Көкшетау қаласында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының мамандары арасында облыстық Спартакиадасы өтті
Понедельник, 20 июня 2022 06:33
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы Спартакиада ағымдағы жылдың 9-11 маусым аралығында спорттың 7 түрі (Тоғызқұмалақ, қазақша күрес, үстел теннисі, мини-футбол, волейбол, бильярд және жүзу) бойынша өтті.
Аталмыш жарыстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткізілді. Ақмола облысымыздың 26 команда құрамында 300-ден астам спортшылар қатысты. Біздің жерлестеріміз жалпыкомандада тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан 1 орын, бильярдттан 3 орынды иеленді. Спартакиада қорытындысы бойынша барлық спорт түрлерінен Жарқайың ауданы 10 орынды иеленді.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.