г. Державинск
ул. М. Габдуллина, 101/5
zharkain

zharkain

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті негізгі, міндетті және ерікті деңгейлерде бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі құрылды.

Базалық деңгейде Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыруға қарамастан, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек алады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлер үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар өздері үшін төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптасады.

Ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды жұмыс берушілер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) өз қызметкерлері үшін бір ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінен кем емес және 7 ЕТЖ-дан аспайтын табысының 3,5 % мөлшерінде төлейді. Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты жұмыскердің жалақысынан ұсталынбай, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.

Әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық түсуі  әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда жұмыскерге Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқық береді.

  1. Қордан еңбекке қабылеттіліктен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Ол жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеу кезеңіне төленеді.
  2. Қордан асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Ол асырауындағылар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқитындарға 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Сатып алу қабілетін қамтамасыз ету үшін бұл төлемдер жыл сайын ұлғайып отырады. Мәселен, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемдердің жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға өсті.

Егер бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 608 теңгені құраса, ал Қордан жұмыс істеген азаматтарға төленетін төлемдерді есепке алғанда жалпы сомасы 84 353 теңгені құрады.

Егер бюджет қаражаты есебінен алушылар үшін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері ағымдағы жылдың 1- сәуірінен бастап 45 627 теңгені құраса, ал Қордан төленетін төлемдерді есепке алғанда жалпы сомасы 76 443 теңгені құрады.

Осылайша, жұмыс істейтін халық үшін бұл төлемдердің орташа мөлшері жұмыс істемеген алушымен салыстырғанда шамамен 30 мың теңгеге жоғары.

  1. Қордан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан тағайындалады. Төлем құқығы жұмыспен қамту орталығы немесе «Электрондық еңбек биржасы» порталы (enbek.kz) арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап туындайды. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40% құрайды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады. 2021 жылы республика бойынша 105 564 адам 16,2 млрд. теңге, ал Ақмола облысында 2 447 адам 290  932,6млн.теңге сомасында төлем алды.

Ана мен баланы қолдау мақсатында жұмыс істейтін әйелдер үшін Қордан әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

  1. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы жылдағы орташа айлық табысқа және еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына байланысты. 2021 жылы республика бойынша 225 489 адам 123,6 млрд теңге, ал Ақмола облысында 6 760 адам 3 327 766,0 млн.теңге сомасында төлем алды.
  2. Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі немесе одан да көп бала туған кезде төлем әр балаға бөлек тағайындалады. 2021 жылы республикада 662 761 адам 154,5 млрд теңге, ал Ақмола облысында _ 19 547 адам 4 353 765,7млн.теңге сомасында төлем алды.

Жалпы, 6,6 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылады. 2021 жылы 1,1 миллионнан астам адам 340 миллиард теңгеге жуық, ал Ақмола облысында 35 939  адам 9 676 744,2млрд. теңге сомасында төлем алды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруда жұмыс берушілердің Қорға әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеуі маңызды фактор болып табылады, өйткені төлемдердің мөлшері жүйеге қатысу ұзақтығына және табыс деңгейіне тікелей байланысты. Осыған байланысты, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берердің алдында  egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) немесе Қордың филиалдарына жүгіну арқылы әлеуметтік аударымдардың Қорға дұрыс және уақтылы түсуін тексеруді ұсынамыз.

Осылайша, белгілі бір әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтар жұмыс істемейтін азаматтарға қарағанда мемлекеттік жәрдемақы және Қордан әлеуметтік төлемдер ала отырып артықшылыққа ие болады. Осыған орай, еңбек шартының болуы жұмыс істейтін азаматтарға тек еңбек қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тәуекелдер туындағанда әлеуметтік кепілдіктер береді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы толығырақ ақпаратты Қордың gfss.kz интернет-ресурсы арқылы алуға болады.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында аудандық мәслихаттың Депутаттық өкілеттік және этика, әлеуметтік сала және заңдылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Асылхан Қапашұлы Әлжанов, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов, аудандық мәслихаттың депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шақырылғандар қатысты.

Жарқайың ауданының тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде «Жарқайың ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы» мәселелері қаралды.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алтын Орданың 750 жылдығына, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойына, шығыстың қос жұлдызы Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың туғандарына 100 жылдығына арналған «Ұлық Ұлыс хандары жолымен» атты тарихи-танымдық экспедиция Жарқайың ауданына келіп жетті.

Аталмыш экспедицияның жетекшісі Қазақстан Республикасының Ғылыми Академиясының академигі, құрметті өлкетанушы, Біржансал ауданының құрметті азаматы Мұрат қажы Ыдырысұлының жетекшілігімен Жарқайың ауданының облыстық маңызы бар киелі нысандар тізіміне енгізілген "Қызыл там" киелі жеріне тоқтады.

Экспедицияның басты мақсаты: Қазақстанның Батыс өңірінің ерлік, тарихи, рухани, мәдени өмірі мен салт-дәстүрін зерделеу, өңірдің ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы, киелі орындармен танысу, ежелгі қала орындарын зерттеу, қалалардың сәулеті және мәдениетімен танысу, қазақтың азаттығы үшін болған шайқас орындарына бару, тарихи-өлкетану музейлерінің жұмысымен танысу болып табылады.

Сапардың бағыты:

 Көкшетау – Атбасар – Жаңа Қима – Жарқайың

– Арқалық – Амангелді – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Тұрыш – Бейнеу

– Сайөтес – Бекет Ата – Сейсем Ата – Манаты – Шопан Ата – Жаңаөзен

– Жетібай – Қараман Ата – Ақтау – Форт – Шевченко – Шерқала – Сұлтан Үпі – Шақпақ Ата – Шетпе – Манаты – Бейнеу – Құлсары – Доссор

–Жантерек – Доссор – Атырау – Сарытоғай – Аққала – Тайсақ – Жанқала (Жәнібек кесенесі) – Сайхын – Бисен – Жәнібек – Қамысты – Жәнібек

– Казталовка – Жалпақтал – Чапаево – Орал – Тақсай кешені – Орал

– Жымпиты – Исатай батыр кесенесі – Қобыланды батыр кесенесі – Абақ

–Байтан қорымы – Ақтөбе – Орынбор – Бестамақ – Ақтөбе – Хромтау

– Қарабұтақ – Талдысай – Толыбай ауылы (Хан моласы) – Жуалы

– Орджоникидзе – Октябрьское – Рудный – Қостанай – Сатай – Жаңасу

– Сарыкөл – Западное – Новошимка – Саумалкөл – Көкшетау.

Эскпедицияның жалпы ұзындығы шамамен 8500 шақырым болады.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жарқайың ауданының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуі Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне кіреді.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

- көрсетілетін қызметті алушыларға қандай да бір кемсітушіліксіз тең қол жеткізу; 

- шығу тегі , әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік себептері бойынша;

- жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, тұрғылықты жері бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша;

- жол бермеу төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер;

- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы тұтастық пен ашықтық;

- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және қадағалау мақсатында аудандық білім бөліміне көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасы бойынша есеп ұсынылады. Сондай-ақ, "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Львов ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен көрсету тәртібі көрсетілген стенд рәсімделген.

Ақпарат үнемі жаңартылып отырады. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылды, онда әрбір көрсетілетін қызметті алушы "Ақмола облысы Білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Львов ауылының негізгі орта мектебі" КММ-не өтініш бере алады 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта, жалпы білім беретін, жалпы орта білім беру»;
  2. «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш ұйымдарға бара алмайтын балаларға үйде оқытып негізгі орта, жалпы орта білім беруге арналған жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  3. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
  4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың төлнұсқаларын беру";
  5. «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды және балаларды қабылдау».

Барлық мемлекеттік қызметтер "электрондық үкімет" порталы және қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі. Қызметтер көрсету бойынша мерзімдерді бұзу және қызмет көрсетуге шағымдар тіркелмеген.

Қосымша ақпаратты мына мекен-жай бойынша алуға болады: 

Жарқайың ауданы, Львов селосы, Мир көшесі-2, байланыс телефоны: 8716-48-95-2-29.

"Ақмола облысының білім басқармасы Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің

Львов ауылының негізгі орта мектебі" КММ директоры, Ж. Хамзин.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада ағымдағы жылдың 9-11 маусым аралығында спорттың 7 түрі (Тоғызқұмалақ, қазақша күрес, үстел теннисі, мини-футбол, волейбол, бильярд және жүзу) бойынша өтті.

Аталмыш жарыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілді. Ақмола облысымыздың 26 команда құрамында 300-ден астам спортшылар қатысты. Біздің жерлестеріміз жалпыкомандада тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан 1 орын, бильярдттан 3 орынды иеленді. Спартакиада қорытындысы бойынша барлық спорт түрлерінен Жарқайың ауданы 10 орынды иеленді.

Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Понедельник, 20 июня 2022 05:51

Мемлекеттік қызметші - ел айнасы

«Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді»- дейді Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов.

Осылайша, Мемлекеттік қызметші күні кәсіптік мерекесіне орай бұл мақалада Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Пионерұлы Шонов туралы айтып өткіміз келеді.

Бағдат Пионерұлы 1963 жылдың 26 қаңтарында Ақмола облысы Жарқайың ауданының Баранкөл ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітіірген. Бағдат Пионерұлы өзнің еңбек жолын 1980 жылы Торғай облысы Жаңадала ауданының Ленин-Комсомол совхозында жұмысшы ретінде бастаған болатын, қазіргі уақытта жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам.

Жарқайың ауданының Державин қаласында 2000 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызметші ретінде ант беріп, Жарқайың ауыл шаруашылығы  Департаментінің өсімдік маркетингі және жер қатынастарын реттеу жөніндегі бас маманы лауазымында жұмысын бастаған. 2000 жылдан бастап бір қатар бөлімдерде жұмыс атқарып, мемлекеттік қызметші ретінде 22 жылдай еңбек өтілі бар. Қазіргі таңда Бағдат Пионерұлы Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары лауазымында өз жұмысын атқаруда.

Бағдат Пионерұлы жұмыстан бос уақытында, далада немерелерімен серуендеуді ұнатады, демалыс күндері кітап оқып, сонымен қатар шахмат ойынын жақтырады.

Аудан әкімінің орынбасары Бағдат Шонов, мемлекеттік қызметтке жаңа келген жастарға тілейтіні, өзіңе сенімділік, өзіңнің кәсібилігін арттыру мақсатында өз-өзіңмен талмай жұмыс істеу және әрқашан мемлекеттік мүдделерді ойлау керек екендігін айтып кетті.        

"Жарқайың тынысы" газетінің редакторы, Б.Айтпаева.

Понедельник, 20 июня 2022 05:50

Құрметті полиция қызметкерлері!

Қадірлі полиция қызметкерлері, сала ардагерлері!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше.Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды. Сіздер ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ел іргесінің сөгілмей, бүтіндігіміздің сақталуына барынша тынымсыз еңбек етіп келесіздер. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз, қосқан үлестеріңіз зор. Тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытып, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарағандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атақты абыройды арқалап, мемлекет пен халыққа аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!

Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін! Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де табысты болсын! Сіздерге зор денсаулық, қызметтеріңізге абырой, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А. Әлжанов.

Понедельник, 20 июня 2022 05:48

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Жарқайың ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Понедельник, 20 июня 2022 05:44

Ардақты ақ халатты абзал жандар!

Сіздерді  кәсіби  мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық демекші, әр адам өмір жолында  ақ халатты абзал жандармен кездесіп, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан құтқаратын  дәрігер мамандығын ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Сіздер,  әр науқастың жанына желеу болып, тек қана ауруға қарсы болмай,  адам бойына өмірлік күш-қуат бересіздер. Күн демей, түн демей адам жанынан табылып, әрқашанда халықтың көңілінен шығасыздар. Қай уақытта болмасын медицина қызметкерлерінің жұмысы қиын да күрделі болғаны баршаға аян. Дәрігерлік өнер әрқашанда емдеудің айқындаушы элементі болған және солай болады да.

Жарқайың ауданы тұрғындарының денсаулығын қорғаудағы қажырлы да игілікті істеріңіз үшін шын жүректен жылы лебізімізді қабыл алыңыздар.

Осындай, ерен еңбектеріңізге, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз.Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін! Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлжанов.

Страница 102 из 151

Ресми бөлім

09.07.2024, 05:57 Халықтың кредиттелуін төмендету мақсатында ауданда қаржылық сауаттылығын арттыру Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде және «Целинное знамя» газетінде халықтың кредиттелуін…
22.12.2023, 09:09 Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта құру Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік…
17.11.2023, 04:39 Сотты құрметтемеу. Бұл нені білдіреді және ол қандай жазаны білдіред? Әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, қылмыстық істер туралы істерді сот талқылауыбарысында…
17.11.2023, 04:14 «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Көрсетілетін қызметті беруші: «Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар…
23.10.2023, 11:40 Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етпеу бойынша жауапкершілік Қазіргі қоғамда «мүгедектік» мағынасы адам үшін қоғаммен «әлеуметтік иеліктен шығарылған»…
13.02.2023, 04:08 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды.…