Құрметті жарқайыңдықтар!
4 маусымда біз барлық елмен бірге басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеміз.
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Бірінші Президентінің Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер қатарына қосылды. Сол сәттен бастап бұл күн қазақстандықтар үшін басты мерекелердің біріне айналып ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.
Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады.
Еліміздің Туын, Елтаңбасын, Гимнін салтанатты сәттерде ғана емес, күнделікті тірлікте де қадірлей білуіміз қажет.
Біздің міндетіміз бүгінгі жас ұрпақтың бойына отаншылдық сезімді қалыптастыру арқылы олардың рәміздерге деген сүйіспеншілігін оятумен қатар оны тереңдету болып табылады. Олай болса, Қазақстан Республикасының бір шаңырағы аясындағы Жарқайың ауданы тұрғындарының мерейі үстем, тәуелсіз еліміздің туы әрқашан биік, тұғыры берік болсын!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.