Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Ұлттық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас – адамның рухани болмысын айқындайтын асыл ұғым. Ал, Отанға деген сүйіспеншілікті әрбір жүрекке ұялататын Елдің нышандары екені сөзсіз. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.
Біздің мемлекетіміз – бейбітшілік пен татулықтың, ұлтаралық келісім мен ымыраластықтың, биік мақсаттардың алтын бесігі.
Баршаңызды, Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз - еңселі, туымыз – тұғырлы, гимніміз – айбынды болсын деймін. Отбасы-шаңырақтарыңызға береке-бірлік пен амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов.