г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

Парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды орындау бойынша өткізілген іс-шаралар

Жарқайың ауданының әкімі Ж.К.Хамитовтың  2022 жылға бекітілген  парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі жоспарды жүзеге асыру мақсатында, 2022 жылдың 7 шілдесінен 13 шілдесі аралығында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  1. 2022 жылдың 13 шілдесінде Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінде «Жемқорлық және адал бизнес» тақырыбы форматында қызметкерлердің арасында жиналыс өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар, сондай-ақ бизнесті жүргізу үшін зияндығы талқыланды. Отырысытың барысында ауданның бизнес өкілдерімен жұмыс бойынша тапсырма берілді.
  2. Жарқайың ауданы Нахым ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек стол өткізілді.
  3. Жемқорлыққа қарсы қылмыстың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Жастар ресурстық орталығының басшысы «Құмсуат ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемалары және олардың алдын алу әдістері туралы әңгімелесу өткізді.
  4. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Жарқайың ауданының «Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ «жемқорлықтан сақтаныңдар» тақырыбында әңгімелесу форматында кездесу өткізді. Кездесуде жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланып, «таза ой» және «адал еңбек» түсініктері талқыланды.
  5. Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жанат Мыңбаев халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу тақырыбында әңгімелесу өткізді.
  6. Жергілікті теледидарда «Басшы сағаты» бағдарламасында ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мұрат Берлібеков парасаттылық мәдениеті және адалдық туралы дәріспен сөз сөйледі.
  7. «Адал көмек» жобасының аясында 2022 жылдың 13 шілдесінде «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Г.Исаеваның қатысуымен «Жарқайың ауданы бойынша балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында тікелей эфир өткізді.
  8. «Жарқайың ауданы Тасөткел ауылы әкімінің аппараты» ММ азаматтық қауымдастықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қою мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген 2022-2026 жылдарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы концепцияның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауылдық округтің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.

Жарқайың ауданынң әкімдігі.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…