г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

ДАЛА ФОЛЬКЛОРЫ МЕН МУЗЫКАСЫНЫҢ МЫҢ ЖЫЛЫ

Қазақ халқының бүгінгі мәдениеті мен дүниетанымын тереңінен әрі жан-жақты түсіну үшін оның қайнарларын халқымыздың архетиптік санасындағы іздерінен іздеу яғни түріктер мен арғы-қазақ мифологиясынан бастап, ілкі түркілер мен ежелгі қазақтардың дәстүрлі мәдениетінен табу керек. Тұңғыш президент Н. Назарбаев ғасырлар тоғысының Түркі қағанатының 1450 жыл толуы қар-саңында жазылған «Тарих толқынында» еңбегінде былай деп жазды: «Біздің бәріміздің де мақтаныш етуімізге тұрарлық мол мұрамыз бар. Өйткені ата-бабаларымыз адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрылығындағы халықтардың тағдырына орасан зор күшті әсер еткен» [1, 94 б.].

Музыкалық-фольклор халық өмірі мен тұрмысы, яғни этнографиясымен тығыз байланысты. Сол себепті оны музыкалық этнография деп те атап келеміз. Түркі тайпаларында ұжымдық орындаушылық дәстүр болмаған. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті — монодиялық құбылыс. Оған көп болып ән салу, күй тарту, болмаса жыр жырлау тән емес. Эпикалық дәстүрі дамыған көшпелі елдерде жеке орындаушы, жеке басының өнерімен суырылып шыққан тұлғалар ғана бағаланған. Мұны ғылым тілінде монодиялық мәдениет деп атаймыз. Ол бүкіл түркі және шығыс әлеміне тән.

Салтқа байланысты фольклор үлгілері (бесік, шілдехана жыры, сыңсу, тойбастар, жоқтау, т.б.) салт-дәстүр шеңберінде ғана өмір сүреді. Олар өмір қажеттітгінен туып, қуаныш немесе қайғы үстінде ғана орындалған.

Дұрысында Қазақстанның әрбір аймағына тән музыкалық үн-әуендер бар. Тіпті арғы дәуірлерде әрбір ру-тайпаның өзіндік музыкалық үні болған. Антикалық замаңда болған көне ладтарды қазақ музыкасынан да көптеп кездестіруте болады.

Осылайша, Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмола облысының аумағында сақталған қазақ халқының музыкалық-фольклорлық мұрасын ғылыми зерттеу» жобасы аясында музыкалық-этнографиялық кешенді ғылыми-зерттеу экспедициясы жоспарланған болатын. Экспедицияның маршруты бойынша бірінші Жарқайың ауданы зерттелетіні шешілді. Бұл экспедицияның мақсаты: Ақмола облысында сақталған рухани мұраны ұстанушы көзі тірі мұрагерлерде сақталған құндылықтарды жинау, сақтау, зерттеу.

  2022 жылдың 14 шілдесінде Жарқайың ауданының аудандық кітапханасында өткізілген зерттеудің қорытындылары жасалып, зерттеу барысында жиналған жәдігерлер тапсырылды. Сонымен қатар, экспедицияның зерттеуіне көмек көрсетіп, зерттеуге өз үлестерін қосқан Жарқайың ауданының тұрғындары алғыс хаттармен марапатталды. Марапатталғандардың зерттеуге қосқан үлестері:

  • 1000 жылдық тарихы бар үзеңгіні табыс еткен Жарқайың ауданы Тассуат ауылының орта мектеп мұражайынан Д.М. Гафаров табыс етті;
  • 60 және 80 жылдық тарихы бар қолдан кестеленген түскиізді, 60 жылдық тарихы бар қой жүнінен боялп басылған оюлы сырмақты, Кеңес дәуірі кезіндегі пілтелі майшамды Жарқайың ауданы Тассуат ауылының тұрғыны М.Хаю табыс етті;
  • 1975 жылғы спорттық ойындардағы жеңіс үшін берілген кубокты Жарқайың ауданы Львовское ауылының тұрғыны С.Ф. Шварнев табыс етті;
  • Осыдан 20 жыл бұрын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының «Ескі алты қорым» деп аталатын жерден тапқан б.з.д. 3-2 ғғ. Құрбан шалу тасын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының тұрғыны Л.Н. Долин табыс етті;
  • ХІХ ғасырдың тасдиірменінің үстіңгі тасын Жарқайың ауданы Шойындыкөл ауылының тұрғыны С.Т.Аубакиров табыстады.

Сондай-ақ, «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең»- деп Абай атамыз айтып кеткендей «жоқтау айтудың» ғибратты мәнін табуға болатынын ұғындырады. Жоқтау тек шер шығару үшін ғана емес, өлім үстінде тіріге ой тастап, өнегелі өмір сүруге жетелеу үшін де жазылған. Қайғысын жырмен жеңілдететін ақындық қабілет әркімге бұйырмағандықтан жоқтауды ақындардың арнайы шығарып беруі де қазақы дәстүрде бұрыннан бар. Экспедицияның зерттеулер жүргізу барысында Жарқайың ауданының тұрғындары бұрыннан келе жатқан «Жоқтау айту» дәстүрімізді айтқан кезде зерттеушілердің көзіне жас шықты. Айтылған Жоқтаудың сөздерін зерттеушілер жазып алып, келешекте облыстық зерттеу жұмыстары аяқталған кезде, өткізілген зерттеуге арналған шығарылымға енгізілетіні туралы айтып кетті.

Жарқайың ауданын зерттеу барысында көптеген жәдігерлер табылып, олар не мектеп мұражайларында, не аудан тұрғындарының үйлерінде сақталып жатқаны анықталды. Осыған орай,  отырыста облыстық музей қызметкерлері ауданымызда өлкетану мұражайын ашуға ат салысатынын білдірді.

Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.

Сөйтіп, Ақмола облысының аумағында сақталған қазақ халқының музыкалық-фольклорлық мұрасын ғылыми зерттеуді жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады.

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…