г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5

"АMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филлиалының бірінші жартыжылдық қорытындылары

"АMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филлиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бірінші жартыжылдық ішінде 68 азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы өткізілді. 122 азамат келді. Депутаттар және мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау және заң қызметтері филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды 54 қабылдау өткізді.

Талдау көрсеткендей, тұрғындар "AMANAT" партиясының филиалына әртүрлі мәселелермен жүгінеді, өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық сала және т.б. мәселелерімен байланысты, жарты жылдың ішінде 152 өтініш тіркелді, оның ішінде 83 немесе 55% өтініш оң шешілді (орташа облыстық – 63%), 63 өтінішке кеңестер берілді, құқықтық және өзге де көмек. Азаматтарды 12 көшпелі қабылдау жүргізілді, 47 өтініш қабылданды, оның 24-і немесе 51% - ы оң шешілді.

"AMANAT" партиясының аумақтық филлиалының қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысының маңызды бағыттарының бірі ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау болып табылатындығын ескере отырып, "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында 4 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 7 өтініш оң шешілді, сонымен қатар, 1 өтініш берушіге консультативтік - құқықтық көмек көрсетілді.  Депутаттармен 16 қабылдау өткізілді, 19 адам қабылданды, 11 өтініш бойынша оң шешім қабылданды, 8 түсініктеме берілді. Аудан әкімімен, оның орынбасарларымен және мемлекеттік мекеме басшыларымен 24 қабылдау өткізіліп, 35 адам қабылданды, 22 оң шешім қабылданды, 13 түсініктеме берілді. Партия филиалы 5 қабылдау өткізді, 7 адам қабылданды, 6 адам оң шешімін тапты, 1 адамға түсініктеме берілді. Заң қызметтері 7 қабылдау өткізді, 7 адам қабылданды, 4 – і оң шешімін тапты, 3 – іне түсініктеме берілді.

Әлеуметтік желілерде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесіне сәйкес алдағы қабылдаулар, қоғамдық қабылдау жұмысының қорытындылары туралы анонстар жарияланады.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.С. Үйсімбаев, Ю.В. Кучинская, М.С. Елубаевпен кездесулер мен азаматтарды қабылдаулар өткізілді, депутаттарға қабылдауға Жарқайың ауданының 20 азаматы өтініш білдірді, оның ішінде қабылдау барысында 1 мәселе оң шешілді, қалған өтініштер бойынша түсініктемелер мен кеңестер берілді. Мобильді қоғамдық қабылдаулардың ауылдарға шығуы халық арасында жақсы пікір білдіріліп, қолдау табуда. Осылайша, Шойындыкөл ауылы мен Отрадный ауылдық округіне 2 рет шығу өткізілді. Барлығы 19 ауыл тұрғыны жол жөндеу, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, мектеп жөндеу және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша қабылданды. Мобильді қоғамдық қабылдаулардың қорытындысы бойынша 23 тұрғынның 6-ы оң шешімін тапты. Шешілмеген сұрақтар бақылауға алынды, әр өтініш бойынша жауаптар берілді.

Екінші жартыжылдыққа "AMANAT" партиясының Жарқайың аумақтық филлиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспары бекітілді. 26 қабылдау - ЖАО жоспарланған, оның ішінде 3 – көшпелі; депутаттармен – 20 қабылдау; заң қызметтерімен – 6 қабылдау. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Гастелло ауылына мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы жоспарлануда.  Партия филиалының атына тұрғындардан көптеген алғыс сөздер келіп түседі, телефон арқылы келіп түскен көптеген өтініштер жергілікті жерлерде шешіледі. Қоғамдық қабылдауға 3 ай бойы өтемақы төлемдерін ала алмаған ауыл тұрғыны жүгінді. Өтініш қорытындысы бойынша барлық себептер анықталып, мәселе оң шешімін тапты. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінген зейнеткер офтальмологиялық клиниканың қабылдауына жазылды. Бір ата-ананың  өтініші бойынша қыздары мектеп түлегі бюджет есебінен медициналық ЖОО-да оқитындар тізіміне енгізіледі. 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық қабылдауға жүгінудің қорытындысы бойынша 5 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру аясында жедел әрекет ету топтарының жұмысы нәтижесінде өмірлік қиын жағдайға тап болған 48 отбасы көмек алды. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеуге көмек көрсету – 30; қаржылық қолдау – 1; жұмысқа орналастыру және уақытша тұрғын үй беру - 1, 27 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек ресімделді, оның ішінде бір АӘК алушы жұмысқа орналастырылды. Құрметті жарқайыңдықтар, туындаған барлық сұрақтар бойынша "AMANAT" партиясының аумақтық филиалына хабарласа аласыздар.

 Жарқайың "AMANAT" ПАФ, атқарушы хатшысы Г.Баегизова.

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…