
zharkain
Өз үйіңді өрттен қорға!
Жыл сайын мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерімен тұрғын үйде нақты жұмыстар өткізіледі. Бұл: тұрғын үйлерге жадынамаларды ұсынуымен аулалық қарау жүргізу, бұқаралық ақпараттық құралдарында мақалалар жариялау, полиция қызметкерлерімен бірігіп әлеуметтік тәуекел тобының тұрғылықты жерлерде рейдтер өткізу.
Бірақ, бұрынғыдай өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады. Оған себеп, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына байланысты. Қазіргі уақытта жылу жүйесі мен электр жабдықтауларына жөңдеу төменгі деңгейде өткізіледі, сондықтан олар істен шыққан жағдайда адамдар өмір тіршілігі жағдайын қамтамасыз етудің өзге де әдістерін пайдаланады. Кей кезде өмір тіршілігінің қарапайым тұрмыстық жағдайларының болмауы пеш жылытуын, жылыту құралдарын пайдалану ережесін бұзуымен, өртті абайсыз қолдануымен байланысты өрт саны өсуінің (әсіресе қыста) алдыңғы жағдайы болып табылады. Көптеген адамдар жертөлелерде, шағын бөлмелерде, қоймаларда, гараждарда бояуы бар ескі банкаларды, тіпті бензині бар канистрларды сақтайды, ал автокөлік иелерінде аккумулятор батареялары мен автокөліктің дөңгелек қаптары міндетті атрибут болатыны айдан анық. Сондықтан, егер бұл бөлмеге немесе ғимаратқа сөнбеген шылым түссе, ащы түтін мен уландырғыш затты көп шығаратын тұтану, жану, өрт болуы мүмкін. Осындай жағдайда, тұрғын үйлерде өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оның ойдағыдай шешімі, өртке қарсы қызмет органдарымен қабылданатын шаралардан басқа, тұтастай облыс тұрғындарына қатысты.
Тұрғын үйлерде өртті болдырмас үшін және жақын адамдардың өмірін, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтап қалу үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажет, атап айтқанда: жылыту пешін жөнделген күйінде қолдану керек. Пешті салуға немесе жөндеуге білікті шеберлерді шақыру керек. Электр сымдарының дұрыстығын тұрақты бақылап, жарамсыз болып қалған электр сымдарының учаскелерін уақытылы ауыстырып отыру қажет. Зауыттан шығарылған сақтандырғыштарын ғана пайдалану керек, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қатып қалған су құбырының, канализацияның және жылыту жүйесінің мұржаларын ашық отпен жылытуға болмайды, мұны ыстық судың немесе құмның көмегімен ғана жасауға болады. Шатыр мен жертөле ғимаратын жанатын материалдармен немесе қоқыспен толтыруға болмайды. Өз аула территориясын тұрақты таза күйінде ұстау қажет.
Жарқайың ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
Құрметті партия мүшелері!
Конституциялық реформа жөніндегі жалпыреспубликалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсенді қатысқаны үшін ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Аманат партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың, Аманат партиясының атқарушы хатшысы Асхат Раздықұлы Ораловтың алғыс сөздерін жеткізу миссиясымен сіздерге бүгін хабарласудамын.
Ағымдағы жылғы 5 маусымда жалпы республикалық референдумды өткізуге дайындық барысында "AMANAT" Партиясының Жарқайың аумақтық филиалы жанынан құрамында 21 белсенді партия мүшесі бар Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулерді түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін аудандық партия штабы құрылды. Штаб мүшелері қолданыстағы Конституцияның 33-бабына 56 түзету енгізу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық ақпараттық жұмыстар ақпараттық жұмыстың желілік кестесіне сәйкес жүргізілді. Ағымдағы жылың 6 мамыр мен 3 маусым аралығындағы кезеңге әр түрлі страталар бойынша 5349 адамды қамтитын 235 іс-шара өткізілді: олар жастар, мүгедектер, аграрийлер, білім беру, денсаулық сақтау, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аға буын өкілдері, спортшылар, кәсіподақ, мәдениет, ауыл тұрғындары және басқалар сенім мен қолдау көрсетіп, екінші республиканың іргетасын қалады.
Ел Президентінің алғыс хаттарымен Жарқайың АMANAT ПАФ атқарушы хатшысы Гүлжан Баегізова, депутаттық фракцияның жетекшісі Владимир Камышанский, өңірлік партия штабының мүшесі Азамат Қабжанов марапатталды.
АMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың алғыс хаттарымен Лилия Загоруйко, Роза Сәдуақасова, Александр Демьянов, Райымбек Мұқанов, Жанар Рамазанова марапатталды.
АMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Валентина Соболевская, Ерік Хамзин, Салтанат Кумарова алғыс хаттармен марапатталды.
Жарқайың АMANAT ПАФ атқарушы хатшысы, Гүлжан Баегізова.
ДӘЛ ҚАЗІР РЕВАКЦИНАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ
Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуына қарамастан зерттеушілер ревакциналаудан өтудің қажеттілігі туралы айтады, өйткені адам ағзасын вирустан сақтандыру үшін сенімді қорғаныс қажет. Алдағы уақытта аурудың өсуі популяциядағы омикрон штамының BA.4/ВА.5 субварианттарымен таралуымен байланысты болуы мүмкін, олар алдыңғы түрлеріне қарағанда иммунитетті айналып өту қасиетіне ие. Сонымен қатар аурудың өзінен басқа, коронавирустың жаңа нұсқалары постковидті синдромның дамуына әкелуі мүмкін, бұл жылдар бойы жағымсыз белгілердің жалғасуын, тіпті мүгедек болып қалу қаупін төндіреді. Ревакцинация елімізде ауруханаға жатқызуға қарсы тиімді және аурудың ауыр, асқынған жағдайларына қарсы 98,6% тиімді. Сонымен қатар бұл постковидті синдромнан қорғауға мүмкіндік береді. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына сәйкес соңғы алынған екпеден немесе ауырғаннан кейін жарты жыл аралығымен қайта вакцинациялауға болады.Зерттеулер көрсеткендей, бірнеше рет жасалған вакцинациядан кейін антидене титрлері күшейе түседі, яғни COVID-19-дан қорғаныс жоғары болады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитенінің ресми өкілі, Ержан Байтанаев.
«Сыбайлас жемқорлықпен күресу - әрбір азаматтың міндеті»
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде бүгінде саяси дамуға қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да бар, тек ауқымы бойынша ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру, инвестиция тарту процесін тежейді. Ол демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің болашақ дамуына үлкен қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген.
Қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы Әділет департаментінде тұрақты негізде «Әдеп жөніндегі уәкіл» жұмыс істейді. «Әдеп жөніндегі уәкілдің» негізгі қызметі жаңадан қабылданған қызметкерлермен әңгімелесу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, қызметкерлер арасында құқықтық және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру рухында тәрбиелеу.
Жаңа қызметкерлердің алған білімдері олардың өмірінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерімен байланыста болмауға көмектеседі деп сенгім келеді.
Өйткені, болашақ жас ұрпақтың еншісінде!
Ақмола обысы әділет департаментінің Есіл ауданаралық әділет басқармасы.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
28 маусым күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, шабыт, тұрақты шығармашылық ізденіс, жаңа идеялар мен жобалардың табысты іске асуын тіледі. Іс-шара барысында ақпараттық саясатты табысты іске асыруға, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, ауданның беделін арттыруға елеулі үлес қосқаны үшін аудан әкімі бірқатар алғыс хаттарды табыс етті. Салтанатты шара шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мен Қазақстан Республикасының Полиция күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шара жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімінен басталды. Іс-шара барысында қатысушыларды Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитов құттықтап, зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Қызметке сіңірген ерекше еңбегі үшін Жанболат Хамитов мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлеріне бірқатар алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты шара мерекелік концертпен, мемлекеттік қызметкерлердің, полиция қызметкерлері мен аудандық мәдениет үйі әртістерінің өнерлерімен аяқталды.
Жарқайың ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Cыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
2022 жылдың 28 маусымда Жарқайың ауданының "Ауылшаруашылығы, жер қатынастары мен кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы Т.Шпанов сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке кәсіпкерлер арасында " Мемлекет пен бизнес арасындағы сенім қатынас" атты әңгіме жүргізілді. Әңгіме соңында сауалнама алынып, талдау жасалынды.
Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы,
жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің баспасөз қызметі.
Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары, мұсылман қауым!
Сіздерді мұсылман әлеміндегі ең қасиетті мейрамның бірі Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман маңызды мерекелерінің бірі. Ұлық мейрам – Құрбан айтта әрбір адам игі істер жасайды, жетімдерге, жалғызбасты қарияларға, аз қамтылған отбасыларға көмектеседі, адамдардың татулықта, бейбітшілік пен достықта болуына үндейді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдегі жетекші мұмылман елдерімен достық қатынас орнатып, ислам әлемінде маңызды рольге ие болды.
Ауданымыздың мұсылман қауымы азаматтық қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан қалыптасуына, конфессияаралық диалог пен мемлекеттік ұйымдарының конструктивті қарым-қатынастың дамуына, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге елеулі үлес қосып отыр. Осының бәрі татулық пен өзара келісімді нығайтуға қызмет етіп, біздің көпұлтты Отанымыздың көркеюіне септігін тигізеді.
Құдайдың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-тумаға айттық беретін Құрбан айт мейрамы Сіздердің отбасыларыңызға да ырысы мен берекесін ала келсін деп тілеймін.
Құрметті жарқайыңдақтар! Еліміздің береке-бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.
Құрметті жарқайыңдықтар! Сіздерді Елордамыздың мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді Елордамыздың мерекесі – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы күн - тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Астана тәуелсіздігіміздің символы және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы.
Республикамыздың бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың батыл ойлары мен қажырлы еңбегінің арқасында Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің ең үздік қалаларының қатарында болып, экономикасы қуатты, өркендеген қалаға айналды. Мемлекетіміздің нақты төрінде әлемдік көшбасшылардың кездесулері, саяси, экономикалық мәселелер бойынша іс-шаралар өткізіліп келеді.
Бұл қала көптеген саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өткен еуразиялық кеңістіктегі орталық болып табылады. Жас болса да, бас болған ару қаламыздың көркейіп, гүлденуінде әрбір қазақстандықтың қосқан үлесі бар. Нұр-Сұлтан дегенде кеудемізді мақтаныш сезімі кернеп, бойымызды тәтті сезім билейді.
Тәуелсіздік жылдары қысқа мерзімде осындай жетістіктерге жетіп, біздің еліміздің өмірінің барлық салаларында әсерлі табыстарға қол жеткізген қаламыздың мерекесі құтты болсын. Баршаңызға денсаулық, табыс пен өмірдегі бақыт, бейбітшілік, ал Қазақстан мен оның сұлу-Нұр-Сұлтан қаласына тек қана өркендеуді тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.
Құрметті жарқайындықтар!
Баршаңызды ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын.
Домбыраны халықтың ең басты рәміздерінің бірі деп атауға болады, оның арқасында бүкіл әлем біздің өзіндік мәдениетіміз бен бай музыкалық мұрамыз туралы біледі.
Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз.
Әрбір қазақ үшін домбыра дыбыстары ананың дауысына ұқсас біздің барлық сезімдерімізді жеткізе алады. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы домбырада ойнау шеберліктерін шыңдап, терме, толғау, күйлер тартты.
Домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі деп айтуға болады.
Құрметті Жарқайың ауданының тұрғындары! Күйлердің ішегі мен әуендері арқылы ұрпақтан ұрпаққа біздің мәдени құндылықтарымыз, дәстүрлеріміз, батырлық ертегілеріміз беріліп кележатқан ұлы мұрамыз күні құтты болсын!
Осындай жарқын мереке күні барлығыңызға мықты денсаулық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен береке-бірлік тілеймін!
Жарқайың аудандық мәслихаттың хатшысы, А. Әлжанов.