында қызметкерлердің арасында жиналыс өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін зияндығы талқыланды. Отырысытың барысында ауданның бизнес өкілдерімен жұмыс бойынша тапсырма берілді.
  2. Жарқайың ауданы Нахым ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
  3. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жастар ресурстық орталығының басшысы «Құмсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемалары және олардың алдын алу әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  4. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «жемқорлықтан сақтаныңдар» тақырыбында әңгімелесу форматында кездесу өткізді. Кездесуде жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланып, «таза ой» және «адал еңбек» түсініктері талқыланды.
  5. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жанат Мыңбаев халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында әңгімелесу өткізді.
  6. Жергілікті теледидарда «Басшы сағаты» бағдарламасында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мұрат Берлібеков парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.
  7. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 13 шілдесінде «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Г.Исаеваның қатысуымен «Жарқайың ауданы бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
  8. «Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Жарқайың ауданынң әкімдігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтті. Іс-шараға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.

Мемлекет басшысы еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

– Инфляция бір орында тұрған жоқ. Қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті. Бірінші жартыжылдықта экономикамыз қалпына келді. Бірақ халықаралық институттар Қазақстанның ішкі жалпы өнімі биыл 2 пайызға ғана өседі деп болжап отыр. Бұған дейін олар өсім 3,7 пайыз болатынын айтқан еді. Сондықтан Үкімет ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Ең бастысы, азаматтардың нақты табысын арттыру қажет, – деді Президент.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың және Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовтың баяндамаларын тыңдап, Үкімет жұмысының нәтижесіне орташа баға берді.

Президент министрлер мен әкімдерге, ведомстволар мен ұлттық компаниялардың басшыларына жұмыс қарқынын барынша күшейтіп, жаңа әдістер мен тың идеяларды пайдалану қажет екенін айтты. Сонымен қатар оларға еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады.

Ақпарат дереккөзі:

http://president.kz/kz/memleket-basshysy-ukimettin-keneytilgen-otyrysyn-otkizdi-1462148

Тұрғындардың табысын ұлғайту, кірісін көбейту бағытындағы мемлекеттік бағдарлама көптеген ақмолалық жастың өзі қалаған ісін тауып, тәжірибесін толықтыруына көмегін тигізуді.

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында өңірде бірқатар жұмыстар атқарылды. «Алғашқы жұмыс орыны», «Мектеп бітірушілерге жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісімі» сияқты жобалар өмірге белсенді енгізілуде.

Қазірдің өзінде 38 жас өзінің алғашқы жұмыс орнына орналасты. Бұл мектеп бітіріп, алғаш жұмыс іздеуші түлектерге, сондай-ақ, 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарға арналған жоба. Бұл жобаға қатысу үшін диплом болуы міндетті емес екендігі маңызды және қолайлы. Бұрын жоба бір жылға 20 айлық есептік көрсеткіші  көлемінде немесе 60 мыңнан астам ғана теңге болса, бұл күндері оның ұзақтығы 18 айға дейін ұзартылды. Сол сияқты, жас қызметкердің жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге болды. Мұндай жалақы жұмысқа жаңа орналасқан жас жігіттер мен қыздар үшін тәжірибе жинақтап, кәсіпорындағы жұмыс орнында тұрақтап қалуға үлкен мүмкіндік береді. Биылғы жылы осы «Алғашқы жұмыс орыны»  жобасы бойынша жүзге тарта жасты жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарламаның тағы бір бағыты – «Жастар тәжірибесі» тек қана олардың табыс көлемін ұлғайту емес,  мамандық таңдауына, алғашқы еңбек тәжірибесін жинауына мүмкіндік жасауға арналған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы тәжірибе толықтыруы үшін 133 жас кәсіпорындарға жіберілді. Жоба аясында олар жыл бойы өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  90 мың теңгеден астам  жалақы алатын болады. Жалпы, барлығы 523 адамды тәжірибе алуға жіберу жоспарланып отыр.

Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту басқармасының қолға алған тағы бір жобасы «Ұрпақ келісімі» деп аталады. Оған 29 жасқа дейінгі, оқу орындарын соңғы екі жыл ішінде бітірген түлектер қатыса алады. Оның ұзақтығы  6 ай, жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Одан кейін жас адамға тұрақты жұмыс орны ұсынылады немесе ол зейнеткерлікке шығатын адамның орнын басады. Әзірге бұл жобаға  Бурабай, Атбасар, Біржан сал аудандары, Қосшы қаласының тұрғындары ғана қатысуда. Жыл аяғына дейін 23 жас адам атысуы керек.

Бұл жобалардан басқа облыста жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға ұмтылған  жастарға көмек беретін жобалар баршылық. Ондай жастарға мемлекеттен 400 айлық есептік көрсеткіш – 1 225 200 теңге көлемінде  қайтарымсыз грант беру қарастырылған. Ағымдағы жылы 487 ақмолалыққа  596,7 миллион теңге бөлу жоспарланған. Оның ішінде 260 грант жастарға берілмек. Қазірдің өзінде 21 адам грантқа ие болып, өз жобаларын өмірге енгізуге кірісті.

"Акмолинская правда" газетінің тілшісі Айдана Сәдуақасова.

Ақпарат дереккөзі: https://arka-azhary.kz/2022/07/16/ba-darlama-birneshe-zhobadan-t-rady/

  • Вчера, выслушав выступление нашего Президента Касым-Жомарта Кемеловича Токаева на расширенном заседании Правительства, народ обсуждает сформулированные в нем задачи.
    И нас аграриев района, особенно интересует, какая роль отводится сельскохозяйственной отрасли.
    Задачи, поставленные Главой государства, являются жизненно важными и необходимыми для дальнейшей успешной интенсификации сельского хозяйства. И мы, прекрасно это осознаем. Так, наше ТОО «Осана Агро» возделывают более 10 000 тысяч гектаров мягкой пшеницы сильных сортов. Решающим фактором достижения хороших показателей, конечно же стала всесторонняя поддержка сельского хозяйства со стороны государства в выделении кредитов и субсидий. Все это оказывает позитивное влияние на развитие растениеводства и животноводства.
    Такая весомая поддержка государства как внедрение механизма льготного кредитования с целью приобретения отечественной сельхозтехники стимулирует нас на внедрение новых технологий, приобретение высокопроизводительной сельскохозяйственной техники, помогает нам достигать факторов, прямо влияющих на повышение урожайности, качества продукции и ее себестоимости, на достижение максимального увеличения производительности труда.
    Реализация планов, направленных на выполнение задач по развитию комплекса, высказанных Главой государства накладывает на нас, особую ответственность.
    - Повышение производительности труда на основе внедрения новых технологий в обработке посевов.
    - Улучшение культуры земледелия.
    - Обновление машинно-тракторного комплекса.
    Наряду с выращиванием пшеницы, мы активно развиваем и животноводство. Это не только увеличение поголовья товарного стада, но и работа по улучшению генетического потенциала и продуктивных качеств сельскохозяйственных животных.
    В нашем хозяйстве созданы условия для разведения поголовья КРС, лошадей и овец. На сегодня построены животноводческие базы, подведено электричество, организовано водоснабжение. Создано откорм площадка для производства мяса конины высшей категории. Для успешного решения данных задач, особое внимание мы уделяем созданию прочной кормовой базы.

Хочу особо отметить, что весь трудовой коллектив нашего ТОО выражает глубокую поддержку выступлению Главы государства, и приложит все силы для его реализации. Наш совместный сплоченный труд – это уверенность в завтрашнем дне и процветание Республики Казахстан!
Пугачев Игорь Николаевич
Председатель Общественного совета Жаркаинского района.
Руководитель ТОО «Осана-Агро»

Кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторын қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты тақырыптық блоктар бойынша нақты міндеттер қойды.
Президенттің кешегі баяндамасы біз үшін және жалпы ел үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындайтыны сөзсіз. Мемлекет басшысының басшылығымен алдағы жылдарға арналған ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына бізде ешқандай күмән жоқ!
Жарқайың ауданы мәслихатының депутаты Шынболат Карин

В своем выступлении на расширенном заседании Правительства Глава государства Касым-Жомарт Токаев затронул действительно очень важные и наболевшие проблемы, которые сложились в стране. Президент поставил конкретные задачи по таким тематическим блокам, как стабилизация инфляции и цен на продовольственные товары, повышение доходов граждан и развитие человеческого капитала, совершенствование денежно-кредитной и налогово-бюджетной политик, поддержка реального сектора экономики, обеспечение энергетической безопасности, развитие автодорожной инфраструктуры. Отрадно, что Президент уделяет большое внимание именно таким проблемам. Мы, всегда горячо поддерживаем все инициативы Главы государства. Мы готовы и делаем все, чтобы поднимать новый, качественный уровень жизни страны!
Демьянов А.А. депутат Жаркаинского районного маслихата от партии "AMANAT"

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала деректері бойынша маймыл шешегін жұқтыру деректері күн сайын өсуде. Аурудың барынша үлкен өршулері Нигерия мен Конгода тіркелуде.

Бүгінгі таңда әлемнің 71 елінде 9 342 жағдай тіркеліп, оның ішінен 9 304-сі расталды.

Ұлыбритания – 1552 Германия – 1556 Испания – 2034 Франция – 721 Португалия – 473 АҚШ – 766 Канада – 375 Нидерланды – 503

Италия – 255 Бельгия – 168 Швейцария – 163 Бразилия – 206 Израиль – 59 Ирландия – 44 Австрия – 62 Дания – 29

Гана – 18 Норвегия – 29 Австралия – 24 Швеция – 43 БАЭ – 13 Венгрия – 24 Польша – 12 Мексика – 11 Румыния – 14

Словения – 18 Аргентина – 9 Чили – 13 Чехия – 8 Финляндия – 13 Мальта – 4 Бенин – 3 Болгария – 3 Колумбия – 5

Греция – 11 Исландия – 4 Люксембург – 3 Перу – 18 Латвия – 2 ОАР – 3 Хорватия – 1 Эквадор – 1 Эстония – 1

Грузия – 1 Гибралтар – 1 Ямайка – 1 Ливан – 1 Марокко – 1 Жаңа Зеландия – 1 Панама – 1 Парагвай – 1 Пуэрто Рико – 1

Сербия – 1 Словакия – 1 Сингапур – 4 Оңтүстік Корея – 1 Тайвань – 1 Турция – 1 Венесуэла – 1 Мысыр – 1 Багам аралдары – 1

 

Маймыл шешегі бойынша Қазақстандағы ахуал

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Осы инфекцияның әкелінген жағдайлары тіркелген Африка елдерінен және басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады.

Қолайсыз елдердің тізімі үнемі жаңартылып отырады.

Жарқайың аудандық санитарлық-эпидимиологиялық бақылау басқармасы.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да бар, тек ауқымында ғана ерекшеленеді.             Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономика құру, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етеді, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.

Бұл қылмыстың тек бір түрі болып табылатын қарапайым параны сыбайлас жемқорлық деп түсіну қате болар еді. Бүгінгі сыбайлас жемқорлық-бұл заңдарды өз мүдделері үшін айналып өту арқылы материалдық және заңды артықшылықтар алу, бұл жергілікті жеке мәселелерді "өз" адамдарының есебінен шешу. Сыбайлас жемқорлық - бұл, әдетте, қоғамның мүдделеріне, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетін мемлекеттік функцияларды жеке мүдделерге пайдаланудан басқа ештеңе емес. Ең бастысы-сыбайлас жемқорлықтың: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуі, көлеңкелі экономиканың өсуі үшін алғышарттар жасау, криминалдық құрылымдардың, халықаралық терроризм мен экстремизмнің тұғырын нығайту сияқты даусыз теріс салдарларының болуы.

Ел жаңару сатысында тұрған кезде сыбайлас жемқорлық әрқашан жоғары болады. Қазақстан қазір жаңғыртуды ғана емес, қоғамдық, мемлекеттік және экономикалық негіздердің түбегейлі өзгеруін бастан кешуде. Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда болып жатқан, жас тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына тән процестер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту қажеттілігін өзектендіреді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық өтпелі кезеңдегі елдердің сөзсіз атрибуты болып табылады. Қазақстанда бұл ең алдымен экономикалық, институционалдық және әлеуметтік-мәдени себептер сияқты бірқатар объективті себептерге байланысты.

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің барлық елдер үшін оңтайлы бірегей жиынтығы жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әдістер жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып пен дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып отырған аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына да байланысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

  • баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;
  • мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
  • жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарын жою және алдын алу;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске жәрдемдесетін азаматтардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу • ;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай қамтылым) мен жеңілдіктер белгілеу;
  • осындай қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оны бақылау және қадағалау өкілеттіктерін беруге жол бермеу.

Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға қажеттілік барынша айқын болды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бар.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді бағыттары::

- Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- қоғамдық бақылау институтын енгізу;

- квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

- құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сыбайлас жемқорлықты тиімді тежеу ғана-құқықтық мемлекет құрудың жалпыға бірдей танылған шарты.

Жарқайың аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Оксана Кунн.

Четверг, 14 июля 2022 11:03

Судан сақтаныңыздар!

Судағы келеңсіз оқиғалардың негізгі себептері болып әлі күнге дейін алкогольді мас күйінде (50%) және суға шомылуға тиым салынған орындарда (79%). Бұл себептер бір-біріне сайма-сай. Әрбір адам осындай жағдайда болуы мүмкін, оның епті әрекетінен өз өмірі мен жанындағы адамның өмірін сақтап қалу үшін тәуелділік етіледі. Сол себепті су айдындарда өзін-өзі ұстану өрт қауіпсіздік қағидаларының негіздерін және батып бара жатқанға жәрдемдесу негіздерін еске түсірген жөн, себебі келеңсіз төтенше жағдайды жойғанша ескерткен оңай.

Арнайы бейімделген орындарда суға шомылу қажет. Бейімделген жағажайларда, келеңсіз оқиғалар туындаған жағдайда құтқарушының арнайы көмегін алуға болады.Тексерілмеген су айдын – иірімдер, терең шұңқырлар, қалың балдырлар, суық кілттер, тырбиған ағаштар, қатты ағын, қоқырсыған түбі – бұның бәрі жарақат алуға, ал сүңгу - қаза болуға әкелуі мүмкін. Алкогольді мас күйінде суға шомылмаңыздар, ол суда адамдардың қайтыс болу негізгі себептерінің бірі. Ашық су маңында қаршадай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Олар лезде суға батып кетулері мүмкін. Тайыз болса да балалардың маңынан кетпеңіздер. Өзендер мен көлдерді жүзіп өтуге тырыспаңыздар, себебі өз күштеріңізді бағадай алмауларыңыз мүмкін. Ескертілген және тиыс малынған белгілері мен жазулары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған орындарда суға шомылуға тиым салынады.

Сондай-ақ, қайықтар мен басқа да жүзу құралдарын пайдалану қағидаларын қатаң сақтаған жөн: оларды асыра тиеу, олардан суға секіру. Аз орынды қайық иелеріне әрдайым есте сақтаулар қажет, қайықтарда құтқару жилеттерімен болулары және барлық жолаушыларды құтқару құралдарымен қамтамасыз ету қажет.Үрлемелі матрастар, камералар және тақтайшаларды әсіресе жүзе білмесеңіздер пайдаланбаңыздар. Әлсіз жел болса да ол сізді жағадан алысқа алып кетуі мүмкін.Егерде жүзу білмесеңіздер, суға белге дейін кірген жөн. Суға шомылу орындарында орнатылған буйкалардан және басқа да шектелерде аспаңыздар. Олар ескертеді: алысқа жүзу – ол тоңазыту, бұлшық еттің шаршауы, сіңірі тартылу, қайтыс болу. Су температурасы +18 градустан, ал ауа температурасы +20 градустан төмен боламағанда суға шомылуға рұқсатетіледі. Тамақ ішкененсоң 1,5-2 сағат танерте суға шомылуға ұсыныс берілмейді. Балалар суға түсу  барысында ата-анасының бақылауында болуы қажет.

Құрметті азаматтар, есте сақтаңыздар, су әзіл-оспақ қалжынды сүймейді. Әрбір су объектісі: көл, су қоймасы, өзен – қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда қауіптудыруы мүмкін.

Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

Страница 93 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…