г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Қоқыстың және құрғақ шөптің жануына байланысты, жазғы өрт қауіпсіздік кезеңінің шартында өрттермен жағдайлар шиеленісіп кетеді, және аз емес қауіпті терек мамығы ұсынады.

Балалар ойыны, сөндірілмеген күкірт немесе темекі шоғы, жиналған терек мамығына тасталса ғимараттардың, құрылыстардың, техникалардың, тұрылысдардың жоюына бірінші себеп болуы мүмкін. Терек мамығы оңай тұтанады, оқ дәрі ретінде бірден жанады, барлық бағыттарға тарап,өзінен кейін қара іздерді қалдыралы. Нәтижесінде – өрттердің саны күрт өсуі. Ағаш құрылыстар, сондай-ақ гараждар және автокөлік тұрақтар ең үлкен тұтану қатеріне ұшырайды.

Есіңізде болсын – өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау өрттің пайда болу болжамын жоюға мүмкіндік береді және сіздің мүлігіңізді сақтайды!

Терек мамығын өзіңіз жақпаңыз және бұны балаларға істеуге жол бермеңіз. Балаларды күкіртке және шақпаққа қол жеткізуді шектеңіз. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыз.

Жарқайың ауданының ТЖБ инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты,

Т.Қ. Бектасов.

Сәрсенбі күні аудан орталығында 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай. Шараға аудан әкімі Жанболат Хамитов қатысып, бүлдіршіндерге жарқын болашақ, бақытты балалық шақ тіледі. Бұл күні ауданымызда түрлі іс шаралар өтті. Аудан мәдениет үйінің алдында  «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама қойылды, орталық алаңда «Дені сау бала» атты спорттық ойындармен эстафета ұйымдастырылды, Амфитеатрда «Балалар өмір гүлі» тақырыбында флеш-моб, театрландырылған қойылым, қол-өнер бұйымдары, картиналар көрмесі қойылды. Сонымен қатар, кешқұрым аудан мәдениет үйінің көрермендер залында мультфилм көрсетіліп, жалпы серуен ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, іс шараға бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлердің үлгісіндегі киімдермен келген. Бұл күні барша балалар  жоғары көңіл-күйде болды.

«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі.

Вторник, 14 июня 2022 04:50

Балалар – өмірдің гүлі!

Балалар үшін нағыз мереке Тасөткел ауылында өтті. Мұндай мерекені ұйымдастырушылар – КДК басшысы Сағдат Қырқанов пен мәдени ұйымдастырушы Іңкәр Мақан. Мерекелік шараның өтуі барысында ұйымдастырушылар балаларға ән айтып, би билеп, түрлі ойындар өткізіп тәттілерді таратты, онсыз қалай болар еді. Ал балаларға іс шараны өткізу үшін демеушілік жасағандар ауылдың жеке кәсіпкерлері мен ауылшаруашылық құрылымдары болды. Ауылдың ең кішкентай тұрғындары үшін кешкі сағат 10-ға дейін би кеші ұйымдастырылды.Ауылда балалардың бос уақытын өткізу үшін ойын алаңы, хоккей корты және спорт алаңы, шаңғы базасы, коворкинг орталығы, кітапхана бар. Олар қай жерде өмір сүрсе де, қала болсын, ауыл болсын, бақытты балалық шақ үшін барлық жағдай жасалуы керек, ал біз, ересектер, бұл үшін бар күш-жігерімізді салуымыз міндет. Ертең мемлекет тізгінінде болып, оны басқаратын да, бізге лайықты қарттықты қамтамасыз ететін де бүгінгі балалар.

Тасөткел ауылының әкімі С.Саухимова.

Вторник, 14 июня 2022 04:48

БҰЛ БІЗДІҢ ҚАЛА

Бастапқыда Калачей ауылының тұрғындарына тұрғын үй бергені үшін аудан басшылығына рахмет айтқым келеді. Бүгін біз қаламыздың әдемі және жайлы болуын қалаймыз және тырысамыз, әрқайсымыздың өз игілігіміз үшін абаттандыруға үлес қоса алатынымызды көрсеткіміз келеді.

Лилия Владимировна күйеуімен бірге Державинск қаласына Красногорскіден 2016 жылы мамыр айында келді. - "Красногорскіде әдемі саяжайлар болды. 12 жастан бастап олар бәріне үйреніп, бақшаға үйренеді. Берілген тұрғын үйге келгенде бәрі жақсы болды. Бірақ, бір нәрсе жәтіспеді. Ол, әрине, аумақты абаттандыру.  Барлық көгалдар жусанда болды, қарау қорқынышты тұғын. Сосын гүлдерді отырғызу үшін ауладағы аумақтың жерін аудару керек деп көршілерге ұсыныс тастадым.  Кейін қала әкіміне барып, үйреншікті жағдайға айналған, бау-бақша егуге рұқсат па?- деп қызығушылық таныттым. Осылайша ақырындап бастап кеттік.  Алдымен үйден лалагүлдер, ағаштар әкелінді.  Уақыт өте келе ауладағы балалар тәртіпке үйреніп, гүлдерге қол тигізбеді және жұлуды қойды. Лилия Владимировна әрдайым көршілеріне және балаларына пияз, қияр, қымыздық қажет болса:- алыңыз, ештеңе етпейді дейді. Көбісі тіпті басқа үйлерден аскөк алуға келеді. Әрбір қалаған жалға алушының өзінің шағын учаскесі бар және әрқайсысы өзіне қамқорлық жасайды. Біз үшін жер, қарашірік, суару тегін. Лилия Владимировнаның жалғыз арманы-мұндай сұлулықты кішкентай қоршаулармен қоршау.

Жастар ш/ағ, 5 үйі тұрғыны, МАХАРАШВИЛИ Лилия Владимировна.

Вторник, 14 июня 2022 04:45

Қоғамдық кеңес

Ағымдағы жылдың 30 мамырында аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Әлжановтың төрағалығымен Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, ШЖҚ "Жарқайың РБ "МКК," ВИОЛА " дәріханасының провизорлары, аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшісі қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде  "Жарқайың ауданының ветеринарлық станциясының жұмысы ", "диспансерлік есепте тұрған, сондай-ақ амбулаториялық және стационарлық емдеудегі азаматтар үшін дәрілік препараттардың қолжетімділігі", "мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар", "Жарқайың ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы "Жарқайың аудандық мәслихатының 2021 жылғы 08 ақпандағы шешімінің күші жойылды деп тану", "Жарқайың ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу" туралы мәселелер қаралды..

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері сұрақтар қойып, оларға түсініктемелер берілді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсынымдар жолданады.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.

Аудандық мәдениет үйінде ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Жарқайың аудандық ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумы өтті.

Жиынға аудан әкімі Жанболат Хамитов, ардагерлер кеңесінің алғашқы Төрағасы Қапар Сейіт ұлының ұрпақтары мен  кейінге төрағалардың жұбайлары, аудан маслихат хатшысы Асылхан Әлжанов, аудан құрметті азаматтары, және ауыл әкімдері, мемлететтік органдарының басшылары және қала мен ауылдық ардагерлер ұжымының төрағалары қатысты.

Салтанатты пленумда Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов құттықтау сөз сөйлеп, пленумның барлық қатысушыларын ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтап, қатысушыларға зор денсаулық, бақыт, отбасына амандық, бейбітшілік пен береке тіледі.

Аудан әкімі ардагерлер ұйымдарының өкілдеріне Жарқайың ауданының қоғамдық өміріне, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.

Жиын барысында сөз Жарқайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлболсын Ахметоваға берілді.

-Дана халқымыз "Қариясы бар елдің - қазынасы бар" деп, ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау керек екенін естен шығармаған халық, себебі ол кісілер айналысына шуағын шашып, шапағатын төгіп отырады.

Бүгінгі күні барша ардагерлердің мұң-мұқтажына құлақ асып, түйткілді түйіндердің шешілуіне себепші болушы- ардагерлердің ұжымдарының кұрылғанына - 35 жыл, сол себептен бүгін баршамыз жиналып отырмыз – деді, Ұ.Ахметова.

- Осыдан 35 жыл бұрын құрылған алғашқы ардагерлер кеңесі ардагерлерді шоғырландыру бойынша үлкен жұмыс атқарды, басты назар аудандық, қалалық, ауылдық бастауыш ұйымдарды құруға аударылды. Көптеген жылдар бойы жинақталған әлеуметтік мәселелерді шешу жүзеге асырылды, зейнеткерлер зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді талап етті, төрағаларға бірнеше рет түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, даналық пен шыдамдылыққа шақыруға тура келді. Ол кезде аз қамтылған, өте мұқтаж зейнеткерлер көп болатын. Олар кеңеске көмек сұрап жиі жүгінді және ардагерлер кеңесі олардың өтініштерін қанағаттандыру үшін бәрін жасады- деп еске алады, ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Сонымен қатар, салтанатты пленум барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұлбосын Ахметова, Тассуат ауылының ардагерлер ұйымының төрайымы Сара Жаныспаева, аудандық білім беру бөлімінің ардагерлер ұйымының төрайымы Грабихина Анна сөз сөйледі.

Негізінен ауданымызда ардагерлер кеңесін алғаш құрған адам Қапар Сейітұлы болды. Ол еңбектегі жетістіктері үшін Ленин орденімен және басқа да наградалармен марапатталған.

Кейін бұл жауапты міндетті Ораз Нурмухамбетов қолына алып, кеңес жұмысын жалғастырды, өз ісінің үлкен энтузиасты болды, құрметті және жігерлі, қамқор адам. Сондай-ақ, ардагерлер ұйымы нығайып, толық күшінде жұмыс істеуі үшін көп күш пен қуатын сарп етті және ол ұзақ уақыт бойы осы орында отырды.

Ораз атадан кейін ардагерлер кеңесін басқарған ауданымызда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеп, үлкен тәжірибесі мен дағдылары бар, жерлестеріміз сыйлайтын, өмірде өшпестей ізін қалдырған тәжірибелі және дана басшы Марат Бейсенұлы Каиров болатын. 

Ал, соңғы 12 жылда ардагерлермен, әртүрлі санаттағы зейнеткерлермен жұмысты одан әрі дамытуға қомақты үлес қосқан ардагерлер ұйымының жұмысын жақсарту үшін Өзипа Маржанқызы Шұңғұлова көп еңбек сіңірді. Ол кісінің атқарған ісі аудандық  БАҚ беттерінде айқын көрініс тапты.

Бүгінде Өзипа Шұңғұлова өз еркімен тиісті демалысына кетті.

Ағымдағы жылы абыройлы міндетті бұрын аудан маслихатының хатшысы болып жұмыс атқарған, ал қазірде зейнеткер атанған Ұлболсын Асқарқызы қолына алып, ардагерлермен жұмыс жасауда.

Ауданда ауылдық округтерде 17 және қалада 9 алғашқы ардагерлер ұйымы  бар.

Ардагерлер ұйымдарының жұмысын жандандыру мақсатында бар мәселелерді шешу және қарт адамдарды әлеуметтік қорғауды жақсарту үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, төралқалар мен пленумдар, бастауыш ұйымдардың төрағаларымен кездесулер өткізіледі.

Қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша дәстүрлі айлықтар, бұған дейін барлық деңгейдегі әкімдіктер мен ардагерлер ұйымдарының үлкен ұйымдастырушылық жұмыстары жүргізіліп келеді. Жыл сайын өткізілген айлық шеңберінде - түрлі материалдық көмек түрлерімен қамту бірнеше миллион теңгені құрайды - онда бұқаралық іс-шаралар, кездесулер, ардагерлерге құрмет көрсету, мерекелік түскі астар мен концерттер бар.

Дойбы мен шахмат бойынша турнирлер, ардагерлердің көркем өнерпаздыққа, қызығушылық клубтарына, қолданбалы өнерге қатысуы дәстүрге айналды.

Ардагерлер кеңесінің жұмысында барлық санаттарға: тыл еңбеккерлеріне, интернационалист жауынгерлерге, Чернобыль АЭС қатысушыларына, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, көп балалы аналарға, бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл бөлінеді.

2022 жылы Жарқайың ауданында жалғыз басты қарттарға үйінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін "Доброе сердце" қоғамдық қоры жұмыс істейді.

Аудан бойынша жалғыз басты қарттармен жұмыс істейтін 23 әлеуметтік қызметкер бар.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, "мейірімділік сәулесі" қоғамдық қоры демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын үйде болады, барлық санаттағы 12 зейнеткерге жәрдемдеседі, онда өмір сүру және белсенді қызмет үшін барлық жағдайлар жасалған.

Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығы арқылы волонтерлік қозғалыстар жүзеге асырылуда, ауланы қардан тазалау бойынша қарттарға барады, отын жинайды және көмір түсіреді.

Бүгінгі күні "саптағы ардагерлер" - бұл ардагерлер ұйымдарының ұраны, бұл аға буын адамдарының қоғамдағы лайықты жағдайының, олардың әлеуметтенуінің, өзін-өзі жүзеге асыруы мен белсенділігінің, егде жастағы адамдардың әлеуетін ашуға жәрдемдесудің, ұрпақтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың үлгісі.

Басты мақсат-кезінде қоғамның гүлденуі үшін күш пен денсаулық берген адамдарды қолдау, оларға белсенді ұзақ өмір сүруге тиісті жағдай жасау.

Ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай Бибігүл Ибраева балалардың суреттерінен картиналар көрмесін ұйымдастырды.  Жарқайың аудандық ардагерлер Кеңесінің салтанатты пленумы шағын концерттік бағдарламамен, балабақша тәрбиеленушілері мен аудандық мәдениет үйі әртістерінің өнерлерімен аяқталды.

"Жарқайың тынысы" газетінің тілшісі.

1931-1932 жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін – ұмытуға болмайтын кезең. Бұл ретте жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас халықтың тағдыры таразы басына тартылғаны белгілі.

Аудан орталығының кіші алаңында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Саяси қуғын-сүргін және жаппай ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты іш-шара кезінде Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы Вера Сидорина сөз сөйледі.

Сондай-ақ, жазықсыз жапа шеккен әруақтардың рухына арнап Жарқайың аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Алмас Оспан құран бағыштады.

Іс-шара барысында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары, аудандық мәслихат хатшысы, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Державин қаласының әкімі, аудан ұйымдарының басшылары, аудандық прокуратура, полиция, төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Вторник, 14 июня 2022 04:39

Құрметті жарқайыңдықтар!

5 маусым экологиялық күнтізбеде маңызды күн — Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні немесе бұл мерекені Эколог күні дейді. Бұл күні қоршаған ортаны қорғаушылар өздерінің кәсіптік мерекелерін атап өтеді.  Жыл сайын осы күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аударып, адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін оятатын мереке.

Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдерінің және әр адамның күш-жігерін біріктіре отырып, біз Жарқайың ауданының табиғи байлығын сақтап, экологиялық проблемаларды шешуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Осы мереке қарсаңында қоршаған ортаны қорғаушы кәсіби мамандарға сонымен бірге, табиғатты қорғап, құрметтейтін және аялайтын жандарға шын көңілден алыс айтамыз.  Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ауданымыздың сұлу табиғатын көркейту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Вторник, 14 июня 2022 04:37

Құрметті жарқайыңдықтар!

4 маусымда біз барлық елмен бірге басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеміз.

Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Бірінші Президентінің Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер қатарына қосылды. Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналып ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.

Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Гимнін салтанатты сәттерде ғана емес, күнделікті тірлікте де қадірлей білуіміз қажет.

Біздің міндетіміз бүгінгі жас ұрпақтың бойына отаншылдық сезімді қалыптастыру арқылы олардың рәміздерге деген сүйіспеншілігін оятумен қатар оны тереңдету болып табылады. Олай болса, Қазақстан Республикасының бір шаңырағы аясындағы Жарқайың ауданы тұрғындарының мерейі үстем, тәуелсіз еліміздің туы әрқашан биік, тұғыры берік болсын!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!

                Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Вторник, 14 июня 2022 04:34

Құрметті жарқайыңдықтар!

Сіздерді 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнімен, ал қоршаған ортаны қорғау бағытында аянбай тер төгіп жүрген барша экологтарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық ахуалды жақсарту мәселелерін шешуге бағытталған міндеттер әрқашан алдыңғы қатарға қойылатыны өздеріңізге мәлім. Біздің өмір сүру сапамыз да осыған тікелей тәуелді екендігін әрқайсысымыз жақсы білеміз.

Еңбектеріңіз үшін, қоршаған ортаны сақтауға және жақсартуға деген адал талпыныстарыңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін! Бүгінгі мереке күні сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа шыңдарды бағындыруда сәттілік пен күш-қайрат тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі  Жанболат Хамитов.

Страница 107 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…