Құрметті жарқайыңдықтар!
5 маусым экологиялық күнтізбеде маңызды күн — Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні немесе бұл мерекені Эколог күні дейді. Бұл күні қоршаған ортаны қорғаушылар өздерінің кәсіптік мерекелерін атап өтеді. Жыл сайын осы күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні қоршаған ортаның айтулы проблемаларына әлемдік қауымдастықтың назарын аударып, адамзат баласының қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін оятатын мереке.
Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың, кәсіпорындар мен ұйымдар өкілдерінің және әр адамның күш-жігерін біріктіре отырып, біз Жарқайың ауданының табиғи байлығын сақтап, экологиялық проблемаларды шешуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Осы мереке қарсаңында қоршаған ортаны қорғаушы кәсіби мамандарға сонымен бірге, табиғатты қорғап, құрметтейтін және аялайтын жандарға шын көңілден алыс айтамыз. Сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ауданымыздың сұлу табиғатын көркейту жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.