г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын Елдің нышандары екені сөзсіз.  Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Біздің мемлекетіміз – бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық келісім мен ымыраластықтың, биік мақсаттардың алтын бесігі.

Баршаңызды, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз - еңселі, туымыз – тұғырлы, гимніміз – айбынды болсын деймін. Отбасы-шаңырақтарыңызға береке-бірлік пен амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2021 жылғы маусымнан бастап уәкілетті органның лицензиясы жоқ және жоғары кірістілікке кепілдік бере отырып инвестициялық мақсаттар үшін клиенттердің ақшасын тартатын жосықсыз делдалдардың тізімін жариялауда. Оларға қаржылық қызметтерді тұтынушылардан жүздеген шағым түседі.

Fingramota.kz алаяқтарды қалай танып-білуге болатыны және өзін «инвестициялық компания» ретінде көрсететін ұйымның лицензиясын қалай тексеруге болатыны туралы айтып береді.

 

 

 

Негізінен азаматтар Агенттікке Қазақстанның резиденттері болып табылмайтын, олармен шартты электрондық түрде жасаған инвестициялық компанияларға шағыммен өтініш жасайды. Бұл ұйымдардың бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға қаржы реттеушісінің лицензиясы жоқ және Агенттік Қазақстан заңнамасына сәйкес олардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырмайды.

Сонымен бірге өтініштердің бір бөлігі қаржылық алаяқтықпен байланысты. Қаскүнемдер өздерін әлемдік нарықтарда белгілі инвестициялық компаниялар ретінде таныстыра отырып, азаматтардан конфиденциалды ақпарат пен ақшаны алаяқтық жолмен алдап сұрайды.

 

Алаяқтар қандай схемалар ойлап тапты?

Алаяқтық схемалар көп жағдайда Forex нарығымен байланысты және онлайн режимде жасалады. Алаяқтар брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асырамыз деген сылтаумен валюта нарығында операциялар жүргізілетін сайтты пайдаланушы азаматтардан ақшаны алдап алып қояды. Қаскүнемдер  сайтты пайдаланушымен жалған қалалық нөмірлер, электрондық пошта арқылы өзара байланысып, қалтқысыз сендіру үшін халықаралық банктік брендтердің атынан хаттар жолдап, табысты және болашағы зор компанияның бейнесін жасайды. Кейбір жағдайларда олар пайдаланушының қырағылығын сейілту және өздерінің қызметін растау үшін олар ақша қаражатын салу ұсыныстарымен жалған бизнес-жоспарлар жібереді. Пайдаланушы өз еркімен белгілі бір соманы жібергеннен кейін, жалған брокерлер оларға ақшаның әртүрлі себептермен «банктен шықпай жатқанын» айтып, оны алу үшін белгілі бір пайыз төлеу қажеттілігін айтады. Психологиялық әсер ету түрлерін епті пайдалана отырып, алаяқтар сайт пайдаланушысын алдап, қосымша қаражат түсіруге тырысады. Мұндай айла-шарғы пайдаланушының  мұндай компания қызметінің заңдылығына  күмәндана бастап, олардың заңдылығын тексергенге дейін табысты жұмыс істейді. Алайда, осы жағдайда да алаяқтар өздерін түрлі қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері ретінде таныстырып, әлеуметтік инженерия әдістерін қолданумен қосымша жарналар төлеуді сұрайды. Салымдарын қайтарғысы келетін «құрбанның» қалауы ескеріліп, мұндай схема бірнеше рет іске асырылуы мүмкін. Аталған схеманың тетігі мен оны өңдеу инвесторлардың сеніміне және оларға психологиялық  қатты қысым көрсетуге негізделеді.

Алаяқтар көп жағдайда клиентке Forex валюта нарығында шетел валютасын сатуға «құқық» береді, оны кредиттік  тірек арқылы, яғни қарызға береді. Мұндай операциялардың валюталық жұптардың жоғары құбылмалылығымен инвестициялық шығындардың айтарлықтай тәуекелдері болады. Бұл ретте клиентке шетелдік заңнама бойынша жасалған шарт беріледі, бұл кейіннен даулар мен жанжалдарды шешуді, сондай-ақ инвестордың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді қиындатады.

Алаяқтар қалай жұмыс істейді?

Жалған брокерлер клиентке түрлі интернет-сервистер мен сауда платформалары арқылы шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен операциялар жасауға қашықтан «қол жеткізуге» мүмкіндік береміз деп сендіреді. Көбінесе мұндай ұйымдар оффшорлық аймақтарда тіркелген және Қазақстан аумағында қашықтан немесе клиенттерге консультация беретін және өз сервистері арқылы қаражатты инвестициялау бойынша оқыту жүргізетін өкілдіктер, филиалдар арқылы жұмыс істейді. Бұдан басқа, Қазақстан нарығында сенімгерлік басқару қызметтерін ұсыну арқылы үшінші тұлғалардан ақша қаражатын тартатын жекелеген компаниялар жұмыс істейді. Бұл компаниялар кейіннен қаржы құралдарына және басқа да мүліктік объектілерге қаражат салады. Бұл ретте олардың тиісті лицензиясы болмауы мүмкін.

Бұл ұйымдар агрессивті жарнама науқанын жүргізеді, азаматтардың сенімімен және олардың кіріс алу ниетімен «ойнайды», оларға банктік салымдар сыйақының ағымдағы мөлшерлемелерінен асып кететін тұрақты жоғары пайданы уәде бере отырып адастырады. Сонымен қатар олар ықтимал тәуекелдер туралы ақпаратты жария етпейді. Клиент «өзі тапқан» кірісті алуға әрекет еткен кезде бұл компаниялар клиентке оның ақшасын қайтарудан жалтарады, не қандай да бір себептермен клиенттердің шоттарының күшін жояды, бұл да осындай компаниялардың тарапынан алаяқтық әрекеттер белгілеріне ие.

Нағыз делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады?  

Брокердің алаяқ емес, шын брокер екендігіне оңай илануға болады: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында онда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуын тексеру қажет. Брокердің қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында көрсетілген барлық деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелерге сәйкес келуге тиіс. Сонымен бірге реттеушінің сайтында жосықсыз инвестициялық делдалдардың тізіміне сәйкес салыстырып тексеру керек.

Инвестор қандай қағидаларды сақтауға тиіс?

Инвестор өз қаражатын қор нарығында немесе Forex нарығында инвестициялаған кезде оның нарықтық тәуекелдерден сақтандырылмайтынын және нәтижесінде кіріс алмай, шығынға ұшырауы мүмкін екендігін түсінген жөн.

Инвесторға шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен сауда жасау әртүрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен ұштасатынын есте сақтау маңызды, сондықтан кез келген инвестиция нарықты, эмитенттердің қаржылық жай-күйін, бағалы қағаздың өлшемдерін мұқият талдауды және оған қатысты мөлшерленген шешім қабылдауды талап етеді.

Жаңадан келген инвесторға қарыз қаражатына, сондай-ақ қысқа мерзімді келешекте талап етілуі мүмкін қаражатқа инвестициялар жасауға болмайды.

 

Реттеуші инвесторлар үшін қорғау тетіктерін жақсарту бағытында не істеп жатыр?

 

Агенттік ҚР Парламентінің Мәжілісіне заңнамалық түзетулер блогын енгізді, оған сәйкес реттеу аясына Forex нарығында жеке тұлғалар үшін қызмет көрсететін субъектілерді қосу, инвестициялық кеңес беруге қатысты жауапкершілікті күшейту, бағалы қағаздар нарығында теріс пиғылды практикаларға және айла-шарғы жасауға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды кеңейту, тиісті бағалау негізінде инвесторлардың тәуекел-бейінін айқындау жоспарлануда.

Бұл бастамалар Қазақстан аумағында лицензияланбаған делдалдардың қызметін шектеуге, сондай-ақ қазақстандық инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Fingramota.kz-дан жаңалықтарды қадағалаңыз және инвестициялық делдалды таңдағанда өте сақ болыңыз!

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және Интернеттің қосылуына байланысты Қазақстанда орын алған соңғы оқиғаларға байланысты көптеген қазақстандықтар түрлі алаяқтардың алдауына тап болды. Fingramota.kz сізге алаяқтарды кейбір сипаттамалары бойынша қалай тануға болатындығын айтады.

 

 Жалған колл-орталықтары

 Банк клиенттеріне бірінші болып қоңырау шалған «банк менеджерінен» гөрі, азаматтардың өздері алдымен хабарласа алатын жедел желі операторы көбірек сенім тудырады. Сондықтан алаяқтар адамдарға жалған колл-орталықтарға жүгініп, олардың қызметкерлерінің нұсқауларын  орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Мысалы, қаскүнемдер әлеуетті жәбірленушімен  байланысқа шығу үшін оның ұялы телефонына банктің атынан қоңырау шалып, маңызды ақпаратты хабарлап, қызықтырып, сосын бірден байланысты үзіп жібереді. Клиент көрсетілген нөмірге қайта қоңырау шалады, оған алдымен осы банктің «жауап беру құрылғысы», содан кейін жалған оператор жауап береді.

Қаржы алаяқтары жәбірленушіден ақша немесе олардың шотына қол жеткізу үшін деректерін алу үшін осындай айла қолданады. Бұл ЖСН, төлем картасының немесе шоттың толық деректемелері, оның ішінде CVV/CVC коды, сондай-ақ SMS-хабарламаның коды. Ол үшін олар әлеуметтік инженерия әдістерін, яғни психологиялық әдістер мен манипуляцияларды пайдаланады, содан кейін қалағанын алғаннан кейін қаскүнемдер шоттағы барлық қаражатты оңай қолма-қол ақшаға айналдыра алады, жалған несие рәсімдей алады немесе төлем картаңыздың деректерін пайдалана отырып, онлайн-сатып алулар жасай алады.

 

Электрондық пошта немесе SMS арқылы хабарламалар

 Алаяқтар әр түрлі хабарламалар жібере алатын кез келген «жалған»  нөмір жасай алады. Олар банктің колл-орталығының қысқа нөмірін де ауыстыра алады - заманауи технологиялар мұны көп күш жұмсамай-ақ жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда қаскүнемдердің өздері басқа қалада немесе тіпті басқа елде болуы мүмкін.

Мысалы, SMS арқылы банктен біреу сіздің онлайн-банкингіңізге кіруге тырысқаны немесе сіздің шотыңыз бойынша күдікті операция тіркелгені туралы және ақпаратты нақтылау үшін банктің жедел желісіне осындай нөмір бойынша қоңырау шалу немесе сілтеме бойынша өту қажет деген сияқты хабарлама келеді.

Хабарламалар электрондық пошта арқылы да келуі мүмкін. Мысалы, қандай да бір банктік қызметке жазылу жүргізілді, төлем жақын арада есептен шығарылады, ал оның күшін жою үшін хатта көрсетілген нөмір бойынша банктің колл-орталығына қоңырау шалу қажет.

Егер банк клиенттері алаяқтардың жалған нөмірлеріне қоңырау шалып, жалған операторлардың нұсқауларын орындаса, олар алаяқтарға жеке және төлем деректерін өз еріктерімен жібереді.

 

Fingramota.kz-тен кеңестер: қалай телефон алаяқтарының құрбаны болмау керек

 

  1. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді айтқаннан гөрі, сөйлесуді тоқтатқан дұрыс

 Банктік қосымшалардың ПИН - коды, парольдары, төлем

картасының артқы жағындағы үш мәнді код,  SMS-кодтар – бұл құпия ақпарат, Сіз  оны құпия ұстауыңыз керек және ешкімге, оның ішінде банк қызметкерлеріне де хабарламауыңыз керек.

Есіңізде болсын, банк қызметкерлері, банктердің колл-орталық операторлары бұл ақпаратты ешқашан телефон арқылы сұрамайды. Бұл тек алаяқтар үшін қажет.

Нағыз банк менеджеріне  аты-жөніңізді; төлқұжат деректеріңізді; қандай карталар ресімделгенін; оларда қанша ақша қалғанын нақтылау үшін Сізге қоңырау шалудың қажеті жоқ. Банкте Сіздің толық қаржылық досьеңіз – кредит тарихыңыз бар.

Сізге банк менеджері немесе алаяқтың қоңырау шалғанына көз жеткізу үшін, Сіз өзіңізге қызмет көрсететін банктің сенім телефонының нөмірін теруіңіз керек. Бірақ ешқашан қоңырау түскен немесе электрондық пошта арқылы түскен SMS-хабарламада көрсетілген нөмірге емес.

 

  1. Егер Сізді телефон арқылы қорқытуға тырысса, үрейге берілмеңіз

Сіздің картаңызбен күрделі проблема орын алғаны туралы алаңдатарлық мәлімдемеге ең жақсы жауап: «Мен қазір банкке қоңырау шаламын немесе оны тексеру үшін барамын». Қоңырау шалушы бірден қоңырауды үзетініне сенімді болыңыз. Карта иесін қорқыту – бұл өте кең тараған қулық. Әртүрлі жағдай ойлап табулары мүмкін:

«Біреу сіздің картаңызбен күдікті транзакциялар жүргізуде»;

«Шұғыл! Сіздің шотыңыздан/карточкаңыздан n сома есептен шығарылды, ақшаны дереу уақытша шотқа аудару қажет»;

«Сіз бес минут бұрын кредит алуға өтініш бердіңіз бе? Егер сіз бермесеңіз, оны болдырмау үшін шұғыл түрде сіздің деректеріңіз қажет»;

«Сіздің картаңыз бұғатталған, оны бұғаттан шығару үшін телефоныңызға коды көрсетілген SMS келеді, оны атаңыз» және т.б. Алаяқтардың басты мақсаты сізді қорқыту, сізді күйгелектетуді жеңілдету үшін тепе-теңдіктен шығару.

Егер сіздің картаңызбен қандай да бір проблемалар туындаса, онда банк оны өзі бұғаттай алады және бұл туралы шартта көрсетілген арна бойынша хабарлама жіберуі мүмкін. Ең дұрысы, банк бөлімшесіне өзіңіз қоңырау шалып, хабарламаны шынымен жіберген-жібермегенін нақтылау қажет.

 

  1. Егер қоңырау шалушы телефонға белгілі бір қосымшаны жүктеуді сұраса, оны жасамаңыз

Қоңырау шалушының сөздері сендірерліктей естілсе де, оған сенбеңіз. Алаяқтар сізді зиянды қосымшаларды жүктеп алуға көндіруге тырысуы мүмкін, олардың көмегімен сіздің аджетіңізге және тиісінше ішіндегі барлық мәліметтерге қашықтан қол жеткізе алады. Егер сізде әлі де антивирустық бағдарлама болмаса, оны сіз қолданатын барлық құрылғыларға шұғыл түрде орнатыңыз.

 

  1. Хабарламалардағы күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз

Электрондық хаттар мен SMS-хабарламалардағы күмәнді сілтемелер арқылы ешқашан өтпеңіз. Оларға пайдаланушының дербес деректерін ұрлайтын зиян бағдарлама кіріктірілген болуы мүмкін. Сілтемені өз танысыңыздан алсаңыз да, ол арқылы өтуге асықпаңыз. Кибералаяқтар бөтен аккаунтқа кіріп, хат таратуы мүмкін. Мысалы, сіз досыңыздан сілтеме арқылы өтіп, оған онлайн-конкурста қолдау көрсету туралы хат алдыңыз. Асығып, бірден сілтемені басудың қажеті жоқ. Мұндай сілтемелердің артында қауіпті бағдарламалар жасырынып тұруы мүмкін. 

 

  1. Мұқият болыңыз және ақпаратты қайта тексеріп отырыңыз

Телефон алаяқтары сіздерді сендіруге қатты тырысады да, ойлануға және талдауға және ақпаратты қайта тексеруге уақытыңыз болмайтындай, түрлі айлаларды пайдаланып, сізді әдейі асықтырады. Бірақ мәселе ақшаға қатысты болса, асығыстық танытпау қажет. Алаяқтар әрқашан ақша туралы сөз қозғайды, осыны есте ұстаңыз! 

Олар күн сайын жаңа алдау сызбаларын ойлап табуда. Сізге қоңырау шалып, жазып құпия мәліметті сұрайтын бейтаныс адамдарға сенбеңіз. Ақпаратты қайта тексеріп отырыңыз, олардың атынан өкілдері қоңырау шалып отырған банкке немесе өзге ұйымға қайта қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және дербес деректеріңізге абай болыңыз! 

 

Өз қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Вишинг жаңа деңгейге көтерілді. Телефон алаяқтары адамдардың биометриялық деректерін … robocalls, яғни дыбыстық боттардың көмегімен жинауда. Айта кетері, әдетте, роботтар жиі мазалайды әрі жиі қоңырау шалады.

Алаяқтықтың бұл түріне қалай төтеп беруге болатынын Fingramota.kz айтып береді.

  

IP-телефония арқылы қаскөйлер кез келген нөмірді жасап шығара алады және бұл оларға өздерін қалауына қарай: банктің, құқық қорғау органдарының, түрлі компаниялардың қызметкерлері ретінде таныстыруға мүмкіндік береді. Барынша сенімді көріну және адамдарды барынша көбірек қамту үшін алаяқтар заманауи технологиялардың көмегімен адамдармен белгілі бір сценарийлер бойынша немесе аудиожазба арқылы «сөйлесетін» дыбыстық роботтарды пайдаланады.

Алаяқтар аңыз айтып, әңгімелесушіні оған сендіріп, дербес деректері мен төлем деректерін хабарлауға мәжбүрлейді, содан кейін банктік шотындағы ақшаны түгел алады немесе өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарында пайдалану үшін «жәбірленушінің» даусын жазып алады.

 Алаяқтар қандай аңыздар ойлап табады?

 Көп жағдайда қаскөйлер адамдарды олардың шоттарына хакерлердің шабуыл жасауы, олардың онлайн- немесе мобильді банкингтегі жеке кабинетін бұзып кіруі туралы әңгімелерімен қорқытады. Робот сізге банктің қысқа нөмірінен қоңырау шалуы мүмкін, бұл сізді шатастырып, қырағылығыңызды төмендетіп, сізге: бөтен адамдардың сіздің атыңызға жалған кредит алуға тырысқандығы, түрлі санкциялар үшін шоттың бұғатталғаны, банк SWIFT халықаралық аударым жасау жүйесін өшіріп, ақшаны тез арада «резервтік», қауіпсіз және т.б. шотқа аудару қажеттігі туралы хабарлай алады.     

Алаяқ боттар полиция департаментінің атынан қоңырау шалып, белгілі бір айыппұлдың бар екендігін хабарлап, толығырақ ақпарат алу үшін мысалға, «1»-ді басуыңызды сұрауы мүмкін. Содан кейін хабарланатын ақпарат «аса құпия» болып табылатынын және жеке басын растау үшін төлем деректеріңіз туралы сұрақтарды да қамтитын бірқатар сұрақтарға жауап беру қажет екендігін ескертетін басқа дыбыстық «көмекші» қосылады.      

Алаяқтардың дыбыстық автоматтандыру арқылы қолданатын тағы бір кең таралған схемасы бар. Қоңырауға жауап бере салысымен, сіз немесе нөміріңіз конкурста, лотереяда, ұтыс ойынында жеңгендігін хабарлайтын жазба қосылады. Әрине, сіз нақтылайтын сұрақтар қоясыз, алайда сымның арғы бетіндегі сөздер легі таусылар емес. Егер анықтап тыңдайтын болсаңыз, бұл аудиожазба екенін аңғара аласыз, бірақ сіз өз сөздеріңіздің де жазылып жатқанын бірден байқамауыңыз мүмкін. 

Алаяқтар дыбыстық роботтарды тарту арқылы қандай амалдарды пайдаланса да, олардың мақсаты сіздерден маңызды құпия мәліметтерді алу: ЖСН, жеке басты куәландыратын құжат нөмірі, картаның толық деректемелері және SMS-пен келетін код. Сонымен бірге алаяқтар үшін сіздің «Иә» және «Мен растаймын» жауаптарын анық айтқаныңыз маңызды. Бұл үшін боттар «Сіз Алматыда тұрасыз ба?», «Сіз соңғы тәулікте төлемдер жасадыңыз ба?», «Сіз өз жүлдеңізді алғыңыз келе ме?», «Сіз мені жақсы естіп тұрсыз ба?», «Сіз бұл ақпаратты растайсыз ба?» деген сұрақтарды қоя алады.

 Алаяқтар дауысыңызбен берген деректеріңізді қалай пайдалана алады?

 Алаяқтар өз құрбандары дауысының аудиожазбасын қолдана отырып, кредиттік ұйымда түрлі қаржылық операцияларды орындай алатынына, мысалы, кредит ала алатынына сенеді. Алайда, банктер мен микроқаржы ұйымдарында биометриялық сәйкестендіру сияқты жеке басын растау рәсімінің құрауышынан басқа тексерудің қосымша деңгейлері бар. Сізге бірден кредит беру үшін тек «иә» дей салу жеткіліксіз. Алайда, сіз роботқа маңызды дербес ақпаратты хабарлап үлгерген болсаңыз, онда сіздің банктік шотыңыздың қаражатсыз қалуы мен атыңызға ресімделген кредиттердің өз атыңызда қалу тәуекелі еселеп артады.

Алаяқтар сіздің «даусыңыздың көшірмесімен» тағы не істей алады? Үшінші тұлғаларға сатады немесе бопсалау мақсатында пайдаланады, мысалы, сіздің беделіңізді түсіретін жазба құрастырып, содан кейін ол үшін ақша төлеуіңізді талап етеді. 

 Не істеу керек?

 Дауыстық роботты (спамерді) тану қиын емес. Оған сенбей, сөйлесуді тоқтатып, нөмірді бұғаттаңыз.

  1. Егер сіз ботпен «сөйлесуді» жалғастырамын деп шешсеңіз, онда сөздеріңізге мұқият болып, мысалы «Иә» орнына «Алло» сөзін айтыңыз. Сондай-ақ: «Солай шығар», «Аха», «Мхм» және т.б. көп мағыналы сөздерді қолдануға болады, бұл алаяқтық автоматтандыру алгоритмін бұзады.
  2. Алаяқтар осы әлемдегі кез-келген нөмірді ауыстыруға мүмкіндік беретін арнайы сервистерді пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлемнің кез келген елінде болуы мүмкін. Сондықтан сізге қазір ғана айтылған ақпараттың шындыққа сәйкес келетініне көз жеткізу мақсатында сөйлесуді аяқтап, сізге қызмет көрсететін банктің немесе атын бүркеніп спамерлер қоңырау шалған ұйымның жедел желі нөмірін өз бетіңізбен теруді ұсынамыз.
  3. Есіңізде болсын, банктер және басқа ұйымдар, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері Сіздің картаңыздың деректерін және басқа да құпия ақпаратты нақтылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды. Ешқандай қауіпсіз шот жоқ! Бұл алаяқтар ойлап тапқан аңыз.
  4. Ата-анаңызға, ата-әжеңізге, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге арналған картасы бар балаларға ешкімге, әсіресе телефон арқылы картаның деректерін, оның ішінде арғы жағындағы кодты, интернет-банкингтің паролін, SMS-кодты хабарламасын және қоңырау шалушылардың нұсқаулары бойынша күмәнді қосымшаларды жүктемесін деп ескертіп қойыңыз.

         Егер сіз өзіңіздің деректеріңізді алаяқтарға хабарлаған болсаңыз, не істеу керек?

          Өкінішке қарай, жиі маңызды ақпаратты қылмыскерлердің қолына беретін адамдардың өздері, себебі олар қырағылық танытпайды әрі түрлі жағда     йларға байланысты ұтымды ойлау және бәрін талдау қабілетін жоғалтады.

Егер сіз байқаусызда өз дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға жіберіп алсаңыз, дереу банкке хабарласып, болған оқиға туралы айтыңыз және өз шоттарыңыз бен барлық операцияларыңызды бұғаттауды сұраңыз. Міндетті түрде құқық қорғау органдарына өтініш жазып, тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген өтініш көшірмесін өзіңізге сақтап алыңыз.

         Абай болыңыз, өзіңізге және ақшаңызға сақ болыңыз, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Понедельник, 13 июня 2022 11:43

Балаларды қорғау күні тойланды

Сәрсенбі күні аудан орталығында 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай. Шараға аудан әкімі Жанболат Хамитов қатысып, бүлдіршіндерге жарқын болашақ, бақытты балалық шақ тіледі. Бұл күні ауданымызда түрлі іс шаралар өтті. Аудан мәдениет үйінің алдында  «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама қойылды, орталық алаңда «Дені сау бала» атты спорттық ойындармен эстафета ұйымдастырылды, Амфитеатрда «Балалар өмір гүлі» тақырыбында флеш-моб, театрландырылған қойылым, қол-өнер бұйымдары, картиналар көрмесі қойылды. Сонымен қатар, кешқұрым аудан мәдениет үйінің көрермендер залында мультфилм көрсетіліп, жалпы серуен ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, іс шараға бүлдіршіндер түрлі ертегі кейіпкерлердің үлгісіндегі киімдермен келген. Бұл күні барша балалар  жоғары көңіл-күйде болды.

«Жарқайың тынысы» газетінің тілшісі.

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бақылаушыларының миссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті деп санайды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі. "Миссия 21 мамырда референдумға мониторинг жүргізуге кірісті, өз қызметін еркін жүзеге асырды, келген елдің заңнамасын сақтай отырып, референдум барысына және мемлекеттің ішкі істеріне араласпады. Миссия республикада референдумды халықаралық бақылау үшін қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтеді", - деді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушылары миссиясының басшысы Леонид Анфимов. Спикер референдумды Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауынан кейін өткізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. 5 маусымда миссия өкілдері Ақмола, ШҚО, БҚО, Қарағанды облыстарында, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Анкара, Баку, Бішкек, Брест, Рига, Дубай, Душанбе, Ереван, қазан, Минск, Мәскеу,Санкт-Петербург, Санкт-Петербург, Санкт-Петербург, Мәскеу, Санкт-Петербург, Санкт-Петербург, Мәскеу, Санкт-Петербург, Санкт-Петербург, Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Оттава, Париж, Пекин, Санкт-Петербург, София. "ТМД байқаушылары референдумның 865 учаскесіне барып, дауыс беру процесінің ұйымдастырылуы мен ашықтығын атап өтті. Дауыс беру процесін бақылау үшін қажетті жағдайлар жасалған. Референдум учаскелері ақпараттық материалдармен және қажетті жабдықтармен жарақтандырылды. Дауыстарды санау рәсімі референдум туралы заңнамаға сәйкес өтті, бақылаушыларға учаскелік комиссия мүшелерінің іс - әрекеттеріне толық шолу жасалды", - деп толықтырды Леонид Анфимов. ТМД бақылаушылары өз есептерінде миссияның пікірінше референдум нәтижелеріне әсер ете алмайтын принципті емес, техникалық сипатқа ие бірнеше және шамалы бұзушылықтарды атап өтті. Дауыс беру рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтті. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бақылаушыларының миссиясы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум жоғары ұйымдастырушылық деңгейде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтті деп санайды", - деп түйіндеді Леонид Анфимов.

Барлық құқықтар қорғалған. Белсенді сілтемені қолданыңыз inform.kz https://www.inform.kz/ru/referendum-proshel-na-vysokom-organizacionnom-urovne-missiya-nablyudateley-ot-sng_a3941280

Понедельник, 06 июня 2022 09:39

Қазақстан Ресейді абыроймен өткізді

Қазақстан Ресейді абыроймен өткізді - Ресей ОСК мүшесі Нұр-сұлтан референдумы туралы. ҚАЗАҚПАРАТ - Халықаралық байқаушылар референдумда сайлаушылардың дауыс беру процесін бақылау және мониторинг қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Павел Андреев дауыс беру қорытындыларына әсер етуі мүмкін оқыс оқиғалар мен бұзушылықтарды байқамағанын түсіндірді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА тілшісі. "Біз өте жемісті жұмыс жасадық. Мен жеке өзім 13 сайлау учаскесінде болдым. Көптеген учаскелер бағдарламадан тыс болды, соның ішінде біз толық суреттің қалай пайда болғанын көру үшін ауылдық жерлерге бардық. Жалпы, сурет жағымды және жақсы дамыды, атап өтуге болатын ерекшеліктерді қоспағанда. Алайда оларды барлық посткеңестік елдердің дәстүрлеріне жатқызуға болады. Сайлауға көбісі кішкентай балаларымен, немерелерімен бірге келеді, бірлескен дауыс беру жүріп жатыр. Бірақ біз бұл маңызды бұзушылық деп санамаймыз. Бұл тезірек дәстүр. ШЫҰ Бас хатшысы жасаған мәлімдемені толық қолдаймын, жалпы референдум өтті деп есептейміз", - деді РФ сенаторы Ирек Ялалов. Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Павел Андреев негізгі заңға түзетулер енгізу кез - келген мемлекет үшін нәзік және сезімтал сәт екенін түсіндірді. "Қазақстан бұл рәсімді абыроймен өтті. Референдум өткізу туралы маңызды шешім қабылданды. Азаматтар дауыс берді. Біз адамдардың отбасыларымен келіп, өз дауыстарын бергенін көрдік. Процедура тұрғысынан шағымданатын ештеңе болмады. Комиссиялар дауыс беру нәтижелеріне әсер етуі мүмкін қандай да бір инциденттерді немесе бұзушылықтарды дайындаған жоқ. Мұндай фактілер туралы хабарламалар болған жоқ. Азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейін атап өткім келеді, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, кейбіреулері тіпті 10 адамға дейін. Бұл қоғамдық белсенді азаматтардың үлкен қызығушылығын көрсетеді", - деп түйіндеді Павел Андреев.

Понедельник, 06 июня 2022 09:37

Қоғамдық бірігу жаңа деңгейге шықты


Қоғамдық бірігу жаңа деңгейге шықты - Ерлан Қарин Нұр-сұлтан референдумының қорытындылары туралы. ҚАЗАҚПАРАТ - билік пен қоғам біртұтас түсіну одан әрі дамытудың келешегі, елдің. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің Telegram-каналында ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өткен республикалық референдумға түсінік бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. "Сонымен, конституциялық түзетулер бойынша референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы жариялаған алдын-ала мәліметтер бойынша келу 68,06% құрады. Бұл ретте сайлаушылардың 77,18% Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қолдады. Конституциялық реформаның жоғары қатысуы мен жоғары деңгейде қолдауы қоғамдық шоғырланудың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Референдум нәтижелері билік пен қоғамның елдің одан әрі даму перспективаларын бірыңғай түсінетіндігін көрсетеді. Мұның бәрі президенттік реформалар бағытын қоғамдық қолдаудың нақты кеңеюін білдіреді", - деп жазды Ерлан Қарин.

 

Ел аумағында 8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру аяқталды

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің аумағында ашылған 8 мыңнан астам референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәл қазіргі уақытта еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 референдум учаскесі жұмысын аяқтап, аумақтық референдум комиссиясының мүшелері дауыс санауға кірісті. Сонымен қатар 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 17 учаскеде дауыс беру аяқталып отыр. Сағат айырмашылығына байланысты еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы 1 858 учаскеде дауыс беру астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады. Ал шетелдегі 48 учаскеде сағат айырмашылығына байланысты дауыс беру әлі жүріп жатыр. Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылған. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске бар. Айта кетейік, астана уақытымен сағат 18.00-дегі деректерге сәйкес, республика бойынша 7 624 641 азамат бюллетень алды. Бұл - тізімге енген азаматтардың 65,04 пайызы.

https://www.inform.kz/kz/el-aumagynda-8-mynnan-astam-uchaskede-dauys-beru-ayaktaldy_a3941053

Бүгін 5 маусым-әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды оқиға. Бүгінгі референдум халықтың рухын көтеру, оны біріктіру және ойлар мен істерде біртұтас болу үшін қажет болды. ​ Біз өз мемлекетіміз үшін, оның болашағы үшін аянбай еңбек етуге тиіспіз. Бұл жыл балалар жылы деп жарияланды және біздің ұрпағымызға денсаулық тілеп, жас ұрпаққа Денсаулық, толеранттылық және елімізге құрмет айтқымыз келеді.

Асқар ӘЛКЕШОВ, Жарқайың ауданының Құрметті азаматы.

Страница 108 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…