отклики Жаркаинского района выступления Президента Касым-Жомарта Токаева
Кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-кредит және салық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторын қолдау, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты тақырыптық блоктар бойынша нақты міндеттер қойды.
Президенттің кешегі баяндамасы біз үшін және жалпы ел үшін жаһандық сын-қатерлерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін айқындайтыны сөзсіз. Мемлекет басшысының басшылығымен алдағы жылдарға арналған ел дамуының барлық басым міндеттері табысты іске асырылатынына бізде ешқандай күмән жоқ!
Жарқайың ауданы мәслихатының депутаты Шынболат Карин